К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет57/60
Дата27.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#129376
түріРешение
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
УМКД

Бүлік шығару – қоғамда қабылданған мақсаттан да, құралдан да бас тартып, оны жаңа мақсат пен құралдарға алмастыру. Бұл көтеріліс, әлеуметтік қалыптар мен құндылықтарды қайта құру.
Әлеуметтік педагогикада және әлеуметтануда «іс-қимылдың ауытқуы» деген термин бар. Бұл термин қоғамда қабылданған қалыптар мен рөлдерге адам іс-қимылының сәйкессіздігін, ауытқуын түсіндіреді.
«Іс-қимылдың ауытқуы» терминін көбінесе «девиантты» (лат.deviatio - ауытқу ) немесе ( лат. delinquens – тәртіп бұзушы) терминдерімен алмастырады. Адамның девиантты іс-қимылы дегеніміз қоғамда қабылданған ережелерден ауытқиқын іс-қимылдар жүйесі немесе жеке іс-қимыл мен әрекет. Девиантты іс-қимыл - жиірек адамның қоғамдық қалыптар мен адамгершілікке жағымсыз (теріс) іс-қимылы және әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамның іс-қимылы.
1950 жылы американ әлеуметтанушысы А.Коэн делинквенттік субмәдениет теориясын ұсынды. Бұл теорияда делинквенттік іс-қимылды адамдар типінің субмәдениетін негіздеп, олардың табыстылық бағытын анықтап, оған «үлкен қоғамнан» өзгеше, мүлде басқа жолмен (басқа құралдармен) жетуді ұсынды. Бұл тип өкілдері үшін өзін құрметтейтін және өзгелер құрметтейтін ұсақ ұрлық жасау, өктемдік көрсету, вандализм (қирату) мәнді. Күш көрсету субмәдениетіне өктемдік іс-қимыл және ұрлық жасау, т.с.с. жатады. Ол мафия, қылмыстық топ, бұзақылар арасында орын алады, осы топқа жататындардың өмір сүру салтын сипаттайды.
Адамның девиантты іс-қимылын қалыптастыратын түрлі теориялар бар. Олардың бірі: биологиялық – адамның сыртқы келбетінің тәртіп бұзушылыққа бейімділігі (Ломбразо, Шелдон); психологиялық – адам психикасының негізінде жасалатын шиеленісуге, құқықбұзушылыққа бейімділік (Фрейд); әлеуметтік - адамның девиантты іс-қимылы теріс әлеуметтік тәжірибені игеру нәтижесінде, тәрбие мен орта қайшылығынан пайда болады және т.б. (Дюркгейм, Мертон Миллер және т.б.).
Түрлі теорияларды талдау барысында биологиялық және психологиялық теориялар тұлғаның ерекшелігін және оның девиантты дамуы мен тәрбиесіне ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді. Олардың бойында дүниеге келгеннен бергі уақытта зорлық, өктемдік бастама орын алады және құқық бұзуға бейім болады. Бірақта адамның құқық бұзуға бейімділігі тек жағымсыз өмірлік жағдайларда және тәрбиеде жүзеге асады, сөйтіп тұлға дамуының негізін анықтап, келешекте теріс (девиантта немесе деликвентті) іс-қимылға ұшыратады.
Адам іс-қимылының ауытқу негізінде биопсихологиялық сипаттар жатыр, әлеуметтік үдеріс пен оның нәтижесі, жағымсыз әлеуметтік іс-қимыл тәжірибесі, тұлғаның теріс бағыты (қызығушылықтары, қажеттері, мотивтері, мақсаттары мен мұраттары), теріс әдеттері және соған лайық (жағымсыз бағыттар мен теріс әдеттер), жағымды сезімі (іштей қанағаттануы), әлеуметтікке қайшы, әдепсіз іс-қимыл, әрекеттер мен істер орын алады.
Адам біртіндеп девиантты болады. Девиантты іс-қимылдың негізгі кезеңдері:

  • әлеуметтік қалыптар мен тұлға арасындағы қайшылықтардың пайда болуы;

  • баланың әлеуметтік талаптарды қабылдамауы, оны жоққа шығаруы;

  • баланың заңға қайшы әрекеттері ( бұзақылық, ұрлық т.с.с);

  • заңға қарсы әрекеттердің жасалуы;

  • асоциалды әрекет тәжірибесінің жинақталуы ( күш көрсету, бұзақылық, өтірік алдау, ұрлық жасау);

  • асоциалды іс-қимыл тобына енуі;

  • заңдарды бұзуы;

  • қылмыс жасау.

Әлеуметтік жағымсыз іс-қимылдылармен мәселені шешу үшін, оны тудыратын және қалыптастыратын негізгі факторларды анықтау қажет. Ондай факторлар тобын және оның құрамын (қараңыз: 1-ші сызба):
А. Психологиялық және физиологиялық дамудағы ауытқу: туғаннан зияттық дамуының төмен деңгейі, немесе бас сүйек-ми жарақатының нәтижесі; эмоциялық ауытқулар және (немесе) белсенді-ерік айналымының ауытқуы, жоғары қозу тудырып, аффектілік іс-қимыл, әрекет және іс-қимылының импульсифтігі, айналасындағыларды жәбірлеуден ләззәт алу, үстемдік көрсету, қаңғыбастық және т.с.с. себепші болады; жеке тұлғаның қалыптасу барысында өз құрбы-құрдастарымен өзара күделі қарым-қатынасқа барады.
Б. Баланың дамуындағы түрлі ауытқулар тәрбиеде ескерілуі тиіс. Оның танымдық, сезімдік және еріктік айналымындағы мүмкіндіктерін қоздыратын немесе тежейтін және олардың мүмкіндіктерін толықтыратын, кемшіліктерін жеңетін бағытты ұстану т.с.с.
В. Тәрбиелік ықпалдың жас ерекшеліктеіне сәйкес келмеуі. Мысалы, тәрбиедегі күрделі кезең жеткіншектік, (11-13, 14-16 жас) - өзгермелі кезең. Әлеуметтік тұрғыдан жеткіншектік кезең – бұл алғашқы әлеуметтенуді жалғастыру. Жеткіншектер – яғни оқушылар – ата-аналарының (мелмекеттің) қарамағында, олардың негізгі қызметі оқу Бұл балалық шақтың соңы және онан «өсіп» шығу.
Бозбалалық шақ (17-23 жас) тура мағынада «үшінші әлем» аталады, балалық пен ересектіктің арасындағы кезең. Қыздардың көпшілігі және ер балалардың көп бөлігі толық жыныстық жетілу кезеңінде болады, бірақта осы кезеңге көптеген «түзетулер» және толық жетіле қоймау себепті диспрропорция тән болады.

Жеке бас тәрбиесінің сәйкеспеуі

Тәрбиеде жіберілген
қателер

Тәрбиенің жасына сәйкес келмеуі


Баланың жеке бастық жағымсыз ұстанымы


Бала


Психологиялық және физиологиялық дамуындағы ауытқу
(туа біткен және кейін пайда болған)


Ортаның жағымсыз факторы

1-ші сызба. Адамның девиантты іс-қылығына әсер ететін факторлар тобы


Жасөспірім кезеңінде ескерілмеген факторлар, оның іс-қимылының
ауытқуларына соқтырады, оған жататындар:
а) құбылыстың тығырыққа тірелуі жасөспірім кезеңіндегі психофизиологиялық дамуды сипаттайды: жыныстық жетілу кезеңінде ағзасы жылдам немесе баяау дамиды; жүрек-қан тамыр жүйесі жақсы дамымағандықтан, оның физикалық және психологиялық сезіміне әсер етеді; эндокриндік жүйенің «горманальді буырқаныстары» жыныстық даму кезінде қозуды жоғарылатып, көңіл-күйінің тұрақсыздығын көрсетеді;
б) ересектер, ата-аналармен, мұғалімдерімен қарым-қатынасының ересектер мен кішілердің моральдік тұрғыдан «шиеленісуі», өзіне қойылған талаптарды қабылдамауы;
в) «тәуелділік моральді» «теңдік моральіне» алмастыруға ұмтылыстары;
г) ересектердің іс-қимылдарын, жүріс-тұрыстарын сын тұрғысынан бағалауға жақын тұруы;
д) өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастағы мінез-құлқының өзгеруі, қарым-қатынас орнатуда өзінің үстемдігін бекіту талпынысының, кейде жағымсыз формаға айналуы және т.б.
Г. Тұлғаны қалыптастырудағы ортаның жағымсыз факторы.
Тұлғаны қалыптастырудағы отбасының жағымсыз факторлары:
а) отбасындағы жағымсыз ахуал: маскүнемдік, ұрыс-керіс, төбелес, бір-біріне дөрекілік көрсету, өтірік айту, т.с.с., еліктеуге жағымсыз үлгі көрсетіп, соған сәйкес дүниетаным қалыптастырады;
б) отбасы құрамының мәселесі: толық емес отбасы, бір балалы отбасы, көп балалы отбасы, арақашықтағы отбасы және т.б., балаға қажетті педагогикалық ықпал жасай алмайды, тұлғаның қалыптасуына тек бір ата-ананың ықпалының жүруі немесе тәрбиеде балаға өбектеу, көп нәрсеге көз жұму.
Осындай отбасындағы жағымсыз факторлардың бала тәрбиесіне ықпалы төмен болғандықтан, бала отбасына, ата-анасына теріс қатынас орнатып, үйде болмауға, уақытының көпшілігін үйден тыс орындарда өткізуге бой алдырады. Осындай себептерден «көше балалары», қараусыз қалғандар, панасыздар категориялары пайда болады. Осының бәрінің себептері үйде балаға көрсетілетін дөрекілік пен ұрыс салдарынан болады; баланың қызығушылықтары мен қажеттеріне көңіл бөлмеу, ата-анадан ешнәрсе талап етпеуді ұстану, олардан көмек күтпеу және қарым-қатынас жасауға құлықсыздық білдіру; ата-аналардың өз мәселелерінен артылмауы, баланы ұзақ мерзімге өзбетінше жіберуі; бала тәрбиесін атасы мен әжесіне жүктеу, оларға қажетті қолдау көрсетпеу (жасы келген адамдар немерелеріне қажетті педагогикалық ықпал жасай алмауынан, олар қараусыз қалады); тәрбиенің жетіспеушілігі, баланың жағымды ынта-ықыластарының, қызығушылықтарының болмауы және т.с.с.
Баланың даму үдерісіне орта факторларының әсері (көше, қала, «топтар» т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет