К. Ж. Қожахметова


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары. Педагогиканың зерттеу әдістері



бет12/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары. Педагогиканың зерттеу әдістері


Объективті педагогикалық шындықты тану, түсіндіру үшін педагогикалық зерттеулер жүргізіледі. Педагогикалық зерттеу – ол оқытудың тәрбиелеу мен мамандандыру заңдылығы туралы және олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принци- пі және технологиялары туралы жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекет процесі мен нәтижесі. Педагогикалық зерттеудің


теориялық және тәжірибелік эксперименталдық сипаты болуы мүмкін. Бағыты бойынша педагогикалық зерттеулер іргелік, қол- данбалы, жоспарлы болып бөлінеді.


Іргелі зерттеулердің нәтижесі болып педагогикалық теория- лық және тәжірибелік жетістіктеріне қорытынды келтіретін не- месе болжамдық негізде педагогикалық жүйелердің даму үлгіле- рін ұсынатын қорытынды тұжырымдамалар болып табылады.
Қолданбалы зерттеу – бұл педагогикалық процестің жеке жақ- тарын терең зерттеуге, көп қырлы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар.
Жоспарлы білім теориялық жағдайларды ескеретін нақты ғы- лыми-практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған.
Педагогикалық зерттеуді жүргізгенде келесідей принциптер басшылыққа алынуы тиіс:

  • педагогикалық құбылыс ішкі объективті заңдардың қарама- қайшылықтары, себеп-салдар байланыстарына тәуелді және ол іс-әрекет пен тіршілік ету барысында дамиды;

  • педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде тұтас амалды қамтамасыз етеді;

  • құбылысты оның дамуында зерттейді;

  • құбылысты басқа құбылыстармен байланыста зерттейді;

  • зерттеу амалын таңдауда кез келген ғылыми мәселелерді шешу үшін өзара толықтыратын амалдардың біреуі емес барлы- ғының жиынтығын пайдаланудан шығу тиіс;

  • зерттеу амалы зерттелетін заттың мәніне сай болу керек;

  • даму процесін қозғаушы күш және дамудың қайнар көзі бо- латын оған тән ішкі қайшылықтармен қорытындылаған өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қаралады;

  • сыналатын білімдік-тәжірибелік процеске зиян келтіретін эксперименттерді жүргізуге жол берілмейді.

Педагогикалық зерттеудің амалдары – заңды байланыстарды, қатынастарды, тәуелділікті бекіту және ғылыми теория құру мақ- сатымен ғылыми ақпарат құрастыру тәсілі. Педагогикалық зерт- теуді жүргізуде жалпы теориялық әдістер қолданылады: талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, қорыту, нақтылау, үлгілеу; әлеуметтік амалдар: сауалнама жүргізу, сұх- бат алу, рейтинг; әлеуметтік психологиялық амалдар: социомет- рия, тестілеу, тренинг; математикалық амалдар: межелеу, корре- ляция, т.б. (өзара байланыс, арақатынас).

Педагогикалық зерттеудің амалдары теориялық және эмпири- калық- тәжірибелік болып екіге бөлінеді.


Зерттеудің теориялық әдістері ғылыми фактілерді нақтылауға, кеңейтуге, жүйелеуге, құбылысты алдын ала болжауға және тү- сіндіруге, алынған нәтижелердің сенімділігін арттыруға, абстрак- тілі білімнен нақтыға өтуге, әртүрлі түсініктер мен болжамдар- дың арасында арақатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Кейбір теориялық амалдарды сипаттайтын болсақ:
Талдау – зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбы- лысының жеке белгілері мен сапасын бөліп беру.
Синтез – құбылыстың белгілері мен қасиеттерін ойша мағы- налы бүтінге қосу.
Салыстыру – қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсас- тықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбы- лыстарда өлшенетін белгілерді жіктеу керек. Салыстыру құбы- лыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан, салыстыру барысында синтезде пайдаланады.
Абстракциялау – заттың қандай да бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бөлу.
Нақтылау – алдын ала жіктелген абстракциялар негізінде зат- ты қайта ойша құру.
Қорытындылау – процестер мен құбылыстарда ортақ белгі- лерді айыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет