Педагогикалық зерттеудің бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – зерттеу мәселесімен танысу. Яғни, зерттеудің өзектілігін дәлелдеу, өңдеудің деңгейін; зерттеу тақырыбының объектісі мен пәнін анықтау, зерттеу мақсаты мен міндеттерін ай- қындаумен сипатталады.
Педагогикалық зерттеу мәселесін анықтау зерттелетін мәсе- ленің зерттелген мәселе арасындағы қарама-қайшылықты ай- қындаудан туындайды. Педагогикалық зерттеудің мәселесі оқыту мен тәрбиелеуде адамның қажеттіліктеріндегі қарама-қайшылық- ты көрсетеді және зерттеу тақырыбында шешімін табуы керек. Тақырып– бұл зерттеу мәселесінің қысқа түрде құрастырылуы.
Тақырып таңдауда оның өзектілігі мен ғылым және тәжірибе талаптарының сәйкес келуін ескеру қажет. Зерттеу қазіргі таңда- ғы өзекті сұрақтарға жауап береді, тәжірибедегі қарама-қайшы- лықты айқындайды.
Осыдан кейін зерттеудің мақсаты анықталады. Мақсат – бұл зерттеудің түпкі ойы, зерттеу соңында алынатын ғылыми нәти- же. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты әртүрлі болуы мүмкін: факторлар арасындағы тәуелділікті көрсетеді; құбылыстар ара- сындағы байланысты анықтайды; кемшіліктерді болдырмау үшін жағдай жасау; қалыптасқан жағдайдың мінездемесі; процестің даму мүмкіндігін ашады және т.б.
Мақсат зерттеу объектісін таңдайды. Зерттеу объектісі анықтал- ғаннан кейін «не қарастырылады?» деген сұраққа жауап беру қажет. Бұл педагогикалық процесс, қарама-қайшылықта болатын қандай да бір педагогикалық қарым-қатынас болуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, объект проблемалық ситуация туғызатын қарама-қайшы- лық болады. Объект – сана процесіне бағытталған нәрсе, зат.
Зерттеу пәні – зерттеу объектісінің нақты қарастыратын бір бөлігі. Тікелей зерттеуге қатысты практикалық және теориялық тұрғыдан алғандағы маңызды қасиет, объектінің ерекшелігі.
Зерттеу мақсаты, объектісі және пәннің сәйкес келуі зерттеу тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмалар зерттеу мақсатын нақ- тылайды. Олар зерттеу қандай бағытта жүру керектігін, мақсат- қа жету үшін не істеу керектігін үйретеді. Тапсырмаларды тұжы- рымдау үшін зерттеуші зерттеудің логикасын анықтайды.
Екінші кезең әдіснама таңдаумен сипатталады. Ол: алдыңғы тұжырымдар, теориялық білімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі, т.б.
Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулер әлеуметтік зерттеу жолдары арқылы іске асырылады:
жүйелілік – объектінің тұтастығын қалыптастыру, ішкі бай- ланыстар мен қатынастардың көрінуі;
кешендік – топ құбылыстарын жиынтық түрінде қарастыру;
тұтастық – объектінің тұтастығы;
жекелік – тұлғаға тұлға ретінде, дамудың өзара ықпалдас- тыққа тәрбиелеудің субъектісі ретінде қарым-қатынас жасау;
іс-әрекеттік психика мен іс-әрекет ішкі және сыртқы іс-әре- кет құрылымының бірлігін мойындайды;
тарихилық – нақты тарихи генезисті және зерттеу объектісі- нің дамуын зерттеу;
сапалылық – зерттеуші құбылыстың ерекшелігін, басқа құ- былыстардан айырмашылығын қалыптастыру;
сандық – құбылыс пен процестерді сандық көлемде бағалау мен талдау;
феномологиялық зерттеуші құбылыстың ішкі сипаттамасын бақылауды суреттейді;
маңыздылық зерттеуші тұрақты сипаттардың ішкі байланыс- тарын, құбылыстың қозғаушы күші мен механизмдерін айқын- дайды.
Үшінші кезең – зерттеу болжамының құрылымы. Зерттеу бол- жамы дегеніміз – болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет ететін, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық. Болжам арқылы ғылыми жұмыстың маңызды бөлі- гі жүзеге асырылады.
Болжамның қалыптасуы – зерттеу жұмысының шығармашы- лық кезеңі. Болжам ғылыми жұмыста өте қажет, себебі:
зерттеу іс-әрекетіне белгілі бір бағыт береді;
жұмыстың тиянақсыздығын ескертеді;
зерттеушінің ойын жұмысқа қандай материалдар қажет еке- нін бағыттайды және анықтайды.
Болжамды дұрыс жасау үшін зерттеуші мәселе аумағынан, ғылым тарихынан және мәселе әдіснамасынан жақсы хабардар болу керек.
Болжамдар екі категорияға а) индуктивті, ә) дедуктивті болып бөлінеді.
Индуктивті болжам жалпылама қорытынды жасауға негіз- делген әлеуметтік факторларды бақылаудан бастау алады. Бол- жам қисындылығын зерттеуші эксперимент көмегімен тексеру және дәлелдеу керек.
Дедуктивтіболжам– әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс қорытындысының негізі ретінде жасалатын қандай да бір ереже. Педагогикалық зерттеуде индуктивті болжам көп қол- данылады. Дедуктивтік болжам бақылау процесінде көп матери- алдар жиналғанда соңғы стадиясында білінеді.
Төртіншікезең– зерттеу әдісін таңдау.
Зерттеу әдістері, принциптері және пайдалануы туралы жоғары- да айтылған. Тек бір жайтты атап өту қажет, педагогикалық процес- те оның нәтижелері бір мезгілде көптеген факторларға әсер етеді.
Бесіншікезеңтәжіребені ұйымдастыру мен өткізу арқылы ерекшеленеді. Бұл зерттеудің маңызды кезеңі.
Эксперимент – нақты ескерілген жағдайда педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасуы. Қайта жасалған экспериментте педагоги- калық процестің жүйесіне және мазмұнына өзгеріс енгізіледі.
Алтыншы кезең зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безенді- румен сипатталады. Математикалық, статистикалық әдістердің көмегімен нәтижелерді салыстыру жаңадан енгізілгендердің нәтижелігін анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жағдай- ларда қолданылатын дәлелденген фактілер теория болып қа- лыптасады.
Зерттеу нәтижесі бағаланады. Жоғарыда айтып өткендей іргелі, қолданбалы зерттеулердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің дүниежүзілік мәсе- лелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен жара- тылыс құрылымының жалпы және ортақ заңдылықтары сипат- талады. Қолданбалы ғылым, іргелі ғылым жетістіктеріне сүйене
отырып, өмір-тіршіліктегі міндеттерді қарастырады. Ғылыми нә- тижелер іс жүзінде қолданылады.
Жетіншікезең,практикалық ұсыныстар жасалады. Осылайша, ғылыми зерттеу жұмысы өз нәтижесін көрсетеді. Бұл процесті іске асыру барысында зерттеушінің мәдениеті қалыптастырылады.