К. Ж. Қожахметова



бет14/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Тестілеу – мақсатқа бағытталған әр түрлі зерттелушілерге бір- дей педагогикалық процестің сипаттамасын өлшеуге болатын қа- таң түрдегі әдіс. Тест (ағылш. test – зерттеу, сынақ) – сынақтың өлшеу процедурасы. Әдетте, тест әртүрлі тапсырмалар мен сұ- рақтарға қатысты қысқа сынақтардан тұрады.
Тест өлшеу құралы болғандықтан, мазмұны жағынан түсінікті болуы керек. Сәйкестікпен алынған тапсырмалар жинағын тест деп айтуға болмайды.
Тестің сапасы тестілеу нәтижесінің тұрақтылығымен, тестің диагностикалық мақсатына сәйкес келуімен анықталады.
Педагогикалық эксперимент – педагогикалық процеске өзге- рістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нә- тижесін өлшеу саны.
Бақылау сияқты педагогикалық эксперимент маңызды зерттеу әдісі болып табылады. Егер бақылау әдісінде зерттеуші пассивті

түрде оны қызықтыратын процестің пайда болуын күтетін болса, эксперимент әдісінде ол процесті тудыру үшін барлық жағдайды өзі қарастырады.


Эксперимент: табиғи және лабораториялық болып екі түрге бөлінеді. Лабораториялық эксперимент жасанды, лаборатория- лық жағдайда өткізіледі.
Табиғи эксперимент зерттелінетін объектіге байланысты әдет- тегідей табиғи жағдайларда жүргізіледі. Байқау табиғи жағдайда зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.
Зерттеу тапсырмаларының нәтижесіне байланысты табиғи және лабораториялық эксперимент константтық және формалық болуы мүмкін. Константтық эксперимент нақты педагогикалық фактілерді бөліп көрсетеді.
Эксперимент қысқа немесе ұзақ уақытқа созылады. Педагогикалық эксперименттің талаптары:

    • бала денсаулығын тәуекел етпеу;

    • жағымсыз нәтижені біле тұра эксперимент жүргізе алмайды. Қазіргі кезеңде ғалымдар тәжірибе барысында зерттеудің эм- пирикалық мәліметтерін педагогикалық өлшемдер мен көрсет- кіштерге салып, математикалық-статистикалық әдістерді қолда- ну арқылы өңдеуді мақұлдайды. Дегенмен шынайы ақпаратты алудың көрсеткіші ретінде педагогикалық өлшемдердің жоғары сенімділігі мен валидтылығы алынады. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі тек өлшемнің нақтылығымен өлшенеді және қайта дә- лелдеу барысында нәтиженің диагностикасы айтарлықтай өзге-

шелікке ұшырамаған жағдайда нақтыланады.
В.В. Егоров пен Э.Г. Скибицкий математикалық-статистика- лық әдіс бақылау және эксперимент топтарында жүргізілген экс- периментке байланысты оқытудағы немесе тәрбиелеудегі өз- гешеліктерді сұрыптау, анықтау үшін қолданылады деп айқын- дайды (Организация и технология научного исследования. – Но- восибирск: ОАО «Новосибирское книжное издательство», 2006.

  • 426 с.). Авторлар өлшем ретінде Стьюдент, Фишер, Пирсонның Хи- квадрат өлшемдеріне сүйенеді.

Бұл мәселелер, В.П. Беспальконың (Слагаемые педагогические технологии. – М.: Педагогика, 1989), А.М. Новикованың (Науч- но-экспериментальная работа в образовательном учреждении.

  • М., 1998) және де А.Я. Савельевтің, Ю.И. Лобановтың еңбек- терінде қарастырылған. Сонымен қатар нәтижені статистикалық

өңдеумен тікелей В.И. Звонников, Н.Н. Найденова, С.В. Никифо- ров М.Б.Челышковалардың (Шкалирование и выравнивание ре- зультатов педагогических измерений. – М., 2003), Ю.М. Нейман, В.А. Хлебниковтардың еңбектері арналған. Ал психологиялық тұрғыдан көбіне контент-анализге сүйенеді.


Зерттеу материалдарын өңдеудегі негізгі идеялар көрінісі: тақы- рыптық картотекалар, зерттеу жұмысының библиографиясы, аттес- тациялар, пікірлер, баяндама, мінездеме, мақала, әдістемелік нұсқау, оқу құралы, монография, курстық жұмыс, диссертация. Жинақталған материалды өңдеу кезеңдері, оларды әдеби түрде реттеу, нақты мәлі- мет негізінде берілген құжаттарды кесте және сызба арқылы жасау. Ал жалпы бұл процестерді ғылыми тұрғыдан іздену деп айтамыз.
Ғылыми іздену бұл танымдық іс-әрекеттің нәтижесіне жету- ге бағытталады. Зерттеу процесінің танымдылық жұмыс ретінде көрсеткіштеріне:

    • шығармашылық педагогикалық объектілерді ойша дәлелдеу;

    • зерттеліп жатқан құбылыстардың негізгі мінездемесін қа- лыптастыру;

    • алға қойылған мәселелерді шешуге арналған жаңа алгоритм- ді өңдеп шығару;

    • іздену бағытын табудағы объективтік мәліметтердің жетіс- пеушілігін толықтыру жатады.

Демек, мұндағы нәтижені «өңдеу» дегеніміз – қол жеткізген табыстарды әртүрлі әдістерді қолдану арқылы сипаттау.
Зерттеу нәтижелерін, эксперимент нәтижелерін сипаттау зерт- теушінің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есебінде баяндалып өңделеді. Ғылыми есеп жасалған жұмыс туралы толықтай маз- мұндалуы тиіс. Оған қойылатын талап: нақтылық, баяндаудың жүйелілігі, қисындылығы, аргументтердің сенімділігі, сөйлем- дердің қысқа және анық баяндалуы, жұмыс нәтижесін нақты көр- сету, ұсыныстардың негізділігі.
Ғылыми нәтижелерді ендіру, өңдеу барлық білім беру мекеме- лерінде эксперимент жүргізу барысында іске асырылады. Талдау нәтижелері ендіру мен өңдеу барысында бірнеше кемшіліктердің болатынын аңғартады:

    • ендіру тақырыбының өзектілігінің жеткіліксіздігі, ғылыми деректер мен ендіру адресаттарын таңдаудағы шашыраңқылық;

    • педагогика ғылымының жетістіктерін кешенді тұрғыдан қолданудың жеткіліксіздігі;




    • оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты педагогикалық процестің құрылымы толықтай есепке алынбауы;

    • алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің насихатталуы мен жетілдірілуіне аз көңіл бөлінеді. Бұл мәселелер М.Н. Скаткин, М.А. Данилов, Ф.Ф. Королев, В.Е. Гмурман, П.Р. Атутов және т.б. ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан.

Кейінгі кезде психологиялық-педагогикалық тұрғыдан Н.В. Куз- мина, Х.И. Лийметс, Я.С. Турбовской және ұйымдастыру-басқа- рушылық тұрғыдан В.Е. Гмурман, Л.И. Гусев, М.И. Махмутов, т.б., әдіснамалық тұрғыдан В.В. Краевский, Г.В. Новикова, ғы- лыми-танымдық аспектіде В.И. Чепелева, О.А. Нильсон және т.б. қарастырған
М.Н. Скаткин, В.Е. Гмурман, Ю.К. Бабанский, П.И. Карта- шовтардың экспериментті өңдеуі алдымен «өңдеу» ұғымын тү- сіндіру; тәжірибені ендіру қағидаларының кешенділігі; ендіруге жағдай жасау; ендіру іс-әрекеттерінің тәсілдері; ендіру процесі; ондағы кемшіліктер; ендіру, өңдеу процесін басқару; ендіру ке- зеңдері, педагогикалық зерттеу нәтижелерінің типтерін ескеру барысында дұрыс жүзеге асады.
Педагогикалық зерттеу әдісіне зерттеу және педагогикалық тә- жірибені жалпылау жатады. Бұл әдіс практика жағдайының ана- лизіне бағытталады.
Эксперименттің көмегімен тұлға қасиетінің сапасын бағалау рейтинг деп аталады.
Педагогикалық консилиум әдісі – ұжымдық талқылаудың және тәрбиелеудегі баланы зерттеудің бағасы, тұлға қырларының қа- лыптасуына мүмкін болатын ауытқулар себебінің көрінуі, кемші- ліктерді алдын алудың ұжымдық тәсілін жасап шығару қандай да бір топтың параметр көлемінде әлеуметтік психологиялық өз ара қарым-қатынасты қалыптастыратын социометрикалық әдіс- тер соңғы жылдары кең етек алуда. Бұл әдістер кішігірім топтың құрылымын және осы топтағы жеке тұлғаның стасусын бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл әдістер де ұжымның құрылы- мын талдайтын әдіс деп аталады.
Математикалық және статистикалық әдістер педагогикада сауалнама және эксперименттерден алынған мәліметтердің өң- делуіне, сонымен қатар зерттелуші құбылыстардың арасындағы тәуелділіктерді орнатуға көмектеседі. Олар эксперименттің нә- тижелерін бағалауға теориялық тұжырым жасауға негіз болады.

Математикалық әдіс арқылы арнайы формуламен алынған нәти- желерді графиктер, кестелер, диаграммалармен бейнелейді.


Педагогикада қолданылатын маңызды зерттеу әдістері осын- дай. Осы әдістердің әрқайсысы өзінің спицификалық рөлін және педагогикалық процестің тек бір бөлігін зерттеуге көмектеседі. Жалпы зерттеу үшін зерттеудің жиынтық әдістері қолданылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет