Жалпы теориялық функцияның қызметі педагогикалық про- цестің заңдылықтарын теориялық тұрғыдан талдау болып табы- лады.
Болжамдық функцияның қызметі – педагогикалық ақиқаттың (болашақ мектептің өзгерістерге бейімделуі, оқушылардың кон- тингенті қалай өзгереді, т.б.) дамуына негізделе отырып алдын ала көру. Ғылыми негізделген болжамның базасында неғұрлым сенімді жоспарлау мүмкін болады. Тәрбие аумағында ғылыми болжамдар айтарлықтай маңызды немесе өз болмысы бойынша тәрбие болашаққа қарасты болған.
Практикалық функцияның қызметі – іргелі білімнің негізінде педагогикалық практика жетіледі, білім беру құрылымдарын бас- қару, оқу мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, тәсілдері, формалары, құрылымдары жасалады.
Педагогиканың барлық функцияларының бірлігі тапсырма- ларды неғұрлым толық шешуге мүмкіндік береді, ол оқу-тәрбие- лік мекемелердің әртүрлі типтеріндегі педагогикалық процестің міндеттері.
Педагогика дамудың ұзақ жолынан өте отырып, мағлұматтар жинап, тармақталған педагогикалық ғылымдар жүйесіне айналды. Адамды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарын зерттеуші база- лық ғылыми тәртіп, оқу-тәрбиелік процестің, яғни барлық типтегі тәрбиелік мекемелердің негізін құрушы жалпы педагогика болып
табылады. Дәстүрлі жалпы педагогикада төрт үлкен бөлім бар:
педагогиканың жалпы негіздері;
оқыту теориясы (дидактика);
тәрбие теориясы;
мектепті басқару.
Соңғы онжылдықта осы бөлімдер бойынша мағлұматтар кө- лемінің ұлғайғаны соншалық, тіпті оларды жеке ғылыми бағыт ретінде де бөліп қарастырып жүр.
Белгілі бір жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен тәрбие- леудің негіздері мен заңдылықтарын жас ерекшелік педагогика- сы қарастырады. Ол: мектепке дейінгіден алдыңғы (сәби немесе нәрестелік педагогика), мектепке дейінгі педагогика, мектеп пе- дагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогика- сы немесе андрагогика деп бөлінеді.
Мектепке дейінгіден алдыңғы (сәби немесе нәрестелік педаго- гика) педагогика үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеудің заң-
дылықтары мен жағдайларын зерттейді. Сәби немесе нәрестелік педагогиканың ерекшелігі – оның білімнің басқа да салаларымен өзара әрекеті болып табылады: психологиямен, физиологиямен, медицинамен.
Мектепке дейінгі педагогика – мектепке дейінгі жастағы ба- ланың жеке басының дамуы, қалыптасуының заңдылықтары ту- ралы ғылым. Ол мектепке дейінгі білім беру дидактикасы, мек- тепке дейінгі балаларды тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, осы жастағы балаларды тәрбиелеу технологиясын қамтиды және олар мемлекеттік, жекеменшік, мемлекеттік емес оқу-тәрбиелік меке- мелерде, бір, екі, көп балалы, толық, толық емес отбасылар жағ- дайына байланысты жүзеге асырылады.
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.
Жоғары мектеп педагогикасы жоғары мектептің тұтас педа- гогикалық процесін қарастырады. Оның пәні – жоғары оқу ұйым- дарындағы оқу-тәрбие процесінің заңдылықтары, жоғары білім- нің өзгеше мәселелерінің заңдылықтары.
Ересектер педагогикасы немесе андрогогика ересектер және қарт адамдармен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін зерттейді.
Адамзат қызметінің нақты түрінің жіктемесіне сәйкес пе- дагогика ғылымының салалары әскери, заңгер, медицина, ин- женерлік, спорттық, театрлық, мұражайлық, өндірістік педа- гогика болып бөлінеді. Сонымен қатар еңбекпен түзеу меке- мелердің педагогикасы, яғни пенитенциарлық, т.с.с. болып қарастырылады.
Педагогика ғылымының дамуы жеке педагогикалық пәндерді бөліп шығарды, олар: педагогика тарихы, салыстырмалы педа- гогика, этнопедагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, әлеу- меттік педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық менеджмент, т.б.
Педагогика тарихы оқу-тәрбиелік практиканың пайда болуы мен дамуын, педагогикалық теориялардың, әртүрлі тарихи дәуір- лердегі және кезеңдердегі жалпы және жеке әдістемелік концеп- циялардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Педагогика тари- хының білімі қазіргі кезде шешілетін сұрақтарды тереңірек түсіну үшін қажет.
Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білімді салысты- румен, талдаумен айналысады. Сондай-ақ арнайы педагогика да
(дефектология) бар. Ол физикалық және психикалық кемшілікте- рі бар адамдарды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын зерттей- ді. Дефектология құрамына: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика және логопедия енеді.
Сурдопедагогика есту қабілеті төмен адамдар мен саңырау адамдарды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді; тиф- лопедагогика – зағиптар мен көру қабілеті төмендерді; олигофре- нопедагогика – ақыл-есінде кемістігі бар адамдарды; логопедия
– сөйлеу мәнерінің бұзылуы және оларды жеңу мен алдын алу мәселелерін қарастырады.
Педагогика ғылымдарының ерекше тобын жеке немесе пән- дік, әдістемелер құрайды, олар оқу-тәрбиелік ұйымдардың бар- лық түріндегі нақты оқу тәртіптерін оқыту және зерттеу заңды- лықтарын зерттейді.
Педагогикалық ғылымның ішкі құрылымы, қоғам мен ғылы- ми білімнің дамуымен туындайтын жаңа салалары осындай.
Ал енді педагогика ғылымының жекелеген категорияларына тоқталар болсақ, олар: тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс. Сонымен қатар қолданбалы категорияларға даму, қа- лыптастыру, әлеуметтендіру, т.б. жатады.
Педагогикалық категория дегеніміз – ғылыми сараланған тұ- жырымдарды білдіретін негізгі педагогикалық ұғымдар. Дәлірек айтқанда, болмыстың жалпы белгісін, басты сипатын айқындай- тын ғылыми ұғым.
Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты жә- не ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Педагогикада
«тәрбие» ұғымы әлеуметтік мәні тұрғысынан кең және тар мағы- нада қолданылады.
Аға ұрпақтың өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып та- былады. Арнайы бір бағытта тәрбие шараларын жүзеге асыру тар мағынаны сипаттайды. Тәжірибеге адамдарға белгілі білім, шеберлік, ойлау әдістері, адамгершілік, әдептілік, құқықтық нормалар, бір сөзбен айтқанда, тарихи даму процесінде жаса- лып, берік қалыптасқан адамзат баласының бүкіл рухани мұра- лары жатады.
«Тәрбиелеу» мен «білім беру» ұғымдары өзара байланысты көптеген зерттеулердің пәні болып табылады. «Бұл екі түсініктің қайсысы кеңірек?» деген сұраққа талас туады. Бұл сұраққа бір
мағыналы жауап жоқ. Бұл түсінік әрбір нақты жағдайда қандай контексте және қандай мағынада қолдануына байланысты.
«Білім беру» мен «тәрбиелеу» терминін қолдану педагогика- лық процестің қарым-қатынас жақтарын білдіреді десек, қателе- семіз. Себебі білім беру білімдендіруге бағытталған процесс ре- тінде әрдайым өзіне енгізумен қатар тұлға тәрбиесінде осындай көрініс береді.
Тәрбие мен білім берудің бағыттылығы, мазмұны мен денгейі заңды түрде бірдей болғанымен, негізінде әртүрлі: гуманистік және технократиялық, адамзаттық және саяси, демократиялық және тоталитарлық.
Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани про- цесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келісілген идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі.
Педагогикалық контексте бұл түсінік тұлғаның қалыптасуын- да көрінетін оның дүниетанымы, адамгершілік бейнесі, эстети- калық талғамы, ерік және физикалық сапа қасиеттерін білдіреді. В.Ф. Сидоренко білім беру ұғымын қазіргі кездегі концеп- циялардың ішінде кең және метафорлы (ауыспалы) анықтаған. Білім беру өзіне мәдениет бейнесі, ал мәдениет үшін ол мә- дениет туралы білім, анығырақ оны білім беру арқылы ұдайы өндіру, ал социум үшін білім беру оған оңай. Білім беру – бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқара- тын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды, дағдыны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлеуметтік-эко- номикалық және саяси құрылысы мен оның материалдық тех- никалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған
жүйе (В.А. Сластенин).
Білім беру педагогикалық категория ретінде (категория – бол- мыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылы- ми түсінік) көптеген қасиеттерге ие.
Педагогика ғылымында білім беру – қоғамды басқаруға бағыт- талған, нақты біртұтас педагогикалық процесс деп түсіндіріледі. Ал педагогикалық процесс – білім берудің зерттеу пәні. Яғни, бі- лім беру оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі болып табылады.
Білім берудің негізгі жолы – оқыту. Оқыту – педагогикалық процесті регламенттеу жағдайында және оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәрдемімен тұлғаның ақыл-ой
сферасын дамытуға бағытталған педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақ- сатында бағытталған алдын ала жоспарланған іс-әрекет.
Педагогикалық процесс – білім беру мақсатынан оның нәти- жесіне қозғалысы. Кез келген процесс – біріншісінен басқа күйге жүйелі алмасу. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу педаго- гикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі болып табылады. Сонымен, білім беру – педагог пен тәрбиеленушінің білім беру мазмұнын жүзеге асыру барысында ұйымдасқан ықпалдасу, ықпал ету процесі.
Педагогикалық процесс – оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |