К. Ж. Қожахметова


Педагогика ғылымының аксиологиялық негiздерi



бет17/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Педагогика ғылымының аксиологиялық негiздерi


Мақсаты: педагогика ғылымының аксиологиялық негiздерiнiң мәнi мен мазмұны туралы ғылыми бiлiмдер жүйесiн қалыптастыру.
Жоспары:

    1. Аксиология – педагогиканың жаңа негiздемесi ретiнде.

    2. Педагогикалық құндылықтар және бiлiм мен тәрбиенiң жалпы адамзат- тық құндылық ретiндегi мәнi.

Негiзгi ұғымдар: аксиологиялық негiз, құндылықтар, өмiрлiк бағдар, iшкi бағдар, гуманистiк педагогика, құндылық түрлерi.
    1. Аксиология – педагогиканың жаңа негiздемесi ретiнде


Аксиология (грек тілінен аударғанда axios – құнды, logos – ілім дегенді білдіреді) – құндылықтар және олардың табиғаты, әлеуметтік шынайы құбылыстағы орны мен құндылық әлемінің құрылымы туралы ілім. Аксиологияның негізгі мәселесін алғаш рет Сократ ашқан. Яғни ол «игілік дегеніміз не?» деген сұрақ- тың жауабы деп қарастырған. Оны жалғастырған Платон болды, оның философиясында құндылықтар ізгілікпен байланыстыры- лып, көп мәнді мазмұнға, қасиеттерге айналдырылды. Мәдениет- тану ғылым саласында құндылықтар адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деп қабылдайды. Аксиологиялық зерттеудің маңызды мәселелеріне психологиялық талдауды К. Юнг жасаған («Мен», «Құндылық» архетиптерін талдау бойынша), ал құндылықтар сұхбатын М. Бахтин зерттеген.
Жалпы алғанда, еуропалық мектептер мен бiлiм беру жүйесі- нің негізін қалағандар қатарына Я.А. Коменский, И.Г. Песталоц-

ци, И.Ф. Гербарт, А. Дистервег пен Дж. Дьюи және т.б. сынды классик педагогтар енеді. Олардың идеялары XIX-XX ғасырлар- да қарқынды дамыған және ұзақ ғасырлар бойы өзiнiң мақсаты- мен, әдiс-тәсiлдерiмен және ұйымдастырылу формасы бойынша өзгермей келген бiлiм берудiң классикалық моделiнде жатты. Гуманистiк педагогикаға аксиологиялық ыңғай тән, өйткенi он- да адам қоғамның ең бiрiншi құндылығы болып саналады. Соған байланысты гумандылық проблемасына жалпы ортақтықта бо- лып табылатын аксиология бiлiм философиясының жаңа негiзi және қазiргi педагогиканың әдіснамасы болып табылады. Аксео- логиялық ойдың негiзi – әлемнiң өзара тәуелдi, өзара әсер етушi концепциясы.


Бұл тұрғыда Г. Риккерт өзінің 1914 жылы жазған «Құндылық- тар жүйесі туралы» (О системе ценностей) еңбегінде құндылық- тардың алты саласы болады деп есептейді: ғылым, дін, өнер, мо- раль, жетілген өмір және «құдіретті сүйіспеншілік». Г. Риккерттің құндылықтарды жіктеуі құндылықтар иерархиясының ұстанымы
«бағалаушы субъектіден» келіп шыққан. Құндылықтардың көп түрлі болуы адамдардың практикалық әрекетіндегі субъект- объект және тұлға-қоғам қатынастарының көп түрлі болуына байланысты туындайды. Поляк философы және эстетигі Р. Ин- гарден құндылықтарды витальды (өмірлік) және мәдени деп бө- ліп қарастырады. Витальды (өмірлік) – бұл утилитарлық, пайда- лылық құндылықтар. Екінші мәдени құндылық – бұл танымдық, эстетикалық, әлеуметтік қасиеттер мен адамгершілік құндылық- тар (Ингарден Р. Исследования по эстетике. – М., 1962). Н. Рес- чер құндылықтарды типке бөлу барысында оларды әртүрлі адам- заттық қажеттіліктер, мүдделер, талап-тілектерімен байланыс- тырады. Ғалымның пікірінше, құндылықтардың: материалдық, экологиялық, моральдық, әлеуметтік, саяси, эстетикалық, діни, интеллектуалдық, кәсіби, сезімдік сынды категориялары бар.
Құндылықтарды ресейлік және қазақстандық зерттеушілер де өзіндік тұрғыдан жіктейді. Ресей Ғылым академиясының әлеу- меттік зерттеулерінің мәліметтері бойынша негізгі 14 құндылық- тың тұрақтылығы айқындалған. (ресейліктер өмірінің әртүрлі са- лаларында үнемі өзінің ықпалын байқататын және адамдардың құндылық санасының негізін құрайтын құндылықтар). Оларға: адам өмірі, отбасы, қарым-қатынас, еркіндік, адамгершілік, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, іс-әрекеттің мәні мен күнделікті күнкөріс

ретіндегі жұмыс, заңдылық, игілік (денсаулық), дәстүрді құрмет- теу, тәуелсіздік, мейірімділік, беделділік жатады.


ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Саясаттану және әлеумет- тану институтының 1996 жылғы мәліметтері бойынша республи- ка тұрғындары үшін ең басты құндылықтар:

  1. Өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, еліміздегі бейбіт- шілік пен тыныштық, отбасындағы ынтымақ-береке, денсаулық, жеке және отбасы қауіпсіздігі, жақсы ақы төленетін жұмыс, ұл- таралық келісім.

  2. Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономика- лық қауіпсіздік, жеке тәуелсіздік.

  3. Қос азаматтылық, Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік үшін жағдайдың жасалуы, қызметтік мансап деп топқа біріктір- ген (Общечеловеческие и национальные ценности в изменяю- щемся обществе. – Алматы, 1997. – 131 – 132-б.).

Құндылықтардың белгілі бір жүйесін таңдау қарама-қайшы- лықты мәселе болғанымен, қоғамдық дамудың құндылықтық негіздерін іздеу – табиғи процесс. Әлеуметтік реттеудің жоға- ры деңгейіне негізделген құндылықтардың арнайы жүйесі мен белгілі бір иерархиясынсыз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Бұл қоғамдық институттар мен адамдардың (жекеленген бол- сын, ұжымдық болсын) мақсатты іс-әрекеттерінің нормативті бақылауының нақты және арнайы жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін өлшемдердің құндылықтар жүйесінде бекітілуімен си- патталады. Сондай-ақ бұл қоғамда белгілі бір тәртіпті қамтама- сыз етеді және әртүрлі қоғамдық субъектілердің «құндылықтық ынтымақтастығын» қалыптастырады. Қазіргі кезде қоғамдағы құндылықтарды талдау адамдардың негізгі құндылықтық бағ- дарларын қарастыру арқылы айқындалады. Мысалы, көрнекті психоаналитик Э. Фромм қазіргі замандағы құндылықтарды жемісті және жемісті емес бағдарларға бөледі. Бұл жерде атал- ған ұғымдардың белгілі бір индивидтің мінезін сипаттау емес,
«идеалды типтер» екендігін ескеруі қажет. Әдетте, әрбір тұлға-
ның мінезі бұл бағдарлардың барлығын немесе кейбіреулерін білдіреді, бірақ соның бірі басымдылыққа ие болады. Мұнда- ғы жемісті емес бағдарлар қаналушы, рецептивті, сараң және нарықтық бағдарларға бөлінеді. Қаналушы және рецептивтілік бағдарлар бір-біріне жақын, олардың барлық игіліктің көзі өзі- нен тыс орналасады деп санаулары ұқсастығын білдіреді. Айыр-

машылығы қанаушы тип қалаған нәрсесін олардан күшпен не- месе қулықпен тартып алады, яғни бір нәрсені өзгелерден сыйға аламын деп үміттенбейді. Өзгелерден тартып алған нәрсе оған үнемі өзінікінен жақсы көрініп тұрады. Олардың құндылықтық қондырғысы дұшпандықтың және манипуляцияның (жұмсау- шылықтың) қойыртпағымен боялған және олар кекесінге құмар болып келеді. Рецептивті бағдарда адам барлық игіліктердің көзі сыртта, қалаған нәрсеңді алудың жалғыз тәсілі – мейлі ол материалдық болсын, сүйіспеншілік, білім, ләззат алу болсын, оны тек осы сыртқы көзден алу деп есептейді. Ең бастысы – өзің сүю емес, сүйікті болу. Олар тек беделді адамға, қамқор- шыларға ғана емес, қандай да болсын көмек көрсетуге қабілетті адамдардың барлығына да тәуелді. Олар бизнесте әлсіз, өйткені жасқаншақ, сондықтан да тәуекелге бармайды. Сараңдық бағ- дарды ұстананатын адамдар сыртқы дүниеден жаңа нәрсе ала- мын дегенге сенбейді; олардың қауіпсіздігі сараңдық пен үнем- деуге негізделеді, ал шығынды қатер ретінде қабылдайды. Олар өздеріне қорғаныс жасап алады және олардың негізгі мақсаты



  • өзінің қоймасына нәрсені барынша көп әкеліп, мейлінше аз

беру. Олар: «Күннің астында жаңа ешнәрсе жоқ», «Менікі – бұл менікі, ал сенікі – бұл сенікі» деген ұранды ұстанады. Нарық- тық бағдар, керісінше, тек заманауи басымдылыққа ие болды. Нарықтық қатынастар заманауи қоғам дамуы мен қызмет етуі- нің негізі болып табылады. Нарықтық құндылықтық бағдарды
«нарықтың» экономикалық ұғымымен шатастыруға болмайды. Құндылық заттық бағамен емес, руханилықпен өлшенетін ұғым, яғни қарым-қатынастың сипатын анықтайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет