К. Ж. Қожахметова


Тәрбиенiң қоғамдық-әлеуметтiк құбылыс ретiндегi даму тарихы



бет21/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Тәрбиенiң қоғамдық-әлеуметтiк құбылыс ретiндегi даму тарихы


Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретiнде қызмет етедi. Де- мек, оның анықтамасы, мақсаты және мiндетi адамзат қоғамын- да болған әрбiр өзгерiстен соң мiндеттi түрде өзгерiп отырады. Өйткенi сол қоғамда өмiр сүретiн адамдардың әлеуметтену про- цесi нәтижесiнде бүкiл болмысы, психологиясы, сұранысы жә- не т.б. өзгередi. Олай болса, оларды тәрбиелеудiң теориясы мен


әдiс-тәсiлдерi де өзгеруге тиiстi. Оған дәлел – кеңестiк тәрбие- дегi жеке адамға қойылған талап пен бүгiнгi балалар тәрбиесiне қойылатын талап бiрдей еместiгi. Елiмiздiң егемендiк алуына байланысты тәрбие ұлттық бағытқа бет бұрды. Сондықтан қо- ғамға тәуелсiз Қазақстанның ұлттық тәрбиесiн алған жастарын қалыптастыру қажеттiлiкке айналып, тұңғыш рет 1993 жылы жа- ңа ұлттық тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы жарық көрдi. Онда тәр- биеге берiлген анықтама да жаңаша бағытта берiлдi, яғни онда:


«Тәрбие дегенiмiз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық дәстүрлерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру», – деп тұжырымдалды. Ал тәрбиенiң негiзгi мақсаты ұлттық тәрбиелеу болды. Себебi ұлтымыздың ғасырлар бойы қолданып келген дәс- түрлi тәрбие тәжiрибесi өте жоғары тиiмдiлiк көрсетiп келгенi бәрiмiзге белгiлi. Онда тәрбиенiң алдына қойған мiндеттерi: ең алдымен, денi сау, ұлттық сана-сезiмi оянған, рухани ойлау дәре- жесi биiк, мәдениеттi, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, iскер және бойында басқа iзгi қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбие- леу деп көрсетiлдi. Осы мiндеттердi мемлекеттiк тұрғыда жүзеге асыруда мектеп бағдарламаларына көптеген өзгерiстер, яғни жа- ңа оқу пәндерi енгiзiлiп, тәрбие сағаттарының ұйымдастырылуы мен мазмұны жаңаша этнопедагогикалық тұрғыда қарастырылды. Қоғамда нарықтық экономиканың келуiне байланысты ба- лалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қа- жеттiлiкке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық за- манына сай қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына енді. Яғни тәрбиеге әлеуметтік тұрғыдан анықтама берер болсақ, ол

  • жастарды қоғамда дұрыс өмiр сүру және еңбек етуге бейiмдей

отырып, олардың қоғамдағы әлеуметтік мәнін айқындау. Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi бүгiнгi тәр- бие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбие- леумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi.
Әлеуметтiк жағдайлардан туындаған проблемалар мен сұра- ныстардан бүгiнгi педагогика ғылымының жаңа салаларының өзектiлiгi артып, өмiрде кең қолдау тауып отыр. Мәселен, әлеу- меттiк педагогиканың зерттеу проблемалары ғылыми педагогика мазмұнындағы тәрбие мәселелерiн басып озып, тiптi оны өзiнiң мазмұнында терең қарастырып, өзара байланыста қамтып келедi.

Бұл да бүгiнгi қоғамның жағдайлары адам тәрбиесiнде әлеу- меттiк педагогтар қызметiне мұқтаж екендiгiн көрсетiп, тәрбие әлеуметтенумен бiте қайнасып бiрге қарастырылуын керек етедi. Зерттеуші Л.М. Старикова тәрбиенің парадигмалары ретінде арнайы үлгілерді ұсынады. Ол үлгілердің баланың даму әлеуе- тінің жоғарғы ерікке және адамға тәуелді екенін айтады. Тәрбие


модельдерін:

    • Прагматикалық тәрбие (болашаққа сеніммен қарау);

    • Антропоцентрикалық (қоғамның басты өнімі, құндылығы адам);

    • Социэтарлық (дәлелді нәрселерге бет бұру);

    • Ерікті (тәрбиедегі еркіндік ұстанымын есепке алу)

    • Тәрбиедегі идеализм ;

    • Тәрбиедегі реализм;

    • Гуманистік тәрбие;

    • Техникалық тәрбие;

    • Социоцентризм;

    • Тәрбиенің ұлттық мақсаты, деп бөліп қарастырады.

Сипаты бойынша білім алушыларға ықпал етуде тәрбие әдісі сендіру, жаттығу, мадақтау, жазалау болып бөлінеді (Н.И. Бол- дырев, Н.К. Гончаров, Ф.Ф. Королев және т.б.). Мұндағы «әдістің сипаты» бағыттылық, қолданушылық, ерекшелігіне байланысты тұстары. Бұл жіктемеге тәрбиенің басқа да әдістері кірігеді, оны жалпылама әдістер ретінде қабылдаған (Т.А. Ильина, И.Т. Огород- ников). Оған сендіру, іс-әрекетті ұйымдастыру, білім алушылардың әрекетін ынталандыру жатады. Ғалым И.С. Марьенко өзінің жік- темесі бойынша тәрбие әдістерін түсіндіру-репродуктивті, проб- лемалық-жағдаяттық, жаттықтыру, ынталандыру, жетекшілік, өзін- өзі тәрбиелеу деп бөлген.
Қазіргі таңда тәрбиенің ең басты мәселесі – тәрбиелеуде бос- тандық пен мәжбүрлеудің байланысы. Басқаша айтқанда, мемле- кет білім берудің ресми жүйелерін, қалыптасу процесін мектепте бақылау, адамның дамуы мен қалыптасуы мақсатқа бағытталған ықпалмен басқарылады. Сұрақ мынадай тұрғыда, әлеуметтік-фи- лософиялық жоспарда қаншалықты әрбір адам қоғамнан еркін дамиды, қажеттіліктері қанағаттандырылған ба? Бұл сұрақтың пайда болуы мен шешімі әртүрлі деңгейде: ресми концепция, мемлекетте ұлттық доктриналық білім беру, мектептің тәрбие- леу жүйесі, соның ішінде авторлық тәрбие жүйелері, мұғалімнің

баламен индивидуалдық қарым-қатынас жасау стилі, қатысушы- ның өзін-өзі ұстауы барысында қалыптасты.


Білім беру тарихында және түрлі елдердегі қазіргі білім бе- ру жүйесінде тәрбие концепциясының екі тобын бөліп көрсетуге болады. Әлеуметтануда тұлға бостандығына байланысты тұлға- ның әлеуметтенуінде екі көзқарасты: индивидоцентристік, тұлға

  • қоғам дамуының байлығы және жоғарғы мақсаты, социоцент- ристік көзқарас, мұнда тұлға – қоғамның бір бөлшегі, оның мән- ділігі қоғамға қосқан үлесімен есептеледі. Осыдан тәрбиенің екі түрінің: индивидуалдық және қоғамдық құндылықтар мен мақ- саты болатындығын көруге болады. Осыған орай, қазіргі уақыт- та еліміздің білім беру жүйесіндегі педагогикалық теориялардың ішінде тәрбие субъектілерінің гуманистік теорияға ауысуы қада- ғалануда. Өйткені тәрбиеде адамды сүю басшылыққа алынуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет