К. Ж. Қожахметова


Педагогикалық құндылықтар және бiлiм мен тәрбиенiң жалпы адамзаттық құндылық ретiндегi мәнi



бет18/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Педагогикалық құндылықтар және бiлiм мен тәрбиенiң жалпы адамзаттық құндылық ретiндегi мәнi


Әрбiр адам немесе маман үшiн өмiрi мен қызметiнде өзiндiк құндылықтары әртүрлi болады. Әрбiр жеке тұлғаның даралық қасиетi мен қызығушылығына және өмiрлiк принциптерiне сай құндылық өлшемдерi бiрдей болмайды.


Құндылық түсiнiгi адамзат әлемi мен қоғамында қолданы- лады. Адам жоқ жерде құндылық болуы мүмкiн емес. Өмiрдiң әлеуметтiк жағдайларының өзгеруiне және қоғамның, тұлғаның

қажетiнiң көбеюіне байланысты педагогикалық құндылықтар да арта түсуде. Педагогикалық құндылықтарды өзiнiң пайда болу деңгейiне қарай анықталады. В.А. Сластенин педагогикалық құн- дылықтарды мынадай үш топқа бөледi: тұлғалық, топтық және әлеуметтiк құндылықтар.


Әлеуметтiк-педагогикалық құндылықтарға әртүрлi әлеу- меттiк жүйелердегi құндылықтар жатады. Олар – бiлiм беру сфе- расында қоғамның қызметiн көрсететiн идеялар жиынтығы, нор- малар, ережелер, дәстүрлер.
Топтық-педагогикалық құндылықты нақтылы бiлiм беру инс- титуттары көлемiндегi педагогикалық қызметке бағыттаушы жә- не көрсетушi нормалар, концепциялар, идеялар түрiнде қабыл- дауға болады. Мұндай құндылықтардың жиынтығы тұтастық сипатты көрсетеді, сөйтiп, салыстырмалы түрде тұрақтылық пен қайталанушылыққа ие болады.
Тұлғалық-педагогикалық құндылық мұғалiм тұлғасының мақ- саты, мотивi, идеалы, мiндеттерi және басқа да дүниетанымдық сипаттары байқалатын әлеуметтiк-психологиялық бiлiм беру ре- тiнде көрiнедi. Аксиологиялық «Мен» құндылық бағдар жүйесi ретiнде тек когнитивтiк қана емес, оның бағдарында маңызды рөл атқаратын эмоционалдық-ерiктiк компоненттердi де қамтиды. Ол педагогикалық құндылықтардың әлеуметтiк-педагогикалық, кәсiби-топтық және жекелiк-тұлғалық жүйесi ретiнде көрiнедi. Бұл жүйе төмендегілерді қамтиды:

    • тұлғаның әлеуметтiк және кәсiби ортадағы рөлiне байланыс- ты құндылықтары;

    • оның өз ортасымен қарым-қатынас жасау негiзiнде қажетiн қанағаттандыруға байланысты құндылықтары;

    • өзiнiң жеке бойындағы шығармашылық қасиеттерiн дамы- туға байланысты құндылықтары;

    • өзiн қалыптастыруға (самореализация) байланысты құнды- лықтар;

    • прагматикалық қажетiн қанағаттандыруға мүмкiндiк жасайтын құндылықтар.

Жоғарыда аталған педагогикалық құндылықтардан өзiне қана- ғаттану және инструменталдық түрлерiн бөлiп көрсетуге болады. Өзiне қанағаттанушылық құндылық – бұл педагогтың шығарма- шылық еңбегiнiң мақсаты, әлеуметтiк мәнi, жоғары мәртебелiлiгi, мемлекет алдындағы жауапкершiлiктiлiгi, өзiн-өзi көрсету мен

дәлелдеуге мүмкiндiктiң болуы, балаларға бауыр басып қалушы- лық және т.б.


Инструменталдық құндылықтың мәнi құралдармен байланыс- ты. Олар теорияларды, методология мен педагогикалық техноло- гияларды меңгеру нәтижесiнде қалыптасады. Олар: құрал құн- дылығы, қарым-қатынас құндылығы, қасиет құндылығы, бiлiм құндылығы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет