К. Ж. Қожахметова


Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші



бет24/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші


Жеке тұлғаның дамуы – объективтік шындықтың күрделі процесі. Бұл процесті терең зерттеу үшін қазіргі дамудың құ- рамдас бөліктерін, атап айтқанда, тән, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқа салаларды жеке-жеке бөліп қарастырған дұрыс. Педагогика жеке адамның рухани даму проблемаларын оның барлық басқа компоненттерімен байланысы тұрғысында зерттейді.


Жеке тұлға дамуының заңдылықтары ретінде: ішкі және сырт- қы жағдайды есепке алу; іс-әрекеттегі өзін-өзі жетілдіруге бай- ланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын іс-әрекет мазмұны мен түрткіге байланыстылығы; көптеген факторлардың әсер ету- лері басшылыққа алынады.
Ал оның дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылық. Қа- рама-қайшылық ішкі, сыртқы және жалпы, жеке болып бөлінеді. Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі бары- сында туындайды. Мысалы, адам өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік әлеуетіне қанағаттанбауы барысында туындайтын
қарама-қайшылықтар.
Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, қо- ғаммен, табиғатпен қарым-қатынас барысында туындайды. Мы- салы, жоғары оқу орнының талаптарымен студент тілегі арасын- дағы қарама-қайшылық туындауы мүмкін.
Жалпы қарама-қайшылық барлық адамдардың даму барысын- да туындайды. Яғни материалдық, рухани қажеттіліктер мен шы- найы мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылықтар.
Жеке қарама-қайшылық – жеке адам үшін туындаған қара- ма-қайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде іс- әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттан- дырылған кезде қарама-қайшылық та жойылады. Қарама-қайшы- лықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама-қайшылықтар туындайды.
Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы, көптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз – ең алдымен, оның ағза- сы, қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер.
Жеке тұлғаның қалыптасуына, қоршаған орта үлкен әсер етедi. Яғни адам және қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономика-

лық, тарихи қалыптасқан жағдайлардың әсері. Қоршаған орта макро, мезо және микро болып бөлiнедi. Макро орта дегенiмiз



  • адамға әлеуметтiк-экономикалық ықпалдардың мол жиын- тығы (өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар деңгейi, өмiрдiң қаржы жағдайлары, мәдениеттiң даму деңгейi, бұқара- лық ақпарат құралдары). Мезо орта – идеологиялық және діни қатынастар, моральдық нормалар мен құндылықтар жататын адамдар және әлеуметтік топтардың өмір сүру ортасы. Микро орта дегенiмiз – баланың араласатан ең жақын ортасы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгiлi бiр өлшемде, та- биғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары да әсерін тигізеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет