К. Ж. Қожахметова


Дамудың жас және жеке ерекшеліктері



бет27/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Дамудың жас және жеке ерекшеліктері


Мақсаты: оқушылардың жас мөлшерi мен жеке басына тән ерекшелiктерi туралы түсiнiк қалыптастыру және осы ерекшелiктердi оқу-тәрбие про- цесiнде ескеру.
Жоспары:

    1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелiгi және оның дамуы.

    2. Жасөспiрiмдiк кезең және оның ерекшелiктерi.

    3. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама.

Негiзгi ұғымдар: жеке тұлға, баланың дамуы, жас ерекшелiк, дара ерек- шелiк, девиация.


    1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелiгi және оның дамуы


Белгiлi бiр жастағы балалардың жас мөлшерi дегенде олар- дың көпшiлiгiне тән ерекшелiктер мен сипаттарын айтамыз. Бұл ерекшелiктердi педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту мен тәрбие берудiң тиiстi түрiн, әдiстемесiн және тәсiлдерiн пайдалану керек.
Мектеп табалдырығын аттаған балада әлеуметтiк өзгерiстер пайда болады. Баланың ең негiзгi iс-әрекетi әлi де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала бередi. Баланың құштар- лығы өзiн қоршаған әлемдi тануға және осы әлемнiң құбылысын өзiнше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүрiп тәжiрибеден өтедi, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелдiлiктiң себебiн ашу- ға тырысады. Бала ой қабiлетi жағынан неғұрлым белсендi болса, соғұрлым сұрақты көп қояды және әртүрлi сұрақтар қояды.
Мектеп оқушының өсуi мен дамуына қарай оның қоғамдық өмiрге қатысуы да өседi, оны азамат ретiнде жаңа сатыға көтередi. Iшкi және сыртқы күштердiң өзара тығыз әрекетi болған жағ- дайда ғана жеке адамды қалыптастыру ойдағыдай өтпек. Балдыр- ған оқушы жан-жақты бiлiм алады, осы бiлiм оны мiнез-құлқы- ның толып жатқан фактiлерi туралы ойлауға, өзiн-өзi жолдаста-
рымен, басқа да адамдармен салыстыра қарауға мәжбүр етедi.
Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо сияқты даңқты педагогтар тәр- бие беру кезiнде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерек- шелiктерiн есепке алып отыруды ұсынған.
Жеке-даралық ерекшелiктер жас ерекшелiктермен тығыз бай- ланыста болады. Бұлар белгiлi бiр адамға тән және оны басқа-

лардан ажыратып көрсететiн жеке адам мiнезiнiң, ынта-ықыла- сының, ақыл-ой қызметiнiң ерекшелiктерi.


Олардың сыныбы жоғарылаған сайын балаларға берiлетiн оқу материалдары күрделене түседi. Сонда да бiр сыныптағы жасы бiрдей балалардың өздерi сол оқу материалдарын жеке ерек- шелiктерiне байланысты әртүрлi қабылдайды, әртүрлi деңгейде меңгередi. Сонда сыныпта үздiк, орта, нашар үлгерушiлер орын алады.
Оқушының дамуында белсендi әрекет етудiң маңызы ерекше. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды.
Бала белсендiлiгiнiң ең алғашқы формасының бiрi – қарым-қа- тынас жасау белсендiлiгi. Балалардың жас ерекшелiктерiне сәй- кес басқа адамдармен қарым-қатынас белсендiлiгiнiң мазмұны өзгерiп отырады. Мысалы, мектеп жасына дейiнгi балалар ересек адамдардың әрекеттерiне үңiле қарап үйренедi, оларға елiктейдi. Яғни қарым-қатынас жасау белсендiлiгi жеке адам қасиеттерiнiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет