К. Ж. Қожахметова



бет43/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Мәдени-эстетикалық және этномәдениеттік. Бұл бағыт- та жеке тұлға бойында қажетті мәдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқы- тушылар арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңызды іс-әрекетті оқу- шылардың оқудан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырылуы ар- қылы жүзеге асырылады.
Парасаттылық. Бұл тәрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту ене- ді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тәрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін және танымдық мүмкіндіктерін дамыту; оқушылардың санасын оның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесі. Білім алу мен оқыту арқылы іске асырыла- ды (пікірсайыс, ойын, дебат және т.б.).
Ғылыми зерттеушілік. Алдымен оқушылар теориялық білім- дерін практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу арқылы ғылыми зерттеу мәдениеті- нің қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.
Экологиялық. Экологиялық тәрбие саласында жалпы ақпарат- тандыру мен оқушылардың техникалық білім алуымен қатар қор- шаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау және оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асы- руға баса көңіл аударылады.
Экономикалық. Экономикалық тәрбие жүйесі – оқушылардың екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуі. Эко- номикалық білім мен тәрбие беру барысында оқушылар қоғам- ның экономикалық саясатын, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұты- ну ауқымындағы негізгі ұғымдарды меңгерулері тиіс. Экономи-

калық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін тү- сіндіреді, адам және оның экономикалық қатынастарын реттейді. Ал экономикалық тәрбиенің мақсаты – қоғам сұранысын қанағат- тандыратын экономикалық сана қалыптастыру. Яғни қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғынулары, қоғам және тұлғаның мүддесіне сай қоғамдық өнді- ріс пен еңбекке жаңаша қатынастарды қалыптастыруды үйрену- лері тиіс. Экономикалық тәрбиеде жастар ұлттық кіріс, қаржы, еңбекақы, өзіндік құн, пайда, ақша және т.б. ұғымдардың мәнін түсіне отырып, өзіндік тұрғыдан іс-әрекет жасауға даяр болулары көзделеді. Әсіресе ақша қатынасын жақсы білулері шарт. Бұл мә- селеде А.С. Макаренко: «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры туралы тәжірибесі болу және ақшаны жұм- сай білуі керек», – деп өзіндік тұрғыдан қаражат тауып, оны жос- парлы жұмсай білудің қажеттігіне мән берген.


Салауаттық өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тәрбиелеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол бел- гілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарын- да іске асырылады.
Адамгершілік тәрбиесі. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сі- ңіру. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: «Адамгершілік
– мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру, адамгер- шілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағыт- талған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптасты- ру процесі», – деп анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі – мақсатқа не- гізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбие- нің құрамдас бөлігі», – деген анықтама беріледі. Яғни адамгерші- лік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сана- ны қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қорытынды жасауға болады. Негізінен алғанда, адамгершілік тәрбиесін үш түрлі функционал- дық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастыр- ған дұрыс. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі болашақ

ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізу, теориялық аспектісі бі- лім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз ету бо- лып табылады. Ал оның практикалық қызметіне адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді жатқызуға болады.


Философиялық сөздікте: адамгершілік – адамдар оқиғаларға баға береді, өзінің мінез-құлық бағытын таңдайтын, моральдық ұғымдарға, әртүрлі құбылыстарға байланысты, олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезімі негіз болады деген тұжырым жасалған. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: «Адам- гершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық әдеп ұғымы (кісілік, ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес)», – де- ген түсінік беріледі. Қазақ тілінің сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі – ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы», – деп тү- сіндіреді.
Имандылық тәрбиесі. Имандылық тәрбиесі әлеуметтік топ- тардың, жаңа ұрпағымыздың моральдық-адамгершілік қасиетте- рін, сенімі мен сезімін, дағдылары мен әдеттерін, мінез-құлық- тарын қалыптастыру мәселелерін қарастырады. Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеудің негізі азаматтың ішкі дүниесі мен се- зімінің, санасының жетілуі, сол халықтың өзіндік ерекшелігіне байланысты, рухани байлығы болып табылатынын ескерген жөн. Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған, оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге бола- ды. Мысалы, «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары- ның имандылық идеяларға қосатын үлесі мол. Халықтың кемең- гер ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгнеки, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары имандылық идеясының қалыптасуының алғы- шарты болады десек қателеспейміз. ХV ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асан Қайғы, Ж. Баласағұн, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б. ақын-жырау және ойшылдар шығармаларының ұрпағымыздың бойына ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты иман- дылыққа жатқызып отырған қасиеттерді сіңіріп, ұялатуда үлкен маңызы бар. Бұл ұғымдар, әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында насихатталады.

Имандылық – адамдық қасиет сапасының бір белгісі. Яғни са- на-сезімін биіктететін, рухани құндылығына қайшы келмейтін, ұлтының мақсатын көздейтін, өмірлік прогреспен ұштасып оты- ратын қасиеттердің бірі.


Ал «иман» ұғымының халқымызға қайта оралуы еліміздегі
«қайта құру» талабымен тығыз байланысты. Төл педагогикамыз- дың қайта жаңғыруына сеп болған халықтық имани қасиеттерге бой ұру, заман талабына орай, оның жаңа атауын енгізеді. Сөйтіп, ежелден келе жатқан «иман», «иманды» сөзіне қазақ тілінің -лық қосымшасы жалғану арқылы бүгінгі қоғамымызға терең еніп, кең қолданысқа ие болып отырған «имандылық» атауы пайда болады. Сонымен, «имандылық – әр халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұ- рыптарына, күнделікті өмір сүру тәсілдерінде кездесетін жөн-жо- ралғыларына байланысты идеалды тұлға бойындағы ізгі қасиет-
тер жиынтығы».




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет