К. Ж. Қожахметова



бет46/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Қосымша:

  1. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шариат-ұл-Ислам. – Ал- маты: Қазақстан, 1991. – 79 б.

  2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 448 б.

  3. Баширова Ж.Р., Әлқожаева Н.С. Иман – тәрбие негізі. – Алматы, 1997. – 58 б.

  4. Әл-Фараби атындағы университеттің тәрбие тұжырымдамасы. – Алма- ты: Қазақ университеті, 2001.

  5. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. – М., 2000.

  6. Козлова О.Н. Введение в теорию воспитания. – М., 1994.


  1. тақырып

Дүниеге көзқарас – қалыптасушы тұлғаның негізі




Мақсаты: дүниеге көзқарас негізінде жеке тұлғаның құндылық бағдарын ай- қындау, сонымен қатар студенттерді адамгершілік пен имандалық тәрбиесінің теориялық негізімен және жеке адам қалыптастырудағы маңызымен таныстыру. Жоспары:

    1. Жалпы адамзаттық құндылықтар – дүниеге көзқарас негізі.

    2. Жеке тұлға және оның құндылық бағдары.

Негізгі ұғымдар: құндылық, құндылық бағдар, имандылық, иман, ізгі қа- сиеттер, рухани жазба мұралар, экономикалық тәрбие, құқықтық тәрбие.
    1. Жалпы адамзаттық құндылықтар – дүниеге көзқарас негізі


Жалпы адамзаттық құндылық бағыттар адамның мiнез-құл- қының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады және оның іс-әрекетiнiң себеп-салдарын анықтайды. Құндылық бағыттары субъектiнiң іс-әрекетiнiң мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекеттi таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етедi. Осылайша, құндылық бағыттары адам, оның қажеттiлiктерi мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын ретін- де сипатталады. Яғни жеке тұлғаның құндылық бағыттарының


әлеуметтiк-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететiн іс-әрекеттiң алуан түрлерiнiң интеграциясы, факторы болып табылады.


Дүниетаным ұғымының түбірі – дүние. «Дүние» араб тілінен аударғанда өмір, тіршілік сөздерінің мәнін береді. Ал жалпы ал- ғанда, оны қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қабылдауға бола- ды. Дүниетанымның екінші құрамы – «таным» ұғымы. «Таным» философиялық ұғым, ол қоршаған ортадағы материалдық шын- дықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді. «Дүниетаным – философия және сол сияқты ол да бүтiнге, жан-жақтыға, соңғы- ға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы бiлiмдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмiр формаларынан тұрады» (Г. Мейер). Фило- софияның өзi де – дүниетаным, яғни бүтiндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.
Көптеген ғалымдар (В.Т. Афанасьев, Л.П. Буева, В.В. Журав- лев, А.Н. Леонтьев, В.П. Тугаринов, Ә. Нысанбаев, Ж. Әбділдин, М. Орынбеков, т.б.) дүниетаным мәселесін әртүрлі аспектіде қа- растырып, оны қоғамдық сананы саралау тұрғысынан зерттеу қа- жеттілігін ескерткен. Дүниетанымға қысқаша энциклопедияда: же- ке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы туралы ұғымдардың жиынтығы деген анықтама берілген. Яғни ол сана ядросы ретінде сипат алады. Дүниетаным адам іс-әрекетiнiң ерек- шелiгiн анықтайтын өмiр принциптерiнен тұрады және болмысты тану әдiсi ретінде қабылданады. Дүниетаным ұғымына кеңірек тоқ- талар болсақ, ол – дүниеге нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмiрдiң әлеуметтiк- экономикалық құрылысына, адамның белсендi өмiр көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесiне қатысты ғылыми негiзделген сенiмдердiң органикалық бiрлiгi, тұтастығы. Ал ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы. Дүниетаным негiзiнде дүниеге көзқарас, демек, дүние туралы белгiлi бiр бiлiмдердiң жиынтығы топтастырылған. Дүниетаным түрлi бiлiмдердi игеру процесiнiң және күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесiнде қалыптасады, сонымен қатар қоғамның жаңаруы, қо- ғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтиже- сінде жетiледi. Жаңа ғылыми фактiлер, қоғамдық білім және жара- тылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмiрдi жаңартудың жа- ңа қоғамдық тәжiрибесi қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стерео- типтерiн толықтырып, нақтылайды және өзгеріске ұшыратады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет