К. Ж. Қожахметова


Оқыту – педагогикалық процестiң құрамдас бөлiгi. Оқытудың атқаратын қызметі



бет53/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Оқыту – педагогикалық процестiң құрамдас бөлiгi. Оқытудың атқаратын қызметі


Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сан- дық және сапалық параметрлері бойынша әртүрлі болып келеді. Оқу курсы үшін базалық білімдер таңдалып алынады; курстың қолданбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасала- ды, яғни мамандандыру курстары; сонымен қатар орындалатын оқу тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім


– курсты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы.
Педагогикалық теориядағы басты қағида: оқыту – білімденді- ру мен тәрбиенің құралы. Демек, тәрбиелей отырып оқыту бары- сында шәкірттің өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы қанат жайып әр жақты дамиды. Ой-түсінігі- нің өрістеуі негізінде іс-әрекетке, еңбекке, әлеуметтік қарым-қа- тынасқа дағдылану бастау алады.
Тәрбиелей отырып оқыту – ғылыми-теориялық тұрғыдан қа- рағанда шәкірттің дүниетанымына, ақыл-ойына, адамгершілік сеніміне, мінез-құлық сипаттарының қалыптасуына ықпал ете- ді. Сондай-ақ меңгерген білімі өмір ақиқаттарын ұғынып, онда- ғы құндылықтарды танып, оны өз өресіне лайық тұтына білуге жол ашады, тәлімдік мүмкіндіктің арнасын кеңейтедi. Былайша айтқанда, оқушы қабілетінің дамуы білімін тереңдетіп, тәлім- тәрбиені бойға сіңіріп, имандылық қасиеттерінің құлшынысын жебей түседі.
Оқыта отырып тәрбиелеу – оқушының ғылыми-танымдық көзқарасы мен білімін және оны дұрыс ұғына білуін қалыптас- тырумен қатар шәкірттің тәлім-тәрбиелік, танымдық санасын жетілдіріп, адамгершілік түсініктің беки түсуіне игілікті әсер ететін мүмкіндігі уақыт талабына орай үнемі өрістеп отыратын құбылыс.

Сонымен, тәлімдік мүмкіншіліктерін ескере келіп, оқыту мен білім беру тиісті мақсаттылық бағдары болуы талап етіледі. Оқы- тудың тәрбиелік сипаты оның ғылыми мазмұнына да тәуелді. Тәрбиелей отырып оқыту тұлғаны жан-жақты дамытып, ақыл- есін, адамгершілік танымын, әлеуметтік түсінігін жетілдіреді, тұлғаның дүниетанымын, моральдық сенімін бекітеді және руха- ни көркеюіне ықпал етеді. Тұжырымдай айтсақ, оқыту оқушыны біліми түсінікпен қаруландырып, тәлімдік өнегені ұғынып, оны өмірге үйлесімді жүзеге асыруға бағдарлайды.


Оқыту процесінің атқаратын қызметіне келер болсақ, ол: бі- лімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру қызметтерін атқарады. Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік, дағды қалыптастырылу көзделеді. Білім – нақты айғақтарды, мәлімет- терді, ұғымдырды, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формула-
ларды есте сақтау.
Білік – ережелерге сүйене отырып, кез келген іс-әрекетті жүзе- ге асыра білуі. Немесе білімді тәжірибеде қолдана білуі.
Дағды – саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненті. Тәрбиелеу қызметі әлеуметтену процесінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту процесінде алынған білімдеріне сай олардың көзқарастары, ғылыми дүниетанымы, құндылық дү-
ниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.
Дамытушылық қызметі: тұлғаны әр жақты дамыту, яғни ой- лау, сөйлеу, іс-әрекет және т.б. қасиеттердің дамуын көздейді. Бұл мәселеде дамыта оқытуға байланысты П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин және т.б. жүйе құрған.
Ұйымдастырушылық қызметіне оқыту процесінің тиімді нә- тиже беруге байланысты ұйымдастыру жолдарын белгілейді. Педагогикалық мақсаттан туындайтын оқыту процесі – ұстаз та- рапынан меңгертіліп, шәкірт тарапынан игерілуге тиісті ғылыми таным-түсінік, білімдік біліктерді жүзеге асыру жолындағы іс- әрекет.
Оқыту процесінің логикасын оның құрылымы анықтайды да, негізгі мақсатқа байланысты тиісті міндеттер туындайды. Білім беру саласында оқыту процесінің міндеттері қоғамның дамуын- дағы ғылыми-практикалық қажеттіктің деңгейіне байланысты белгіленеді.
Оқыту міндеттерін шешуде ғылыми білімдік таным-түсінік- терді түйсіну мен қабылдау, оны ұғыну мен ойлану, дәлелді де

дәйекті деректерді көңілде бекіту және өмірде жүзеге асыра білу салаларымен шарттас.


Оқыту процесінің мақсатына байланысты міндеттерді шешу- дегі ұйымдастыру ісінде оқушыны оқыту объектісі деп білсек, екінші жағынан ол субъекті. Осы орайдан оқыту процесінде ұс- таздың шәкіртімен ынтымақтастығы тек білімді меңгерумен ғана шектелмей, шәкірттің шығармашылық еңбегінің өрістеуіне жол ашады. Өзара бір-бірімен іштесе байланысқан білім-тәрбиелік мазмұн және оның формалары мен әдістері негізiнде тиісті нә- тижеге жетудегі қозғаушы күш қойылатын талаптың шәкірттің мүмкіндігіне үйлесімділігіне тәуелді. Оқыту, білім алу мен даму- ға байланысты заңдылықтар мен принциптер және оның әдісте- мелік жолдары дидактика саласына байланысты қарастырылды.
Сонымен, оқытудың басты қызметі – адам баласының білім байлығының негіздерімен қаруландырып, оны өз бетімен дамы- тып, игерген білімiн өмірде қолдана білуге бағдарлау. Әрбір тұл- ғаның өздігінен ізденіп, өздігінен еңбектене алуына дағдыланды- ру. Мұндағы басты талаптар:
– білімнің негізгі идеяларын түсіну, оны танымдық ұғымға айналдыру;
– меңгерген білім арқылы ойын дамытып, өздігінен ізденудің жолын ашу;
– білімнің жүйелілігі, қисындылығы, бірізділігі, түсініктілігін қамтамасыз ету;
– меңгерген білімнің шеңберін кеңейтіп, жаңа білімге деген құлшынысқа жол ашу.
Демек, қазіргі кезеңдегі білім берудегі басты шарт тұлғаның өздігінен іздене білуін, оның уақыт талабына үйлесімді шешімін таба білуге қалыптастыру болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет