К. Ж. Қожахметова


Мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы мен дамуы



бет50/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы мен дамуы




Балалар ұжымымен мұғалімнің бірлесе жұмыс атқаруы белгілі бір кәсіби қасиет-сапаларды қажет етеді. Мұғалімнің кәсіби маңыз- ды қасиеттерін анықтау мәселесін А.К. Сатынская, В.А. Сласте- нин, Г. Сманова, К. Успанов және т.б. сынды ғалымдар қарастыр- ған. Ал Н.Д. Хмель біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып, педагогикалық про- цестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін, жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп түсіндіреді. Яғни біртұтас педагоги- калық процестің нәтижелілігі «педагогтар-оқушылар» жүйесін- дегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты.
Мұғалімнің оқушылармен дұрыс өзара қарым-қатынас жа- сауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы сипатталады. Педагогикалық процесс барысында өзара

қарым-қатынас және өзара ықпалдастық тәрбиелеуші механизм болып табылады, сонымен қатар іс-әрекеттегі ынтымақтастық- тың сипатына тәуелді. Мұғалім өзінің тәжірибесі мен білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек. Ал оқушылардың мақсатты түрде ұйымдастырыл- ған оқу іс-әрекеті олардың ұжымдық сипатын береді. Ұжымдық бірлескен іс-әрекетке сабақтан тыс уақыттағы қызмет түрлерінің де маңызы зор. Мұғалімдердің балалар ұжымымен кәсіби ұйым- дастырылған жұмысы барысында олардың әлеуметтік белсен- ділігі ретінде күрделі тұлғалық-кәсіби қасиеттер қалыптасады. Ұжымды қалыптастыруда сынып жетекшісі маңызды рөл атқара- ды, ол үнемі оқушылармен атқарылған жұмыстарды тіркеп, олар- ға талдау жасап отыруы тиіс.


Ұжымды қалыптастыру барысында оларға қойылатын та- лаптардан бөлек оның жеке кезеңдеріне немесе А.С. Макаренко бойынша «сатыларына» тоқталар болсақ, оқушы ұжымын дамы- тудың бірінші сатысы әдеттегідей олардың қарым-қатынастары- ның нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар ұжымға формальды түрде топтастырылады. Яғни сынып белсенділері болмағандықтан, мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл кезеңде мұғалім сабақта, сабақтан тыс уақыттарда оқушы- ларды бірлесіп атқаратын іс-шараларға тартуы және ол балалар- дың өзімен жақсы таныс болуларына аса мән беруі тиіс. Ұжым- ды дамытудың келесі кезеңінде талаптарды мұғалім ғана емес, сонымен қатар белсенді топ мүшелері де қоя бастайды. Сабақ барысында және сабақтан тыс іс-шаралар көбейіп, күрделеніп ауқымдана түседі. Ал топ белсенділері тапсырмаларды жеке оқушылардың мүдделерін көздейтіндей емес, ұжым қажеттілік- теріне сай тұрғыда бөледі. Оқушылар өзін ұжым мүшесі ретін- де санап, өз әрекеттерінің қоғамдық маңызын түсіне бастайды. Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде ұжымның әр- бір мүшесіне де жекелеген талаптар қойылады. Оқушылардың өз-өзін басқаруының деңгейі жоғарылап, қоғамдық пікірлер ескеріле бастайды. Яғни мұндай ұжым оқушыларды ұжым- шылдыққа тәрбиелеу құралы бола алады және әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады. Барлық даму сатыларында мұғалім үздіксіз тәрбиелеу міндеттерін атқа- рады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет