К. Ж. Қожахметова



бет49/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Ұжым – тәрбие құралы


Мақсаты: педагогикалық процесте ұжымдық іс-әрекеттің ықпалдастығы- ның ғылыми негіздерін сипаттау.
Жоспары:

    1. Ұжым, балалар ұжымы ұғымдарына түсінік.

    2. Мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы.

Негізгі ұғымдары: ұжым, балалар ұжымы, ұжымдық-танымдық іс-әрекет.
    1. Ұжым, балалар ұжымы ұғымдарына түсінік


Ұжым мәселесімен педагогтармен қатар философтар, психо- логтар, әлеуметтанушылар және т.б. айналысуда. Педагогикалық тұрғыдан теориясын қалыптастырып, дамытуға А.С. Макаренко, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, В.И. Сороко-Ро- синнский, С.Т. Щацкий және т.б. ғалымдар өзіндік тұрғыдан ат- салысты.


Әрине, педагогикада ұжым мәселесін А.С. Макаренко есімі- мен тікелей байланыстырамыз. Ол ұжымда жеке адамды қалып- тастырудың теориялық негізін құра отырып, оның басты белгіле- рін атап көрсеткен. Яғни ұжым – басқа да бір ұжыммен органика- лық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің іс-әрекетін ұйымдас- тыру; олардың арасында жауапкершілікті қарам-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептерде балалар ұжымы сыныптардан тұрады және олар жалпы мақсаттарды жүзеге асыруға бірлесе араласып, жақын қа- рым-қатынас орнатады.
Сонымен, оқушылар ұжымы деп ортақ мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізінде оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын айтамыз. Ұжымның жас ерекшелікке байланысты өз- гешеліктері бар. Айталық, балалар ұжымының үлкендер ұжымы- нан ерекшелігі:
– қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсаты- на бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
– ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;
– ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

– өзін-өзі сайлау органдарының болуы. Көптеген зерттеуші- лер тапсырмаларды, рөлдерді бөлудегі тең құқықтық, ұйымшыл- дық, адамгершілік, психологиялық, ықыластық, тәртіп және т.б. да ерекшеліктерге тоқталған.


В.А. Сухомлинский балалар ұжымы – өте сезімтал аспап, ол тек педагог арқылы ғана дамиды деп тұжырым жасаған. Бұл мұ- ғалім ұжымның даму заңдылықтарын, сатыларын, оқушылар- дың жеке мүмкіншіліктерін білуі тиіс дегенді білдіреді. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы перспективалық бағыттарының болуында, яғни жаңа перспективалар байқалғанда ғана даму ме- ханизмі болады. А.С. Макаренко перспективалық бағытты үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспективалар. Ұжым пробле- масын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілде- рін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұ- мыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үл- кен мән береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет