Білім берудің тұтастығы мен жүйелілігі
Білім берудің тұтастығы – білім беру процесіндегі барлық компоненттердің ішкі тұтастығы. Білім беру процесіндегі тұтас- тық мәселесіне әртүрлі себептер бар. Солардың бірі білім беру процесінің тұтастығы оқыту мен тәрбие бірлігінен құралады де- ген көзқарасқа келіседі. Тұтас білім беру процесі педагогикалық әрекеттегі білім беру және тәрбие функцияларын жүзеге асыруға, оқытуды дағдыландыруға алып келеді. Басқа көзқарастар тұтас- тықтың түсінігін тек оқыту мен тәрбиенің бірлігі ретінде емес, сонымен бірге тәрбиеленуші мен тәрбиешінің белгілі бір мақсат- қа негізделген іс-әрекеттерінің (ақыл-ой адамы әрекетінің функ- циясының, т.б.) бірлігі ретінде түсіндіреді.
Білім беру процесінің тұтастығы тәрбиелеуші мен тәрбиелену- шінің әрекеттестігіндегі жалпы мінез-құлқын бақылап отырады: педагог пен тәрбиеленуші қарым-қатынасының бірлігінде, «бас- қару алгоритмі» мен «функционалдық алгоритмі» бірлігінде жеке тұлғалық қарым-қатынас негізіне арнайы жүйеленген әрекетке ие. Ғалымдар білім беру процесін педагогикалық әрекетке жат- қызады. Осы ұстанымнан оның тұтастығы педагогикалық әрекет
компонентінің бірлігі ретінде көрінеді: педагогикалық процестің нәтижесін бағалау және бақылау, реттеу, ұйымдастыру, жоспар- лау, болжау.
Педагогикалық процесті тұтастық ретінде тек жүйелі тәсілдер ұстанымымен ғана қарастыруға болады. Жүйе – реттелген элеме- нттердің жиынтығы және атқаратын қызметтеріне сәйкес жалпы бір мақсатқа шоғырлануы (П.К. Анохин, В.Н. Садовский).
Педагогикалық жүйе мен компоненттер тұлға дамуы үшін білім алатын және тұтас білім беретін процестерде қызмет ететін көп- теген өзара байланыстың құрылымды компоненттері деп түсінді- ріледі. Білім беру жүйесінің құрылымды компоненті – білім беру мақсаты, педагог, тәрбиеленуші, білім беру мазмұны, білім беру тә- сілі. Берілген жүйе үлкен күрделі жағдайдың шексіз әртүрлілігінен көрінетін, мақсаттылық пен байланыс ретінде сипатталады.
«Білім беру» түсінігі диалектикалық қозғалыста орналасады. Ол тарихи және әлеуметтік жоспарда өзгереді, дамиды және жо- ғарғы сатыға көтеріледі. Білім берудің бұл қасиеті берілетін түсі- ніктің анықтамасында әртүрлі амал мен нақты мысал келтіруге мүмкіндік береді. Білім берумен жүйеленген білім мен танымдық әрекеттің құралдарын меңгерудің нәтижесі мен процесі түсіндірі- леді. Білім беруге дүниетанымды қалыптастыру жатады.
Тұлғаның қалыптасу процесі саналы және бейсаналы түрде оқыту арқылы оқу бөлімдерінің әртүрлі деңгейінде өз бетінше білім алуда, жұмыста, ата-анамен және құрдастармен қарым-қа- тынаста үздіксіз өтетін процесс тұлға білімінің үздіксіз сипатына дәлел болып табылады.
Бұл жағдай тұлғаның барлық жас кезеңіндегі білім беру қа- жеттілігін жүзеге асыруға жағдай жасаумен қамтамасыз етеді.
Қортындылай келе, ең бастысы: білім беру педагогика мен басқа да ғылымдарды теориялық назармен емес, өзіне-өзі белгілі бір атау ретінде емес, тек адам тағдырына қажетті маңыздылығы- мен байланысты үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |