К. Ж. Қожахметова


Қазіргі кездегі оқыту құралдары мен әдістері



бет64/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Қазіргі кездегі оқыту құралдары мен әдістері




Мақсаты: қазіргі кездегі оқыту құралдары және әдістер, әдістемелер жиын- тығымен таныстыру.
Жоспары:

    1. Қазіргі кездегі оқыту әдістері.

    2. Оқытудың құралдары мен әдістемесі.

Негізгі ұғымдар: оқыту құралдары, әдістері, шәкірт – ұстаз ынтымақтасты- ғы, әдістер жүйесі және т.б.


    1. Қазіргі кездегі оқыту әдістері


1960-1970 жылдар аралығында оқытудың түсіндірмелі-иллю- стративті түрі практикада кең орын алып келгені бәрімізге белгілі. 1960 жылдың аяғында оқушылардың танымдық қабілетін дамы- ту тұрғысында дидактика ілімінде жаңа бағыттар пайда болды. Оқытудың бұл түрі, зерттеушілердің пайымдауынша, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдану білім сапасының деңгейін көтеру- ге ықпал етеді. Оқыту әдіс-тәсілдері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қару- ландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту әдіс- терінің құрылымы өте күрделі. Оның мазмұндық құрылымын анықтағанда ғалымдар, ең алдымен атқаратын қызметін естен шығармау керектігін ескертеді. Оқыту әдістері, оларды дұрыс оқу мақсаттарына орай, бір-бірімен тығыз бірлікте, атқаратын қызме- тіне қарай қолданғанда ғана тиімділігі артады. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, мотивациялық қызмет атқа- рады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес қолдана білудің маңызы зор. Мұны жүзеге асыратын тіке- лей субъект оқытушы екендігі, ең алдымен оның теориялық білі- мінің тереңдігі мен әдістемелік-кәсіби шеберлігіне байланысты.


Әдіс сөзін (грек. «метод») сөзбе-сөз аударғанда «бір нәрсе-
ге жету жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелер- дің бірі – оқытудың әдістерін айқындау, топтау, жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де, білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін әртүрлі топтаудың жүйесі қалыптасқан. Дидактика ілімінің көрнекті өкілдері И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқыту әдістерінің сипатына қарай 5 түрін ұсынады.
– түсіндірмелі-көрнекілік әдісі: білімді «даяр» күйінде алу, яғни студенттер репродуктивті ойлау деңгейінде қалады;
– репродуктивті: үлгі, ереже негізінде оқу;
– проблемалық хабарлау, оқу материалын бере отырып, проб- лема қою, оқу іс-әрекетінің нәтижесін дәлелдей отырып, мәселені шешу жолдарын көрсетеді. Бұл қазір кең қолданылып жүрген әдіс;

– ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс. Ойлау проце- сі өнімділік сипат алады. Үйренуші өз бетімен жұмыс жасайды және олар үнемі бақылауда болады;


– зерттеушілік әдіс (оқушының өз бетінше шығармашылық- іздену әрекеті).
Белгілі ғылым Ю.К. Бабанский оқыту әдістерін 3 топқа бөліп қарастырады:
– бақылау, өзіндік бақылау: ауызша, жазбаша, лабораториялық- практикалық;
– оқытуды ынталандыру мен уәждеу: танымдық ойындар, оқу ой толғақтары, пікірталастар, мадақтау;
– оқу әрекеттерін ұйымдастыру;
– жүзеге асыру әдістері: сөйлеу, көрнекілік, практикалық ин- дуктивті, дедуктивті, ұқсату, проблемалы іздену, эвристикалық, зерттеу, репродуктивті (нұсқаулар, түсіндіру, жаттығу), кітаппен өз бетінше жұмыс.
Оқыту әдiсi – өте күрделi ұғым, өйткенi бұл әрекеттi, катего- рияны айқындайтын мәселенiң аумағы да, қамтитын жүйесi де сан салалы. Сондықтан да педагогика iлiмiнде әдiстемеге байланысты нақты тұжырымдалған анықтама боларлық бiрыңғай ереже жоқ десе де боларлық. Әдiстемені ғылымның әр саласын зерттеушi ға- лымдар бiр-бiрiне жақын пiкiрлер ұсынып оқыту, бiлгiзу және оны жүзеге асыру жөнiнде бiлiмдендiрудi ұйымдастыру әдiстерiн өз тұрғысынан қойылған мақсатқа жету тұрғысынан қарастырады.
Әдiс – оқыту барысында ұстаздар мен шәкiрттiң ынтымақтаса еңбектену нәтижесiнде қойылған мақсатқа жетуiн реттейтiн тәсiл. Оқыту әдiсiнiң көмегiмен оқушы белгiлi деңгейдегi бiлiмдi, iскерлiк әрекеттiң машығын, дағдысын игередi, дүниетанымын қалыптас- тырады, қабiлетiн өрiстетедi. Ал оқыту барысында әдiстi таңдай- тын және оны нақты әрекетке айналдыратын оқытушы ұстаз. Оқы- ту әдістеріне: сөздік әдістер (әңгіме, дәріс, кітаппен жұмыс), көр- некілік әдіс (бақылау, демонстрация, иллюстрация), машықтық әдістер (жаттығу, лабораториялық, зерттеу, өзіндік оқу жұмыста- ры, танымдық ойындар, ситуация, сұхбат), бақылау және өзіндік бақылау әдісі (бағдарламалы оқыту, білім беруді бақылау) жата- ды. Сонымен, оқыту әдiсiнiң атқаратын қызметi бiлiмдендiрудегi тиiстi мақсатқа жету, ал мақсатқа жету оқытушының шеберлiгiне, бiлiмдарлығына, оқу процесiн тиiмдi ұйымдастыра бiлуiне, шәкiрт- тердi ынталандыра алуына байланысты.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет