К. Ж. Қожахметова


Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау



бет70/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау


Мақсаты: оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау туралы түсі- нікті қалыптастыру.
Жоспары:

    1. Тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есеп- теу мен бағалау.

    2. Мектеп ішіндегі бақылау.

Негізгі ұғымдар: оқыту процесі, оқытудың сапасы, педагогикалық мектеп ішілік бақылау, бағалау және т.б.
    1. Тұтас педагогикалық процесте


оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білі- гін және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алаты- нын, онда оқыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкін- діктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетімен белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні – оқытушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда қазіргі педагогикада тұтас пе- дагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқы- мы айтарлықтай кең.
Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал, екінші жағынан, мұғалімнің оқушылар білімін тексеру мен баға- лауы. Отандық ғылымда «педагогикалық диагностика» атауының қолдану аясы тар және, көбінесе, тәрбие саласында көбірек қол- данылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын біл- діріп, психодиагностикаға жақындай түседі.
Оқыту процесіне қатысты «педагогика диагностикасы» атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданылған орынды. «Бақы- лау», «педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу» сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануға болады.

Бақылаудың үш түрi бар.


Алдын ала бақылау: сабақ өткiзу үшiн әзiрленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсiндiру, бекiту әдiстерi мен формала- ры туралы, оқушылардың өзіндiк жұмысының тәсiлдерi туралы әңгiме жүргiзу.
Күнделiктi бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуiн бақы- лау, оқушылардың бiлiмдерi мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын тексеру.
Қорытынды бақылау: белгiлi бiр уақыт аралығындағы мұ- ғалiмнiң оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтиже- лерiн зерттеу. Журналдар, мәлiмет тiзiмдердi тексерiп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткiзу.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқу- шылардың білім, білігі және дағдылары болып есептелінеді. Бі- лімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психоло- гиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тек- серу бағыттарында да жүргізілуі керек.
Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұ- мысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқу- шылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізіл- ген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет