К. Ж. Қожахметова



бет6/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Оның негізгі еңбектері: «Психология және К.Д. Ушинский- дің педагогикалық психологиясы», «ХІХ ғасырдың екінші жарты- сындағы Қазақстандағы Халық ағарту ісі мен мектеп», «ХІХ ға- сырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер», «Абайдың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары», «Абай Құнанбаев жастарды тәр- биелеу туралы» және т.б.
Негізгі идеялары: тәрбиеде аға ұрпақ тәжірибесін қолдану нәтижелі болады; тәрбиелеу процесіне барлық ғылымдар ара- ласады; оқу орындары, ең алдымен оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруды алға қоюлары тиіс. Төлеген Тәжібаевтың әріп- тесі Ібіней Сембаев (1905-1989) педагогика ғылымында өзіндік орны бар ғалым. Ол өзінің: «Қазақ-кеңес мектептерінің тарихы туралы очеркі», «Қазақстандағы кеңес мектептерінің даму тари- хы», «Ұлы ағартушы демократ Абай Құнанбаев» және т.б. еңбек- тері арқылы педагогика тарихының дамуына көрнекті үлес қосты. Негізгі идеялары: мектеп тәрбие ошағы; ұлттық мектептерде алдыңғы қатарлы педагогтардың педагогикалық ой-пікірлерін, тә- жірибелерін қолдану қажет деп санаған. Қартбай Бержанов (1924-
1976) Т. Тәжібаевтың шәкірті ретінде оның идеяларын дамытты.
Негізгі еңбектері: «Педагогика тарихы», «Ағарту ісін дамы- тудағы орыс-қазақ достығы», «Қазақстан мұғалімдерінің қоғам- дық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан», «Тарихи педа- гогикалық зерттеу», «Тәрбие мен оқытудың бірлігі», «Кластан тыс жұмыстарға көркемөнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру», «5-8 класс оқушыларына интернационалдық тәр- бие беру», т.б. Оның негізгі идеялары: халықтар достығы ин- тернационализмді тәрбиелейді; тәрбиеде адамгершілік және ең- бек тәрбиесі басты рөл атқарады.
Қазіргі таңда педагогика жаңа қырынан көрініс тапты. Қоғам өзгерістеріне сәйкес нарықтық педагогика, сугестепедиялық пе- дагогика туындауда. Педагогика курсы барлық мамандықтарда оқытылып, қажеттілігі басымдық танытуда.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет