К. Ж. Қожахметова


Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)



бет4/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).


Негізгі еңбектері: «Қазақ хрестоматиясы», «Мұсылманшы- лықтың тұтқасы», «Таза бұлақ», «Кел, балалар, оқылық», т.б., со- нымен қатар көптеген әңгімелер жазған.


Оның негізгі идеялары: барлық адамдарға білім беру; адам- дарды имандылыққа тәрбиелеу; мәселе шешімін ақылдан іздеу. Ы. Алтынсарин ең басты нәрсе оқу-білімге, ғылымға қол созу деп санаған. Дүниенің кілті ғылымда деп түсінді, халықты толықтай білімдендіру керектігіне аса мән берген. Ол үшін мектеп ашу ке- рек, сондай-ақ кәсіпке бейімдеу керек, ана тілде білім алу және оқулықтар қажеттігіне баса көңіл аударған. 1864 жылы Торғайда қазақ мектебін ашқан.
Қоғамдағы әділетсіздікпен күрескен, гуманитарлық ғылым- дарды дамытуға маңызды үлес қосқан қазақ даласының ғұлама- сы – Абай Құнанбаев (1845-1904). Оның еңбектерінің барлы- ғы педагогика ғылымына тиесілі. Атап айтсақ, «Қара сөздері»,
«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Мен жаз- баймын өлеңді ермек үшін». т.б.
Оның негізгі педагогикалық идеялары: гуманистік тәрбие беру; барлық адамды оқыту, тәрбиелеу; тәрбиені имандылыққа негіздеу; ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау.
Абай тәрбие құралына, ең алдымен үлгі-өнегені жатқызады, тәрбиеде өзін-өзі тәрбиелеу, есеп беру, сынай қарау, жауапкер- шілікті болу, өзін-өзі бағалау ең маңызды деп санаған. «Ар- тық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген ойлардың авторы да Абай. Ол ақыл-ой, еңбек, отбасы, имандылық, эстетика тәр- биесін жете қарастырған. Оның ой-пікірін жалғастырған Шә- кәрім Құдайбердіұлы (1858-1930). Негізгі еңбектері: «Үш анық», «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Мұсылман- дық шарты», т.б. Негізгі идеялары: тәрбие гуманистік, демок- ратиялық, имандылық тұрғыдан берілу керек; ұлттық білімді жетілдіру; рухани жан дүниені байыту. Ақиқат, шындықты жете танып, оны құнарлы оймен, құнды сөзбен жеткізе білуге аса мән берген. Тәрбиеде өмір сүріп жатқан қоғамды ескеру, бала табиғатын ескеру, ұлттық өнегені ескеру қағидаларына сүйенуді ұсынады.
Педагогика саласына үлес қосқан ақындардың көрнектісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет