К. Ж. Қожахметова


Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі, салалары. Негізгі категориялары



бет7/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Педагогика ғылымының пәні мен

атқаратын қызметі, салалары. Негізгі категориялары




Педагогика, түптеп келгенде, «мәңгілік» проблемалармен айна- лысатынына қарамастан, оның пәні нақты әрі айқын: бұл – оқу- тәрбие ұйымдары жүзеге асыратын тәрбиелеу қызметі. Педаго- гика өзінің бүкіл іс-қимыл әрекетін қоғамда пайда болған тәрбие мен білім беруге, оқытып-үйретуге қатысты өзекті мәселелерді жедел шешуге жұмылдырып, бағыттап отыратын қолданбалы ғылым ретінде қаралады. Педагогиканың даму негіздері – адам- дардың өмір салты, дәстүр-дағдысы, әдеп-ғұрпы, халықтық педа- гогикада берік орныққан тәрбие беру тәжірибесінің сан ғасырлық ғибрат-тағылымдары, философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектері, тәрбиелеудің әлемдік, жеке отан- дық ағымдағы тәжірибесі. Арнайы ұйымдастырылған педагоги- калық зерттеулердің деректері бірегей идеяларымен білім беру және ұрпақ тәрбиесі ісін байытып, жетілдіріп отыратын жаңашыл ұстаздардың тәжірибесі және қазіргі тез өзгеріп отырған жағдай- мен үйлестірілген тәрбиелеу жүйелері болып табылады.
Педагогика – кең ауқымды, сан салалы ғылым. Оның зерт-
тейтін пәнінің күрделілігі жеке, тіпті аса жан-жақты ғылымның өзі оның мәнін, барлық байланыстары мен құралдарын қамти алмас еді. Ақпарат-деректерді жинай отырып, ұзақ даму жолы- нан өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды. Сондықтан қазіргі заманғы педагогиканы тәр- бие туралы ғылымның жүйесі деп атаған жөн.
Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастарында үш ой түйінделген:

  1. педагогика – адамзат білімінің пәнаралық аумағы. Мұндай көзқарас педагогиканы жеке теориялық ғылым ретінде, яғни пе- дагогикалық құбылыстардың көрініс аумағы ретіндегі шын мәнін жоққа шығарады. Бұл жағдайда педагогикада әртүрлі ең күрделі ақиқат объектілері (космос, мәдениет, саясат, т.б.) табылады;

  2. педагогика – қолданбалы пән, басқа ғылымдардан (филосо- фиядан, психологиядан, жаратылыстанудан, әлеуметтанудан, т.б.) алынған оның қызметі білімді жанама пайдалануда және білім беру немесе тәрбиелеу сферасында пайда болатын, тапсырмалар- ды шешуге бейімделген білімдерді жанама қолдануға арналған. Мұндай педагогиканың мазмұны педагогикалық құбылыстардың

жеке жақтары туралы фрагменттік (бөлшектік) ойлардың жиын- тығын құрайды;



  1. педагогика – бұл өзінің объектісі мен зерттеу пәні бар жеке пән.

Педагогика жеке ғылым ретінде қарастырылатын үшінші көз- қарас неғұрлым кең мойындалады.
Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін оның пәндік аума- ғының шекараларын орнату керек, оны «Ол нені зерттейді?» де- ген сұраққа жауап беру арқылы анықтауға болады. Сондықтан педагогиканың объектісі мен пәнін ұғыну қажет.
Педагогиканың объектісі шынайы педагогикалық құбылыс болып саналады, олар қоғамның мақсатты әрекетінің процесінде адамзат индивидінің дамуын негіздейді. Ақиқаттың мұндай құ- былысы білім болып табылады: адамның, қоғамның және мемле- кеттің назарындағы тәрбие мен оқытудың мақсатты процесі.
Пән – бұл объектіні берілген ғылым позициясынан көру әдісі. Педагогиканың пәні саналы түрде және мақсатты ұйымдасты- рылатын педагогикалық процесс болып табылады. Педагогика- лық процестің астарында тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің өза- ра әсерлерінің нақты тәрбиелік жүйенің уақыт бойынша дамуын, арнайы ұйымдастырылуын түсінуге болады. Педагогика ғылы- мы педагогикалық процесс мәнінің заңдылықтырын, ұстанымда- рының, тенденцияларының және перспективаларының дамуын зерттейді, оның ұйымдастыруының теориясы мен технологиясын жасап шығарады, мазмұнын жетілдіреді және жаңа ұйымдастыру формаларын құрады, әдістері мен тәрбиелеушілердің және тәр- биеленушілердің (балалар мен ересектердің) педагогикалық іс-
әрекеттерінің қабылдауларын құрайды.
Педагогиканың объектісі мен пәнін осылай түсіндіре келе, мынадай қорытынды жасауға болады, педагогика – бұл балалар мен ересектерді, яғни жалпы адамдарды тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым.
Педагогикалық ғылымның функциялары қандай, яғни оның пәнімен негізделгендері қандай?
Педагогикалық ғылым кез келген басқа ғылымдардың тәртібі сияқты дәл сондай қызметтер атқарады: сипаттау, шынайы құбы- лыстарды түсіндіру мен болжам айту.
Педагогика ғылымы келесідей функцияларды бөліп қарасты- рады: жалпы теориялық, болжамдық және практикалық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет