К. Ж. Қожахметова



бет52/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
Байланысты:
Педагогика

ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ



  1. тақырып

Дидактика оқыту теориясы


Мақсаты: оқыту теориясы және педагогикалық процестегі оқытудың маз- мұнын ашып көрсету.
Жоспары:

    1. Дидактика туралы жалпы түсінік.

    2. Оқыту – педагогикалық процестiң құрамдас бөлiгi. Оқытудың атқара- тын қызметі.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, дидактика, оқыту теориясы, оқы- ту заңдылықтары, оқыту ұстанымдары, т.б.
    1. Дидактика туралы жалпы түсінік


Жоғарыда айтылғандай, тұтас педагогикалық процестің ком- поненттері оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Екеуі өзара байланыста, тұтастықта жүргізіледі. Дегенмен бұл компоненттер- дің өзіндік ерекшеліктері де бар. Педагогикалық процесте оқыту процесі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағ- ды және жеке қасиеттер қалыптастырылады. Оқыту процесінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдісте- рін және т.б. мәселелерін педагогиканың өзекті саласы – дидак- тика атқарады. Дидактиканы дамытуда Я.А. Коменский, И.Г. Пес- талоцци, И.Ф. Гербарт, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, М.А. Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педагогы – Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактика гректің didaktikos – оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
– не үшін оқытамыз (оқыту мен білім беру);
– кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);
121



    • оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);

    • неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);

    • оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);

    • оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, ком- пьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);

    • оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер);

    • оқыту нәтижелерін қалай бақылау мен бағалауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері).

Оқыту барысында ең маңызды әрекет оқыту әдісін таңдау. Мұнда сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдістерін таңдау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне, мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне, оқыту технологияларына байланысты.
Оқыту технологиясы негiздерi – бiлiмнiң мазмұнын айқындай- тын оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралда- рымен оның әдiстеме саласындағы бiлiм, тәрбие беру жүйесiндегi заңдылықтарды бiр-бiрiмен бөлмей бiрлiкте қарайды.
Дидактика оқу орындарында оқытылатын барлық пәндер- ге қатынасты, ортақ заңдылықтар мен ережелерді талқылайды. Сондай-ақ оқытудың негізгі мазмұнына байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Былайша айтқанда, дидактика оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен қатар дидактика жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріне ерекше зейін қояды. Жеке пәндерді оқыту, білім беру, тәрбиелеуді пәндік ди- дактика немесе сол пәннің әдістемесі деп те атаймыз. Дәлірек айтқанда, жеке пән әдістемесі жалпы дидактикаға сүйенсе, жал- пы дидактика тиісті деректерді жеке пән әдістемесінен алып пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары – білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құ- рамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері, әдіс- тері, құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика үнемі дамып, өркендеп отыратын

сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны мең- гермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап, уа- қыт мәресінен шығу мүмкін емес.


Оқыту – танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогика- лық негіздері. Оқыту – ұстаздар мен шәкірттің бірлескен әрекеті. Оқыту процесінің логикасын оның құрылымы анықтайды. Ал құ- рылымды танымдық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша сипаттасақ, ол көбінесе төмендегідей жүйеде болады:

    • танымдық міндеттерді жете түсіну;

    • жаңа деректер мен түсініктерді қабылдау;

    • ұғыну – жаңа деректер мен түсініктерді көңілге қондырып, ойлану;

    • білімдік мағлұмат атқарылған іс-әрекетке байланысты дағ- дыны қалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;

    • меңгерген материалдарын өмір практикасында пайдаланып, іс жүзінде нақты қолдана білу;

    • оқушының ұғым-түсінігі мен атқарған іс-әрекетінің қандайлық дәрежеде екендігін талдап, меңгерген дағдысын тексеру, бағалау.

Танымдық ұғым түсінікті және онда қойылған міндет айқын болса, оқушының өздігінен ізденіп, тиісті сауалдың шешімін та- буға ынталы кіріседі де, оқыту процесіндегі заңдылықтар тиісті ретімен жүзеге асады. Сабақ барысында жаңа деректермен таны- сып түйсінуі, қабылдауы оны ұғынуға жол ашады. Өйткені қа- былдау – адамға тікелей әсер ететін заттар немесе құбылыстың санада бейнелену процесі, ал түйсіну сананың сыртқы әлеммен байланысы тұрғысынан түсінеміз, былайша айтқанда, түйсік се- зім мүшелеріне әсер еткен құбылыстардың шартты бейнеленуі.
Оқушыны жаңа материалдармен таныстыру олардың тікелей қабылдауына мүмкіндік туғызатын болса, бұл процесс таныстыру, бақылау, практикалық жұмыстар арқылы немесе оқытушының жа- нама түсіндіруі, эвристикалық тұрғыда ізденту, оқулықтар бойынша атқарылатын жаттығу, тапсырманы орындау бойынша жүзеге асады. Меңгеру – білімдік мағлұматты түсініп, ондағы заңдылық- тар мен деректерді жинақтап тиісті қорытындыға келу. Меңгеру процесінде оқылған материалдар туралы ойластырып, келтіріл- ген деректер мен дәлелдерді көңіліне бекітеді. Зейін қойып, есіне берік сақтайды. Дәлірек айтар болсақ, бекіту – оқушының алған білімін берік ұғынуына мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Осыны ескергендіктен тәжірибелі мұғалімдер жаңа сабақтағы жаңа ма-

териалдарды оқушының тиянақты меңгертуі кезінде де, өткен са- бақты пысықтау, қайталау кезеңдерінде де бекіту тәсілін түрлен- діре отырып пайдаланады.


Оқыту процесіндегі танымдық қағида – нақты аңғарудан абст- ракты (дерексіз) ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың диалектикалық реалды жолы екендігі ежелден айтылып келе жатқан шындық. Бұған оқыту жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ: нақты аңғару – түйсіну мен қабылдау екені, абстракты (дерексіз) ойлау – мәнін түсініп, мәселенің болмысын ұғыну, ал практикаға көшу – білімді іс-әрекетте қолдану арқылы процесті тексеріп, бағалау болып шығады.
Оқу процесін жүзеге асыруда мотивтің мәні зор. Мотив деге- німіз – әрбір тұлғаның объективтік мұқтаждығы мен ынтасынан туындайтын талпыныс. Олай болса, оқушының білуге, ұғынуға, оқуға деген ынталы мұқтаждығын демеп, талпынысын қолдап, іс-әрекетке пейіл сала кірісіп, қойылған міндетті тиісті деңгейде атқаруын қадағалау керек. Демек, шәкірттің білімге деген мұқ- таждығы мен ынтасы мотивацияға негіз болса, олардың бұл тал- пынысын оқытушы терең сезіне отырып, оқытатын сабағын қы- зықты да тартымды болуына зейін қоюға тиіс. Ол үшін тақырып- қа үйлесімді көрнекілік, техникалық құралдар, ойын, компьютер, т.б. ретті түрде қолданылуы керек.
Әрине, оқушының көздеген өзіндік мақсатына, перспектива- сына ұмтылдыратын мотивтер тұлғаны ешбір уақытта бейжай қалдырмайды. Өзінің болашағы үшін таңдаған мамандыққа, кә- сіпке байланысты пәндерге шәкірттер ерекше назар салып, оған ынталы ықыласпен қарайды. Олардың талпыныс мотивтері бұл саладағы сұрақтар мен проблемаларды өзінше шешіп, атқарған іс-әрекетінің жүйесіндегі табысынан қанағат тауып, ертеңіне де- ген ізденісі мен сенімі жетіле түседі. Осы тұрғыдан оқудың пси- хологиялық сипаты – танымдық мотивтер оқушының жаңа бі- лімді игеріп, оны ұғыну тәсілдерін тереңдетіп, өздігінен ізденуге кеңірек жол ашумен қатар, алған білім-түсінігін өмірде қолданып жүзеге асыруға құлшындырады. Ал әлеуметтік тұрғыдан қара- ғанда мотивтер оқудағы белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын терең сезінуіне мұрындық болады. Сондай-ақ мо- тивтердің жүзеге асуы оқушының тәлім-тәрбие, оқу саласындағы беделін өсіріп, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына игі ықпал жасайды.

Оқытушының назарында болатын басты мәселенің бірі – мо- тивтер оқушының жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отыра- ды. Тұлғаны перспективтік талабына, көзқарасының жетілуіне орай, тиісті пәндерді меңгеруіне байланысты мотивтер жаңа арна тауып тиісті бағдарда өркен жая түседі.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет