К. Ж. Қожахметова


ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет2/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Педагогика

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ


  1. тақырып

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде


Мақсаты: педагогика ғылымының орны, рөлі, пәні мен міндеттері және оның ғылым және өнер ретіндегі мәнін түсіндіру.
Жоспары:

    1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.

    2. Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын қызметі. Негізгі ка- тегориялары.

    3. Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы. Негізгі ұғымдар: педагогика, ғылым, тәрбие, білім, оқыту, мақсат, катего- риялар, принциптер, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, даму, қалыптасу, педа- гогикалық білім беру, болашақ маман, т.б.

    1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым


Ғылыми педагогика ХVІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен мектептердің пайда болған кезеңі. Бұл жаңалықтар чех педагогы Я.А. Коменский- дің есімімен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұ- рыс ережелерін, сонымен қатар «Ұлы дидактика» атты ірі еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған да Я.А. Коменский.


Сонымен қатар Я.А. Коменскийдің iзiмен батыс еуропалық пе- дагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан- Жак Руссо, швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, немiс пе- дагогтары Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс педагогы К.Д. Ушинский және т.б. ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында қолданбалы- эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
7

Педагогика – тәрбиелеудің қатынастары туралы ғылым, тәр- биелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.


Педагогика атауының түптөркіні гректің «пайдос» бала және
«аго» – жетектеу деген сөздерінен шыққан. «Пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Яғни баланы өмірге жетектеу, оқыту, тәрбиелеу, жаны мен тәнін дамыту дегенді білдіреді. Ежелгі Грекияда қожайын- ның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмiрге келiп, уақыт сы- нынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие тура- лы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдер- ді жинақтап, жүйелеуді өзінің алдына басты міндет етіп қойды.
Педагогика – бұл аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені жеткізуі мен оны кіші ұрпақтың белсенді игеруінің заңдылықтарын зерт- тейтін ғылым.
Ақиқатты іздеу, оқыту және тәжірибе жинақтау заңдылықта- рын ашу жолында ұзақ және қиын ізденістен өтіп, ғылыми негіз- делген білім жүйесіне айналды, ол практикада осы заңдылықтар- ды пайдаланушы өнерге, яғни адамдардың өз ұрпақтарын оқы- тудағы және тәрбиелеудегі өнерге ұласты. Теория мен практика- ның шығармашылық өзара әрекеттілігі педагогиканы ғылым мен өнерге айналдырды.
Педагогиканың элементтері қоғамды дамытудың алғашқы ерте кезеңінде тәрбиенің туындауымен пайда болды. Педагоги- калық ойдың нәтижесін сипаттау үшін педагогикалық уағыздар айтылды. Бізге олар мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздер, қанатты сөздер түрінде жетті. Жазудың пайда болуымен халық пікірлері ақыл-кеңес, ереже сипатында бейнелене бастады. Пе- дагогикалық ойларды, көзқарастарды, идеяларды қамту арқылы халықтық педагогика туындады.
Бастапқы кезде педагогикалық білімдер философияның эле- менті болып табылатын. Фактілердің жиналуымен тәрбиелеу тә- жірибелерін жинақтау, теориялық бастауларды анықтау әрекет-

тері жасалып, алғашқы педагогикалық ортақтастықтар жасалды, бұл педагогиканың ғылым ретіндегі бастауы болды. Оның теоре- тиктері ірі ежелгі гректік ойшылдар Сократ (469-399 ж. б.з.д.), Платон (427-347 ж. б.з.д.), Аристотель (384-322 ж. б.з.д.) болған, олардың еңбектерінде адамды тәрбиелеу, оның тұлғасын қалып- тастыруға байланысты идеялар мен көзқарастар орын алды.


Оқыту мен тәрбиелеудің алғашқы әдістемелік тәсілдерінің бі- рін Сократ ойлап тауып, кейіннен оны практикада қолданды, ол
– сұрақ-жауаптық оқу әдісі («сократтық әдіс»). Сократтық әдістің мәні – оның сұрақтарының ретті қойылуында, яғни оларға жауап бере отырып оқушы белгілі бір шынайы қорытындылар жасаған. Сократтық әдісті өз шыңына Сократтың дарынды шәкірті ұлы философ Платон жеткізген.
«Мемлекет туралы» атты трактатында Платон оқыту мен тәр- биелеудің жүйесін жасады және «идеалды мемлекеттің» нығаюына қызмет ету керек деген пікірін білдірді. Платонның концепциясына сәйкес барлық адамдар үш кастаға бөлінеді. Тәрбиелеу мен білім беру жүйесі әрбір кастаға өз функцияларын жақсы орындауды қамтамасыз етуі керек болды. Жер өңдеушілер табы өндірістік тәжірибелерді қабылдаулары тиіс еді. Тәртіп сақшылары (батыр- лар) және басшылар, ең алдымен дене тәрбиесі курстарынан өту керек болды, гимнастиканы, содан кейін оқу, хат, есеп пәндерін оқыды.
Білімнің шыңы деп Платон диалектикамен айналысуды сана- ды, оны игеру жаттығуды, әуенді және математиканы меңгерген- нен кейін ғана басталатынын айтқан. Платонның педагогикалық көзқарастарын Аристотель дамытты. Ол этикалық жақсы істерді тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген және жақсы істер адамдарға та- биғаттан берілмейді, алайда табиғат оған себепкер болады деп пайымдаған. Сонымен қатар бұл мүмкіндік адамның өзінің ты- рысулары, оның әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы жүзе- ге асады. Әділ істер жасай отырып адам-әділетті болады, ерлік жасай отырып адам-батыр болады, сабырлы әрекет етіп адам- сабырлы болады деген пікірлер айтқан. Жалпы алғанда, Арис- тотель тәрбиені – адамның физикалық, дене және ақыл-ойының жетілуінің бірлігі деп қарастырған.
Антикалық педагогикалық ойдың өзіндік даму қорытындысы римдік философ және педагог Квинтилианның (35-96 ж. б.з.) «Об образовании оратора» атты трактаты болды. Квинтилианның ең-

бегі ұзақ уақыт бойы педагогика бойынша ең басты еңбектердің бірі ретінде саналды, Цицеронның шығармаларымен қатар оны риториканың барлық мектептерінде оқыды.


Орта ғасырлар кезеңінде шіркеу қоғамның рухани өмірін мо- нополиялады, тәрбиеге діни бағыт енгізді. Діни дүниетаным жеке және қоғамдық өмірдің барлық аумақтарына өтіп кетті. Тәрбие- леу мен оқыту конфессионалды сипатта болды. Антикалық ке- зеңде көтерілген тұлғаның жан-жақты дамуы туралы идея естен шығарылды. Ортағасырлық дүниетанымның негізгі бағытына сай адам жанын «құтқаруға» – тәрбиелеуде ең бірінші жоспар- ға діни аскеттік идеясы қойылды, яғни тұлғаның тәні мен руха- ни жоғарылауын жансыздандыру, құдайлық тақуалықты ұстану амалы ретінде.
Тәрбиелік әсердің негізгі формасы шіркеулік уағыз болды. Уа- ғыздық қызметті молдалар жүргізді. Дегенмен шіркеу қызметкер- лерінің ішінде өз заманының оқыған философтары болғанымен, мысалға Августин (354-430), теолог Фома Аквинский (1225-1274), т.б. педагогикалық теория жаңа идеялармен аз да болса байыды.
Догматтық білім берудің берік ұстанымдары, осы кезеңге сай, бірнеше ғасырлар бойы тіршілік етті.
Педагогикалық ойдың дамуындағы маңызды кезең Қайта өр- леу (XIV-XVI ғ.) дәуірімен байланысты. Бұл кезең педагогикалық ойдың бетбұрысы болады, ол антикалық мұраны меңгеруге, ан- тикалық мәдениеттің қайта өркендеуіне бағытталды. Қайта өр- кендеу дәуірінің гуманистерінің адам мүмкіндіктерінің шексізді- гіне деген сенімдері мол болды. Олардың көзқарастарына сәйкес адам – Ғарыштың орталығы, еркін, өзіндік әрекетшіл тіршілік, өз тағдырын және өзін-өзі жасаушы.
Қайта өрлеу педагогикасының қайнар көзді идеяларының бі- рі – жер қуаныштарының және адамның сезімдік ләззатының та- биғилығы. Тәрбиелеудің мақсаты – үйлесімді жетілген тұлғаны тәрбиелеу, яғни тұлғада физикалық кемелділік пен бай рухани мазмұнды байланыстыру.
Қайта өрлеу дәуірінде бірқатар жарқын ойшылдар, педагог- гуманистер қалыптасты. Педагогикалық ойдың тереңдеуіне үл- кен үлес қосқан италиялық Витторино да Фельтре (1378-1448), француз Франсуа Рабле (1494-1553), ағылшындық Томас Мор (1478-1535). т.б. болды, олар балаларды қалай тәрбиелеу мен оқы- ту туралы ілімдерді жүйеледі, жалпылама, теңдік қоғамдық тәр-

биеге, тұлғаның жан-жақты дамуы мен оқуды еңбекпен ұштасты- ру тұрғысында өз ойларын білдірді.


Мишель Монтень (1533-1592) өзінің атақты «Тәжірибелер» атты шығармасында құдайлық көрегендік туралы діни ілімді се- німсіз бағалайды және адамның сарқылмас мүмкіндіктеріне се- німділіктерін білдіреді. Оның адамның дамуы туралы идеялары өте қызықты. Монтень баланы (нәрестені) ересектің кішірейтіл- ген көшірмесі ретінде емес, табиғи дербестік, тумысынан тұң- ғыш шыққан тазалыққа ие адам ретінде қарастырған. Бала сыни қөзқарасы арқылы бағаланып, оның қабілетінің жетілуінің өлше- мі бойынша тұлғаға айналады.
Голландиялық Эразм Роттердамский (1467-1536) «Балаларды бастапқы тәрбиелеу туралы» («О первоначальном воспитании детей») атты педагогикалық трактатында педагогикалық идея- ларды туындату кезінде антикалық және христиандық дәстүр- лерді байланыстыру қажеттілігі туралы жазады. Оның ойынша, тәрбиенің негізінде белсенділік ұстанымы болуы қажет, тәрбие- леуге баланың өмірінің алғашқы жылдарынан бастап кірісу ке- рек. Оқыту бағдарламасы оқушыларға шамадан тыс қиындық келтірмеуі, яғни олардың оқуға деген ынтасын жоғалтпауы қажет екендігіне аса көңіл бөлген.
Неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) Еуропада алғаш- қылардың бірі болып балаларға арналған оқулықтар мен оқыту- шыларға арналған оқу-әдістемелік құрал жазған. Бұл кезеңде пе- дагогикалық ойдың одан әрі дамуына капиталистік қоғамдық қа- тынастар үлкен әсер көрсете бастайды. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға деген қатынасын, мақсаты мен білім берудің мәніне деген қатынастарын түбегейлі өзгертті. XVII ғасыр педагогикасына ағылшын философы Фрэнсис Бе- конның (1561-1626) идеялары маңызды әсер етті. Оның «Білім
– күш» афоризмі, тәжірибеге деген акценті, шынайы әлемді эм- пирикалық тану білім беру әдістемелерінің қолданбалы аспекті- лерінің дамуына түрткі берді.
Сонымен қатар чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592- 1670) педагогиканы ғылым ретінде бөліп қарастыруда орны ерек- ше. Адамдарды жақсылық идеалдарына және қоғамға пайда кел- тіруге дәріптеген, сондай-ақ соған сәйкес қалыптасуына ықпал етті, ол «Адам ең жоғарғы, ең құнды, ең күшті жаратылған туын- ды» деп санаған.

Я.А. Коменскийдің көптеген айтылған идеялары өз маңызды- лығын, ғылыми мәнін әлі күнге дейін жоғалтқан емес. Ол ұсын- ған ұстанымдар, әдістер оқу формалары (сынып-сағаттық жүйе, табиғи сәйкестілік ұстанымы, т.б.) педагогикалық теорияның ал- тын қорына енген.


Ағылшын философы және педагогы Джон Локк (1632-1704) басты назарды тәрбие теориясына аударған. Балалардағы тумы- сынан болатын қасиеттерді жоққа шығарып, оларды «таза тақ- таға» теңейді, онда кез келген нәрсені жазуға болады, мұнда тәрбиенің үлкен күшін меңзейді. «Мысли о воспитании» атты еңбегінде ол джентельменді тәрбиелеуге, яғни өзіне-өзі сенім- ді, жоғары білімділікпен іскерлік қасиеттерге, ұстанымдарының ұнамдық қатаңдығына және ғажап әдепке ие адамдардың көзқа- расын баяндайды.
Алдыңғы қатарлы француз ойшылдары Д. Дидро (1713-1784), К. Гельвеций (1715-1771), П. Гольбах (1723-1789), Ж.Ж. Руссо (1712-1778), швейцарлық педагог И.Г. Песталоцци (1746-1827) догматтықпен және схоластикамен күрес жүргізді, тұлғаның тәр- биеленуі мен қалыптасуының шешуші рөлі туралы ойын ортаға салды.
Жан-Жак Руссо баланың жеке басына деген сыйласымдылы- ғына негізделген «еркін тәрбие» теориясының негізін салушы болып табылады. Ол балалардың табиғи кемелділігі идеясынан шыққан. Оның ойынша, тәрбие бұл кемелділіктің дамуына ке- дергі болмауы қажет, сол себептен балаларға толық еркіндік көр- сету керек, олардың икемділіктеріне және қызығушылықтарына икемделу қажет деп санаған.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясының негізінде та- биғи тәрбиелеу принципі жатыр, яғни адам табиғатының талап- тарына сәйкес тәрбиелеу.
Иоганн Генрих Песталоцци өз замандастарының прогрессив- ті идеяларын дамыта отырып, білім алуды еңбекпен ұштастыру теорясын ұсынған. Ол білім алудың мақсаты – адамның барлық күші мен қабілеттерінің үйлесімді дамуында деген, яғни білім не- гізін анықтау кезінде адам психикасының біліміне сүйену қажет. Сондай-ақ педагогикалық ойдың дамуына үлкен үлес қосқан- дар орыс ойшылдары, философтары, педагогтары. Киевтік Русь- тің педагогикалық ойы славян пұтқа табынушылық дәстүрі мен шығыс православ христиандығының өзара әрекетінен туындаған.

Русьте мәдениет пен ағартушылық ерекше тез дами бастады, 988 жылы христиандықты қабылдағаннан кейін XI ғасыр ежел- гі орыс мәдениетінің кең танымал ескерткіші – «Поучение князя Владимира Мономаха детям» туындады. Мономахтың «Үйретуін- де» үш негізгі бағыт бөлінеді:



  1. өз қызметтеріне қатысты адамгершілік көрсету;

  2. орыс жерінің жауларымен күресте қайратты және батыл болу;

  3. ғылымды сүю, кітаптық білімді құрмет тұту.

Владимир Мономах құдайға тақуалықпен емес, ізгі істермен жағу керек деп жазған. В. Мономах «кітап іліміне ие» адамдарды еліктеуге тұрарлық деп айтқан.
Таным мен білім беру мәселелері басқа да ежелгі орыс ойшыл- дарымен өңделген (Иоанн Златоуст, Кирилл Туровский, Семион Полоцкий, т.б.).
Педагогикалық ойдың дамуына үлкен үлес қосқан орыс ға- лым-энциклопедисті – Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765). Ол әртүрлі ғылыми, техникалық және мәдени бастамалардың ба- сында тұрды. Оның ұсынысы мен жобасы бойынша Мәскеу уни- верситеті ашылған. Қоғамның дамуын көре отырып, ең бастысы ғылым мен ағартушылықтың дамуын көре отырып, М.В. Ломо- носов Ғылым академиясының дамуына, оның жұмысын оқу-ғы- лыми мекеменің жұмысы ретінде кеңеюіне деген күресте көп күш жұмсаған. Ол ана тілде оқытуды жақтаған және студенттер- ге орыс тілінде дәріс оқыған, сондай-ақ саналы, ретті, жүйелі, көрнекі білім беруді ұсынады, оның негізі ғылымилық принцип деп санады.
Ресейлік педагогикада өшпес із қалдырғандардың қатарына Н.И. Новиков (1744-1818) пен А.Н. Радищевті (1749-1802) жат- қызуға болады.
Николай Иванович Новиков Ресейдегі ең бірінші балалар жур- налын «Детское чтение для сердца и разума» атауымен басып шығарған және ағартушылық позициясынан крепостнойлық тәр- тіпке қарсы күрес жүргізген. Ол алғаш рет орыс тілді баспаларда және педагогикалық әдебиеттерде педагогиканы ғылым деп жа- риялаған. Тәрбиелеуде Н.И. Новиков бірнеше бағыттарды анық- таған: дене, адамгершілік, ақыл-ой және олардың жиынтығы не- гізінде адамдар, азаматтар қалыптасады деген.
Александр николаевич Радищев тәрбиедегі прогресті қоғам- ның әділеттілік пен халықтық бақыттың бастамасына қайта ор-

нығуымен байланыстырды. Ол азаматтық тәрбиеге көңіл аудар- ған, білім берудегі сословиелікті жоюды және оны дворяндар, шаруалар үшін қолжетерліктей етуді талап еткен.


Сондай-ақ орыс ойшылдары, философтары және жазушыла- ры В.Г. Белинскийдің (1811-1848), А.И. Герценнің (1812-1870), Н.Г. Чернышевскийдің (1828-1889), Н.А. Добролюбовтың (1836- 1861) еңбектері кеңінен танымал болған. Гуманистік идеяларды атақты педагогтар К.Д. Ушинский (1824-1870), Н.И. Пирогов (1810-1881), Л.Н. Толстой (1828-1910), К.Н. Вентцель (1857-1947),
т.б. бөліскен болатын.
Орыс социал-демократтары әлемге өздерінің тәрбие мақсатта- рының көріністерін ұсынды. Виссарион Григорьевич Белинский крепостнойлық тәртіпке және патшаға қарсы болған, оны тәрбие- нің мақсаты деп санаған.
Александр Иванович Герцен тәрбиенің мақсаты – қоғамдық зұлымдықпен күресетін ерікті, адамгершілікті, әрекетшіл, жан- жақты дамыған тұлғаны дайындау деп түсінген.
Николай Гаврилович Чернышевский адамды табиғат жараты- лысының ең жоғарғысы деп санаған, оның қызметі мен тәрбиесі ең алдымен әлеуметтік ортамен негізделген. Тұлға әртүрлі қо- ғамдық факторлар мен институттардың, шығармашылық және әдебиеттің, отбасы мен мектептің әсері арқылы қалыптасады де- ген пікір айтқан. Әлеуметтік өзгерістер жеке адамның, жалпы ха- лықтың да мінездеріне өзгеріс енгізеді. Н.Г. Чернышевский адам белсенділігіне көп мән берген, ал белсенділіктің қайнар көзі оны қажет ету және сол қажеттілікті сезіну болып табылады деп ой түйеді. Осыдан әртүрлі, танымдық, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек- тік және басқа қажеттіліктердің тәрбиеленуінің керек екені туын- дайды. Демек, қажеттіліктер – тұлға қалыптасуындағы маңызды шарт.
Н.Г. Чернышевскийдің тәрбиеге және оқытуға деген көзқарас- тарын николай Алексанрович Добролюбов бөліскен. Ол сол кез- дегі Ресейдегі білім алуға деген құқықтардың шектелуіне сынай қараған, демократиялық позицияда болған және адамның табиғи ұмтылыстарын қанағаттандырудан тәрбие идеалын көрген.
Педагогикалық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ға- лымдардың бірі Николай Иванович Пирогов жалпыадамзаттық тәрбиенің мәні мен орнауы туралы алдыңғы қатарлы идеяларды ұсынған.

Константин Дмитревич Ушинскийді Ресейдегі ғылыми педа- гогиканың негізін салушы деп есептеген. Ол әлеуметтік-саяси мәселелердің педагогикалық шешімін табуға бағытталған орыс- тардың ағартушылық дәстүрін жалғастырған. К.Д. Ушинский білім беруді демократиялау үшін қоғамның барлық табының бі- лім алуға деген тең құқылығын жақтаған. Тұлғаны тәрбиелеуде К.Д. Ушинский еңбекке үлкен мән берген. Оның ойынша, еңбек тұлғаның қалыптасуындағы бастапқы фактор болып табылады.


«Тәрбиеге ұйқысыз қамқорлық көрсетуі керек, бір жағынан, тәр- биеленушіге әлемде пайдалы еңбек табуға мүмкіндік ашу, екінші жағынан, оған еңбектің сарқылмас шөлін түсіндіру».
К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен өнегелі тазалықтың кепі- лі деп түсінген. Ол педагогика бойынша «Человек как предмет воспитания» атты еңбегін, бастауыш мектептер үшін оқулықтар
«Родное слово» және «Детский мир», оқытушылар үшін әдістеме- лік құралдар жазған. К.Д. Ушинский педагогикалық антрополо- гияны құрастыруға тырысып, дидактиканың, еңбек тәрбиесінің, мектеп ісін жүргізу сынды маңызды мәселелерді қарастырған. Көптеген дидактикалық ойлары бүгінгі күні де өз мәнін жоғалт- қан жоқ. Ресейдегі еркін тәрбие теориясының және практикасы- ның жарқын өкілдері Лев Николаевич Толстой және Константин Николаевич Вентцель болған. Л.Н. Толстой ашық алаңда шаруа балаларына арналған мектеп ашты, оның мақсаты дербестікті, баланың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту еді. Ол балаларға арналған қызықты «Азбука» және «Жаңа азбу- каны» жазды.
XX жүзжылдық педагогтарының есімдерінің ішінде ресейлік білім беру мен тәрбиенің теориясын байытқандардан П.Ф. Капте- ревті (педагогикалық процесс туралы ілім), С.Т. Шацкийді (әлеу- меттік педагогика), Н.К. Крупскийді (сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты, пионерлік қозғалысты ұйымдастыру), А.С. Макаренко- ны (ұжым теориясы), Л.В. Занкова және Д.Б. Эльконинді (дамы- та оқыту теориясы), П.Я. Гальперинді (ақыл-ой әрекетінің кезеңі бойынша қалыптасу теориясы), И.Я. Лернерді және М.Н. Скаткинді (білім мазмұны мен білім беру әдістерінің теориясы), Ю.К. Бабанс- кийді (оқу процесінің тиімдендіру теориясы), т.б. атауға болады. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымын құ-
ру принциптерін және педагогикалық басқаруды практикада ұсы-


нып және өзі тексеріп көрген, еңбектік және отбасылық тәрбиенің әдістемесін, саналы тәртіп қалыптастырудың теориясын жазды.
«Педагогика» оқулығы кешенінің бірінші авторлары П.П. Блонс- кий (1884-1941) және А.П. Пинкевич (1884-1939) болған, ол жерде социалистік мектептің тапсырмалары қойылған және шешілген.
Педагогикалық теория мен практикада жаңа құбылыстар «хру- щевтік жылымық» кезеңінде, 50-жылдардың екінші жартысында 60-жылдардың басында пайда болды. Бұл кезеңде педагогтардың білім-тәрбиелік практиканы байытқан жаңашыл іс өріс алды. Айтарлықтай үлес қосқандар В.А. Сухомлинский, И.П. Иванов, Э.Г. Костяшкин, К.Н. Волков, С.Л. Гуревич, кейіннен И.П. Вол- ков, Ш.А. Амоношвили, Н.П. Гузик, т.б.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) жастар- ды тәрбиелеудің моральдық мәселелерін зерттеген. Оның көпте- ген дидактикалық кеңестері бүгінгі күнге дейін педагогикалық ой мен білімді дамытуда ерекше орынға ие.
Біздің елде 80-жылдары басталған қайта құру адамзат әрекет- терінің барлық сфераларын: саяси жүйені, мемлекеттік құрылым- ды, өнегелі құндылықтарды, құқықтық нормаларды, мәдени мұ- раны, халықаралық қатынастарды, халықтық білімділікті жанап өтті. Білімді қайта құрудағы бастысы – педагогикалық ойлаудың өзгеруі, оның мәні авторитарлықтан демократиялыққа қайта ба- ғытталуда. Жастардың оқуы мен тәрбиесін жетілдіру демокра- тиялық педагогика негізінде төмендегілерді білдіреді:

  • адамның жеке басын оқу-тәрбие процесінің базалық ком- поненті деп мойындау және оқыту мен тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретінде қабылдау;

  • өзара сенім мен сыйластық негізінде құрылған адамдар ара- сындағы адамгершілікті қатынас;

  • оқу-тәрбиелік ұйымдастыруына деген әрекеттік көзқарас;

  • адамның өзін-өзі көрсетуі үшін, өзін-өзі еңбектендіру үшін жағдай жасау.

Ол үшін еліміздің педагогикасына терең үңіле қарау керек. Ойшылдар-ғұламалар мен ғалым-ағартушылардың мұраларын жаңғырту керек. Атап айтсақ, әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жү- сіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет