К. Ж. Қожахметова



бет1/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Педагогика


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Н. С. Әлқожаева

ПЕДАГОГИКА


Оқу құралы


Өңделіп, толықтырылған екінші басылым

Алматы
«Қазақ университеті»


2015




ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.00
Ә 49


Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі
шешімімен ұсынылған

Пікір жазғандар:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Қожахметова педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Қ. Бекмағамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты Т. Жүндібаева



Ә 49

Әлқожаева Н.С.


Педагогика: оқу құралы / Н.С. Әлқожаева. – Өңд., толықт. 2-басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 220 б.

ISBN 978-601-04-0998-9


Оқу құралы педагогика пәні бойынша теориялық білім жиынтығын құрайды және онда практикалық тапсырмалар берілген. Құрал жаңа мәліметтермен толықтырылды.


Бұл оқу құралы «Педагогика және психология» мамандығының сту- денттеріне, магистранттарға, докторанттарға, мұғалімдерге, білім сала- сындағы қызметкерлерге ұсынылады.


ӘОЖ 37.0


КБЖ 74.00

© Әлқожаева Н.С., 2015


ISBN 978-601-04-0998-9 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015

КІРІСПЕ


Бұл оқу құралын жазудың себебінің бірі педагогика пәніне бетбұрыстың өзгешеленуінде. Оқу құралы университет студент- терінің «Педагогика» курсы бойынша аудиториялық және аудито- риядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру, мамандарды кәсіби педа- гогикалық даярлаудың бөлінбес бөлігі ретіндегі өзіндік білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған.
Қазіргі мамандарға қойылатын жоғары кәсіби талаптар ЖОО- да оқытуды түпкілікті тактикалық, стратегиялық тұрғыдан өзгер- туді талап етуде. Бүгінгі таңда жоғары білім, тек жаңа білімді иге- ру процесі ретінде ғана емес, адамның қабілетін, жаңа идеяларды туындатуды, кәсіби және әлеуметтік рөлдерді белсенді орындау- ды ашып көрсетеді.
Жоғары кәсіби білім беруді реформалаудың негізгі бағыттары- ның бірі де студенттердің гуманитарлық мәдениетін қалыптасты- ру мен дамытуға бағытталған курстар болып табылады.
Болашақ мамандардың гуманитарлық мәдениетін қалыптас- тыру мәдениеттің негізін құрайтын, адамгершілік және өзара түсіністік мәдениетті қалыптастырудан бастау алады. Сондық- тан да оқу құралы болашақ мамандарды даярлауға шығарма- шылық тұрғыдан қарап, ізденісті күшейту мен білім берудің жаңа технологияларын қолдануға бағытталады. Оқу құралын- да педагогиканың негізгі ұғымдары ашылған. Жеке тұлғаның қалыптасуы, тәрбиесі, дамуы қарастырылады. Қазіргі кезде- гі тәрбие түрлері баяндалады. Сондай-ақ білім беру техноло- гияларының инновациялық және дәстүрлі сипаттамалары бе- ріледі.
Педагогика не үшін қажет, не үшiн оны оқимыз деген сұраққа жауап беріп көрелік. Бiрiншiден, өмiр бойы өзiн-өзi оқыту, тәр- биелеу, өзiн-өзi қалыптастырумен айналысқан адамды осы заман- дағы, қоғамдағы нағыз кәсіп иесі деп айтуға болады. Екiншiден,
«адам-адам» жүйесiнде жұмыс жасайтын көптеген мамандықтар
3

педагогикалық-ағартушы қызметтердiң негiзiн салады. Үшiн- шiден, бiлiмнiң рөлi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуын- да ауқымдану салдарынан жетілудің ең негiзгi қозғаушы күшi болып табылатыны белгiлi. Төртiншiден, «педагогика» ғылы- мы адами мәдениет пен осы заманғы ғылыми бiлiмнiң бiр бөлiгi болып табылады және көптеген тарихи бай тәжiрибелері бар, сондықтан әлемнiң толық ғылыми бейнесiн, маманның дүние- танымдық көзқарасын бастапқы педагогикалық бiлiмсiз қа- лыптастыру мүмкiн емес. Бесiншiден, қазiргi заманғы бiлiмнiң сапасына сауатты мiндеттер қоя алу үшiн бiлiм беру жүйесiн бiлу қажет.


Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманиза- циялануы, адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс та- бады. Демек, адамдар өзіндік біліміне, тәрбиесіне байланысты іс- әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қа- лыптастыру үшін адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.
Білімнің негізі, педагогиканың негізі аталған курста тыңдау- шылардың қарым-қатынастағы қиындықты жеңу, өмірлік жағ- дайлардағы тәрбиелеуші мақсаттың саналы түрде таңдай білуі, өз балаларын білімді етіп тәрбиелеуге дайын болу және педаго- гикалық іс-әрекеттер мазмұндалған.
Тәрбие мен білім беру аймағы – қоғам мен мемлекеттің, тұл- ғаның өкілетті дамуы әрқашан әрбір адамның кең көзқарасын ту- дырды. Жалпы, кез келген адам кәсібіне тәуелсіз, педагогикалық іс-әрекет жасайды. Жоғары білім берудің басты міндеті – студент- тің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қа- былдау. Дүниежүзінде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыс- пайды, сонымен қатар психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандар да айналысады. Сондай-ақ қазіргі заманғы барлық білім берудің көп түрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инварианттысын және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Әлем қаншалықты көп қырлы, соншалықты әртүрлі және педаго-
Кіріспе 5
гикалық дәстүрлі болып келеді. Бірақ осы процесс ішінде рухани интеграциялар әртүрлі адамзаттық қауымдастықтағы әлемдік бі- лім беру кеңістігі мен жалпы білім беру-тәрбиелеу стратегиялар- дың және идеялардың мақсатты бағытталған ізденісі болып табы- лады. Ал бұл педагогикалық әдістер мен технологиялар, тәрбие- леу мен оқытудағы заңдылықтар, принциптер, негізгі категория- лар мазмұны мен мағынасына тояттап және тұрақтап, педагогика ғылымының дамуына әсер етуіне сәйкес келеді.


1-тарау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет