К. Ж. Қожахметова


Оқыту процесі – тұтас жүйе



бет55/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Оқыту процесі – тұтас жүйе




Мақсаты: оқыту процесінің тұтас жүйе ретіндегі әдіснамалық, психология- лық негіздерін сипаттау.
Жоспары:

    1. Оқытудың мәні және құрылымы.

    2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.

Негізгі ұғымдары: оқыту процесі, тұтас жүйе, оқытудың ұстанымдары, оқу іс-әрекеті.
    1. Оқытудың мәні және құрылымы


Оқыту дегеніміз – заман талабын ескере отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың бойында білім, білік, дағды, іскерлікті мақсатты меңгерту мен дамыту процесі. Яғни ол қоғам- дық құбылыс сипатындағы мақсатты бағдарланған, жүйелі ұйым-


дастырылғын қоғамдық қатынастар тәжірибесі, сонымен қатар қоғамдық сананың даму нәтижесі.


Оқытудың негізгі қызметі оқушылардың білім, дағды, шығар- машылық іс-әрекетке іскерлігін қалыптастыру, сондай-ақ олар- дың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Оқыту про- цесі оқулықтар негізінде іске асырылады.
Оқыту процесiнде оқулықтар құрылымындағы, оқытушының оқу материалын түсiндiруiндегi жүйелі мәселе қою әдiсі басты орынға ие болады. Оқыту тәрбие процесімен қатар жүргізіледі, яғни екі жақты процесс ретінде сипат алады. Оқыту барысында ұйымдастыру, білімдендіру, қарым-қатынас, басқару қызметтері тұтастай іске асырылады. Оқыту түрлері жалпы алғанда жеке, топтық болып бөлінеді және әр тұрғыдан ұйымдастырылады.
Оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласы танымдық бел- сендiлiктiң қозғаушы күші болып табылады. Олардың оқу-та- нымдық іс-әрекетке ынтасын оятуда: оқудағы жетiстiктi қамтама- сыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауiп-қатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушiлiктi болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмiр тәжiрибесiнен мысалдар, мемлекеттік стандарт шегiнен асу, т.б.); бiлiм берудiң әртүрлi формалары мен әдiстерi, жаңа педагогикалық техноло- гияларды қолдану; мұғалiмнiң оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пiкiрi; ақыл-ой қабiлеттiлiгi мен жалпы оқу бiлiктерiн дамыту қызметтерiнің маңызы зор. Мысалы, оқу- дағы жетiстiктi қамтамасыз етуді алар болсақ, мұндағы жетiстiк
– адамның белсендi іс-әрекетiнiң ең маңызды қозғаушы күшi. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспiрiм шақта басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлi тұрақсыз неме- се тиянақсыз болғанда ерекше көрiнiс табады. Үлгерiмi нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсендiлiгi төмендеп кетедi.
Оқу процесінде қабілеттеріне қарай бейіндік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтiк-экономи- калық, физика-математикалық, көркемдiк-эстетикалық, т.б.) оқу- шылардың ынта-ықыластары мен қабiлеттiлiгiн, сондай-ақ бiлiм беру мекемесiнiң педагогикалық ұжымының мүмкiндiктерiн, жергiлiктi бiлiм беру жүйесiнiң құрылымын және әлеуметтiк ор- таның ерекшелiктерiн есепке ала отырып жүргiзiледi. Педагогтар


тәжiрибесiндегi оқу іс-әрекетiн белсендiру. Бiлiм берудiң қазiргi заманға сай әдiстемелерiн талдайтын болсақ, олардың бәрi қазiргi қоғамның аса маңызды қажеттiлiктерiне жауап беретiн, өсiп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесi идеясы бiрiктiрiп тұрғанын анықтау қиын емес. Бұл оқушыны танымдық іс-әрекеттiң және өзiндiк дамудың субъектiсi ретiнде қалыптастыра алады. Осыдан, оқу мақсаты – адамның бiлiм қазынасын арттыра отырып, өзiнiң дұрыс өмір сүруі үшiн алынған бiлiмдерін қолдана алуы, сонымен қатар өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни ғылым, бiлiм, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендiрiп, өмiр мен басқа ортаны жақсартудың құралы ретінде сипат алады. Шынайылықты танудағы әдіс-тәсiлдермен, құнды бiлiктермен қаруландыру, iс-әрекетi мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзiнiң өнегелiлiк қатынасын бiлдiре алу – оқушыға бiлiм беру, дамыту және тәрбиелеудің бiр арна- ға бағытталуы қазiргi заманғы оқыту процесiнiң мәнi болып та- былады. Демек, қазiргi қоғамға өзіндік пiкiрi қалыптасқан, жаңа қоғамдық қатынасты дамытуға атсалыса алатын жеке адамдарды даярлаудың маңызы ерекше. Ал оқытудың әлеуметтiк мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жү- зеге асады. Бұл айтылған мәселелер ТМД-ның жаңашыл педагог- тарының, шебер оқытушыларының (Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лы- сенкова, И.П. Волков, В.Ф. Шаталов, К. Битибаева, К. Нургалиев, Р.Б. Нуртазина, А. Искаков, т.б.) тәжiрибелерінде көрiнiс тапқан.
Оларға тән ортақ идеяларға тоқталар болсақ:
– балалармен адамгершiлiк қатынас, әрбiр оқушыны жеке тұл- ға деп тану;
– оқушының iшкi жан дүниесiн, оның мақсат-мүддесiн, ынта- сын, қабiлеттiлiгiн, жанұя өмiрiнiң жағдайларын тани білу;
– оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра бiлу, оларды оқу-тәрбиелеу процесiнiң әрiптесi қылу, баланың тiлегi мен ынта- ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
– оқушыларға ауқымды мақсаттар қоя бiлу және оқушылар- дың сол мақсаттарға жете алу сенiмiн нығайту;
– балалар ұжымына сүйену: сабақ – ұжымдық еңбек, мұғалiм мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;
– оқушыларға, мүмкiн болған кезде, тапсырмаларды еркiн таң- дау құқығын бере алу және т.б.

Оқытуда ауызша әдiстер мектепте басты орын алып келеді. Мұғалiм сөзi, оқулықтар – оқыту процесiнiң бұрыннан келе жат- қан құралдары. Алайда соңғы он жылда олар мәселелiк сипатқа ие болып келедi. Мәселелiк әдiс ақырындап оқулықтар мазмұ- нын өзгертiп келедi. Оқулықтар құрылымындағы, пән оқытушы- сының оқу материалын түсiндiруiндегi жүйелі мәселе қою әдiсі оқыту процесiнде басты орынға ие болуда. Бұл әдiс барысында дәстүрлi көрнекiлiк және техникалық құралдарды да қолдану ар- қылы іске асырылады.


1980 жылдары өткізілген дүниежүзiлiк 40-коференция өзiнiң ұсыныстарында «оқушылардың ғылыми зерттеулер мен техноло- гиялық даму процестерiне қатысу белсендiлiгiн арттыратын ла- бораториялық, эксперименталды және тәжiрибелiк сабақтарды кеңiнен өткiзудiң» қажеттiлiгiн атап өткен. Осыған байланысты көптеген батыс елдерінiң мектептерiнде лабораториялық сабақ- тарға арналған уақыт екi есе көбейтiлген, лабораториялық тап- сырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатаң талапқа негiзделген тапсырмалар, көбiнесе, оқушыдан шығар- машылық әдiс пен өзiндiк ойлауды керек ететiн iзденiс мiндет- терiмен алмастырылады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндiк жұмысының, оқыту тәсiлi ретiнде, оқушылардың өздiгiнен бiлiм алуға, жұмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптас- тыруға, оны ұйымдастыру мен өзiн-өзi бақылауға, ақпаратты тал- дау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиiстi түзетулер енгiзуге дайындығына аса маңызды болып табылады. Өздiк жұмыстың дәстүрлi түрi – үй жұмысы, оны оқушы мұ- ғалiмнiң көмегiнсiз орындайды. Кейде тапсырма ерекше материал жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргiзумен байланысты болып келедi. Мұндай өздiк жұмыс жоба деп аталады. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен мiндеттерiн анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектеп- тен тыс жұмыстарды да атқарады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кiтапханада, мекемелерде, т.б.). Жоба әдiсi оқушыны оқу субъектiсi етiп қана қоймай, оның қазiргi ақпараттар заманында- ғы өте маңызды әртүрлi каналдан келiп түскен ақпаратты жинас- тыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.
Танымдық және шығармашылық белсендiлiктi арттыру мiндетi
дидактикалық рөлдiк ойындардың пайда болуына себеп болды. Ал рөлдiк, іскерлік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты

оятатын мықты педагогикалық тәсiл ретiнде қарастырылады. Ол мұғалiм оқушыларға мәселенi шешу, қарама-қайшылықтан шығу жолын табу мiндетiн қойған кезде ерекше нәтиже көрсетеді.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет