К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


мүмкіндікті (унипотентті) бастама жасушалар



бет117/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

мүмкіндікті (унипотентті) бастама жасушалар жетіледі. Қазіргі кезде
эритроциттердің, гранулоцитгердің, моноциттердің, мегакариоциттердің 
унипотентті бастама жасушалары тəжірибе жүзінде анықталды. Бұлар
аталған жасушалардың дамуы бағыттарында одан əрі жетіліп, аталмыш қан 
жасушаларының даму қатарларын құрайды. Ал лимфоциттер қатарының
бастама унипотентгі жасушалары əлі тəжірибе жүзінде анықтала қойған жоқ. 
Ол ғылыми болжам ретінде (гипотеза) қалып тұр. Бірақ, тиісті жасушалық
антигендік маркерлар арқылы жекелей Т жəне В лимфоциттердің бастама 
жасушалары анықталды.
Көп мүмкіндікті діңгекті жəне жартылай діңгекті жасушалар мен бір 
мүмкіндікті бастама жасушалардың құрылысы ұқсас, олардың барлығының
сыртқы пішіні кіші лимфоциттер тəрізді. 

118
Қантүзілу процесінің келесі сатысында бір мүмкіндікті бастама 


жасушалардан əр түрлі қан жасушалары даму қатарларының мамандана


бастаған бастама жасушалары — "бласттар" (оскін жасушалар) жетіледі. 
Бласттардан (эритробласттар, миелобласттар, лимфобласттар, монобласттар,
мегакариобласттар) тек өз қатарының қан жасушалары дамып, пісіп жетіледі. 
Мөлшері жагынан бласттар қантүзілу процесінің алдыңғы генерацияларының
жасушаларына (көп мүмкіндікті діңгекті жəне жартылай діңгекті жасушалар 
мен бір мүмкіндікті бастама жасушалар) қарағанда ірілеу келеді. Жоғарыда
баяндалғандай, гемопоэз процесінің алдыңғы даму сатыларындағы көп 
мүмкіндікті діңгекті жəне жартылай діңгекті жасушалар мен бір мүмкіндікті
бастама жасушалардың құрылысы кіші лимфоциттерге (диаметрі 8 мкм 
дейін) ұқсас болып келеді. Ал бласттардың мөлшері 20 мкм — нен кем
болмайды. Олардың салыстырмалы үлкен ядроларының сыртқы жағында 
дəншесіз солғын базофилді боялған цитоплазмасы жіңішке жиек тəрізденіп
көрінеді. Қан жасушалары қатарларының барлық бласттары құрылысы 
жағынан бір-біріне ұқсас. Оларды морфологиялық жағынан бір-бірінен
ажырату өте қиын. Қан жасушалары қатарларының бұдан кейінгі даму 
сатыларындағы қан жасушалары құрылысы мен сыртқы пішіні жағынан бір-
бірінен ажырай бастайды. 
Эритроциттердің даму процесін эритропоэз — деп атайды. Бұл
процесте сүйектің қызыл кемігі майындағы қанның діңгекті жасушаларынан 
көп мүмкіндікті (полипотентті) жартылай діңгекті жасушалар, олардан бір
мүмкіндікті 
(унипотентті)
бастама

жасушалар,


олардан

кезегімен:


эритробласттар, пронормоциттер, базофилді (цитоплазмасы көкшіл түске 
боялған) нормоциттер, полихро-матофилді (цитоплазмасы көкшіл-қызғылт
түске боялған) нормоциттер, оксифилді (цитоплазмасы қызыл түске боялған) 
нормоциттер, ретикулоциттер, эритроциттер дамып жетіледі. Эритро-
бласттардан бастап сүйектің қызыл кемігі майындағы жасушалардың ішінен 
эритропоэз қатарларында дамып жатқан жасушаларды анық ажыратуға
болады. Эритропоэз кезінде даму сатысындағы қан жасушаларының 
цитоплазмасы мен ядроларында күрделі құрылымдық өзгерістер жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет