К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет113/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   607
Лимфоциттер

организмдегі 

иммунологиялық


реакцияларға 
қатысатын жасушалар. Мөлшеріне байланысты олар кіші (диаметрі 4,5 -6
мкм), орташа (7-10 мкм) жəне үлкен (10 мкм -нен жоғары) лимфоциттер 
болып
үш

топқа
бөлінеді. 


Жануарлардың
түрлеріне 
байланысты
лимфоциттердің лейкоциттер арасындағы алатын үлесі түрліше болып 
келеді. Мысалы, жылқы мен шошқада 20-40% , күйісті жануарларда 40-65%.
Дөңгелек пішінді лимфоциттердің ірі ядролары дөңгелек немесе лобия 
тəрізді болып келеді де, цитоплазмасы жіңішке белдік тəрізді ядроны
сыртынан қаптап жатады. Кейбір лимфоциттер цитоплазмасында аз 
мөлшерде азурсүйгіш түйіршіктер кездеседі. Лимфоциттер шығу тегі мен
қызметіне байланысты Т- лимфоциттер жəне В -лимфоциттер болып екі 

114
топқа бөлінеді. Бұлардың бастама жасушаларының түзілуі мен жетілуі 


алдымен сүйектің ыдызыл кемігі майында жүреді. Одан соң, Т - лимфоциттер


бастамасы тимусқа барып қоныстанады да, көбейіп маманданады. Т — 
лимфоциттер тимустан қанга өтіп, қан арқылы одан əрі жетіліп көбеюге
шеткі қан жасау мүшелері — көкбауыр мен лимфа түйіндеріне қоныс 
аударып, Т киллер, Т хелпер, Т супрессор лимфоциттеріне айналады. В
лимфоциттер көкбауыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп жетіледі де, плазмо-
бласттарға жəне плазмоциттерге айналады. Т киллерлер (өлтіргіштер)
организмдегі 
жасушалық
(клеткалык) 
иммунитетке
жауапты. 
Олар
организмге түскен бөгде антигендерді (сырттан келген микроорганизмдер

бөгде белокті заттар) жəне дененің өзінің ішіндегі қызметін тоқтатып, істен


шыққан жасушалар мен олардың бөліктерін фагоцитоз (аталған антигендерді 
ұлы медиаторлары -лимфокиндердің əсерімен ерітіп жібереді) аркылы
жояды. В лимфоциттерден жетілген əсерлі (эффекторлы) жасушалар — 
плазмобласттар мен плазмоциттер түрлі аурулар қоздырғыштарына қарсы
антиденелерді (иммундыглобулиндерді) түзіп, организмнің ішкі сұйық 
ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) шығару арқылы жануарлар
организмдеріндегі гуморальдық иммунитетті калыптастырады. Сондықтан, В 
лимфоциттерді денедегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетке жауапты —
деп санайды. Т хелперлер мен Т супрессорлар өздері бөлетін лимфокиндері 
арқылы В лимфоциттердің əсерлі топтары (эффекторлы популяциялары) —
плазмобласттар мен плазмоциттердің иммундыглобулиндерді синтездеу 
қызметтерін реттеуге қатысады. Т хелперлер плазмобласттар мен
плазмоциттердің қызметін күшейтіп, сұйықтық иммунитеттің белсенділігін 
арттырады, ал Т супрессорлар олардың жұмысын баяулатып, аталған
иммунитеттің белсенділігін төмендетеді. Жануарлар организмдеріндегі кіші 
лимфоциттердің 70% -ы Т лимфоциттер. Олар жануарлар организмінде
ондаған жылдар бойы қызмет атқарады, ал В лимфоциттердің қызметі апта 
жəне аймен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет