117
қалыптасады. Ал төлдің туғаннан кейінгі кезеңінде қан жасушалары
эмбриондық кезенде ұрықтың қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанған
қанның діңгекті жасушаларынан дамиды.
Діңгекті жасушалар барлық қан
жасушаларына ортақ, олардың бастама (ізашар) клеткалары. Олар құрылысы
мен мөлшері жағынан кіші лимфоциттерге ұқсас. Жануарлар орғанизмінде
діңгекті жасушалар сан жағынан əр уақытта салыстырмалы тұрақты деңгейде
болады. Олар митоздық бөліну арқылы өздігінен қалпына келу қасиеттерімен
ерекшеленеді. Ғылыми мəліметтерге қарағанда, сұйектің қызыл кемігі
майының əрбір 100000 жасушалары ішінде 50 діңгекті жасушалар болады
екен. Олардың біраз бөлігі қантүзілу процесіне қатысу үшін, сұтқоректі
жануарларда тимусқа, көкбауырға, ал құстарда қосымша, фабриций
қапшығына өтетін болса, онда діңгекті жасушалардың саны митозбен бөліну
арқылы қайтадан бастапқы қалпына келіп отырады. Діңгекті жасушалардан
қанның қандай жасушаларының дамып жетілуі керек екендігін, оларды
қоршаған қан жасау мүшелері стромасының микроорталары анықтайды.
Сүйектің қызыл кемігі майы мен көкбауырда аталған микроортаны
ретикулалы ұлпаның түрлі жасушалары, ал тимус пен фабриций қапшығында
олардың стромасын түзетін торлы-эпителий жасушалары құрайды. Қан жасау
мүшелеріндегі бастама жасушалар ретіндегі діңгекті жасушалардан, қанның
барлық жасушалары дамып жетіледі. Сондықтан, оларды
көп мүминдікті
(полипотентті) діңгекті жасушалар — деп атайды. Діңгекті жасушалардан
қан жасушаларының дамуы процесі (гемопоэзі) кезінде, алдымен олардан
көп
мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар жетіледі. Бұлар жартылай
мамандана бастаған жасушалар. Жартылай діңгекті жасушалардың өздігінен
қалпына
келу
қасиеттерінің
мүмкіндіктері
діңгекті
жасушалармен
салыстырғанда төмендеу болады. Бұған қоса, олардың даму бағыттары
жартылай анықталған, ягни олар
миелопоэз немесе
лимфопоэз процестеріне
негізделе жетілген.
Гемопоэздің бұдан кейінгі сатысында арнайы биологиялық белсенді
заттар —
поэтиндердің əсер етуінен көп мүмкіндікті жартылай діңгекті
жасушалардан, өздігінен қалпына келу мүмкіндіктері шектелген
бір
Достарыңызбен бөлісу: