К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Борпылдақ дəнекер ұлпасы. (Үлдір препарат



бет123/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

53 — сурет. Борпылдақ дəнекер ұлпасы. (Үлдір препарат).
1 — фибробласттар, 2 — гистиоциттер (макрофагтар), 3 — ұлпа базофилі (лаброцит,
шырлы жасуша), 4 - коллаген талшықтары, 5 - эластин (серпімді) талшақтар. 


Фибробласттар орташа мөлшері 40-50 мкм, өсінділі жасуша. Оның
сопақша келген ақдіыл түсті ядросында 1 -2 ядрошық болады. 
Фибробласттың базофилді боялатын цитоплазмасында эндоплазмалық тор


123
мен Гольдж кешені жақсы, ал митохондриялар мен лизосомалар орташа 


деңгейде


жетілген. 
Фибробласттар
борпылдақ 
дəнекер
ұлпасының 
жасушааралық затгарын жасауға қажет коллаген жəне эластин белоктарын,
гликозамингликандар мен протеогликандарды белсенді түзуге маманданған 
жасушалар. Фибробласттар аздап қозғалуға бейім. Олардың қозғалысын,
цитоплазманың шеткі жағындағы актин жəне миозин белоктарынан құралған 
диаметрі 5-6 нм микрофиламенттер іс жүзіне асырады.

Фиброциттер коллаген, эластин белоктары мен гликандарды синтездеу
қызметтері тоқталған, фибробласттардың туынды жасушалары. Бұлардың 
пішіні ұзын ұршық сабына ұқсас, ядролары таяқ тəрізді болып келеді. Қанат
тəрізді өсінділері болады. 


Миофибробласттар құрылысы мен сыртқы пішіні жəне қызметі
бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттеріне ұқсас. Бұл жасушалардың 
миоциттерден айырмашылығы цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы
жетілген. Миофибробласттар жарқаттанғаннан кейінгі жазылу өңіндегі 
ұлпаның қалпына келу (регенерация) процесіне жəне буаздық кезінде жатыр
қабырғасындағы етті қабық миометриумның гипертрофиялық қалыңдауына 
белсенді қатысады.

Фиброкласттар фагоцитоздық жəне гидролиттік белсенділігімен
ерекшеленеді. Бұлардың цитоплазмасында лизосомалардың саны өте көп. 
Фиброкласттар мүшелердің көлемі кішіреюі кезінде, сол мүшелердің
борпылдақ дəнекер ұлпалық қабықтары мен қабаттарында көптеп кездеседі. 
Мысалы, буаздықтан кейінгі жатыр көлемінің кішірейіп, бастапқы қалпына
келу кезеңінде, тым күшті жетілген борпылдақ дəнекер ұлпасының 
жасушааралық
затын

лизосомаларындағы


ферменттерінің 
көмегімен
ыдырату процесіне белсенді қатысады. 


Перициттер ұзынша келген сопақ ядролы өсінділі жасушалар. Олар
капиллярлар эндотелиоциттерінің сыртқы жағына жанаса орналасып, 
капиллярлар арнасы диаметрінің өзгеріп отыруына ықпалын тигізеді.
Перицит бөлініп көбею арқылы, басқа дəнекер ұлпалары жасушаларына 
немесе бірыңғай салалы ет миоциттеріне айналып, камбиальды қызметтерді
атқаруы да мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет