К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет131/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   607
Қаңка дəнекер ұлпалары 


Қаңқа дəнекер ұлпаларына шеміршек жəне сүйек ұлпалары жатады. 
Олар жануарлар организмінде тіректік, қорғаныс, механикалық, су-тұз
алмасу қызметтерін атқарады. 


Шеміршек ұлпалары 

Шеміршек ұлпалары жануарлар организмдерінде қаңқаның құрамында
(омыртқалар 
денелерінің
аралықтарында, 
төссүйек
бөліктерінің 
(стернебралардың) арасында, қабырғаларда, сүйектердің буын беттерінде),
тыныс алу жолдары мүшелерінің (мұрын куысы, көмекей, кеңірдек, 
бронхтар) қабырғаларыңда, құлақ қалқаныңда кездеседі. Шеміршек ұлпалар
тіректік қызмет атқарумен қатар, серпімділігімен ерекшелінеді. Жас 

130
шеміршектің 70-80% -ы су, 10-15% -ы органикалық зат, 4-7% -ы тұз. Құрғақ 


заттының 50-70%-ын коллаген талшықтары құрайды. Шеміршек ұлпалары


шеміршек жасушалары — хондроциттерден жəне жасушааралық заттардан 
тұрады. Жасушааралық заттарының құрылысы мен қызметіне байланысты
шеміршек ұлпалары: гиалиңді, эластинді жəне талшыкуы шеміршек 
ұлпалары болып үш түрге бөлінеді.
Гиалинді шеміршек сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Шеміршек
қаптың өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы талшықты қабатын тығыз 
дəнекер
ұлпасы

құрайды.


Талшықты 
қабат
шеміршек 

ұлпасын
қоректендіретін қан тамырларына өте бай. Шеміршекқаптың ішкі қабатын 


хондрогенді (шеміршек түзу) қабат - деп атайды. Хондрогенді қабат негізінен
жас шеміршек жасушалары — хондробласттардан тұрады. Бұл қабаттың 
"шеміршек түзу қабаты" — деп аталуының себебі, хондробласттар
шеміршектің жасушааралық затын бөлу арқылы шеміршек ұлпасын түзеді. 
Шеміршекқап
хондробласттары 
шеміршек
ұлпасын

түзе
отырып,

шеміршектің қалындап өсуін қамтамасыз етеді. Қызметі тоқталған
хондробласттар, сол өздері жасаған шеміршектің жасушааралық заты 
аралығында қалып, хондроциттерге (шеміршек жасушаларына) айналады.
Шеміршекқаппен жанасқан шеміршектің шеткі жағында пішіні сопақ ұршық 
тəріздес ұзынша келген жас шеміршек жасушалары — хондробласттар
орналасады. 
Олардың
цитоплазмалары 
базофилді
боялады. 
Себебі,
хондробласт цитоплазасында шеміршек ұлпасының жасушааралық затының 
негізін құрайтын белоктарды белсенді түзуге маманданған гранулалы
эндоплазмалық тор жəне Гольдж кешені жақсы жетілген. Шеміршек 
ұлпасының шеткі жағынан ортасына қарай жылжыған сайын, хондробласттар
пішінін өзгертіп сопақтанып, одан əрі дөқгеленіп, хондроциттерге айналады. 
Бөліну арқылы көбейген 3-4 хондроциттер бір-бірінен ажырамай, сыртқы
жағынан ортақ қабықпен қапталып, хондроциттердің изогенді (біртекті) 


топтарын жасайды. Олар жасушааралық затқа қышқылды реакциялы
гликозамингликандарды шығарып, хондроциттердің изогенді топтарының 
сыртқы жағындағы жасуша аралық заттың базофилді (көкшіл түске)
боялуына ықпалын тигізеді. Біртекті хондроциттер топтарының сыртындағы 
базофилді
боялған

жасушааралық


заттың

аймағын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет