К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет145/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жүйке ұлпасы 

Жүйке ұлпасы — жүйке жүйесі мүшелерінің негізін құрайтын, жоғары
дəрежеде жетіліп маманданған ұлпа. Ол орталық жүйке жүйесінде жұлын 
мен мидың сұр жəне ақ заттарын, шеткі жүйке жүйесінде жүйке
түбіршіктерін, жүйке түйіндерін, жүйкелерді, жүйке тораптарын, жүйке 
үштарын құрайды. Жүйке ұлпасы қоршаған сыртқы жəне организмнің ішкі
орталарынан келетін тітіркеністерді қабылдап, олардың əсерлерінен қозады 
да, жүйке толқындарын (импульстерін) түзеді. Пайда болған жүйке
толқындарын одан өрі өткізіп, орындаушы мүшелерге жеткізеді де, 
тітіркендіргіштерге қарсы дененің жауап реакциясының іс жүзіне асуын
қамтамасыз етеді. Осының нəтижесінде жүйке ұлпасы организм мүшелері 
мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеуге қатысып, олардың
жұмыстарын үйлестіре отырып, организмді біртүтас етіп біріктіріп 
(интеграция), оны қоршаған ортамен байланыстыру қызметін атқарады.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушалары — нейроциттерден (нейрондардан) жəне 


жүйкелік глиядан (нейроглиядан) тұрады. Жүйке үлпасының негізгі
қызметі болып саналатын тітіркеністерді қабылдау, жүйке толқындарын тұзу 
жəне өткізу нейроциттердің үлесіне тиеді. Ал нейроглиялар, нейроциттер
үшін тіректік, трофикалық, оқшаулау, секреторлық, қорғаныс қызметтерін 
атқарады.


142
Жүйке ұлпасы нейроэктодермадан жетілетін жүйке түтігінен, жүйке 


қырынан жəне жүйке жуандауынан (жүйке плакодасынан) дамиды. Жүйке


түтігінен ми жəне жұлынның негізін құрайтын жүйке ұлпасы жетіледі. 
Жұлын қырынан ми жүйкелерінің кейбір орталықтары (ядролары), тері
меланоциттері, жұлын мен мидың сезімтал жүйке түйіндері (ганглийлері), 
вегетативті жүйке ганглийлері, жүйкелік глия (леммоциттер), ішек
хромафиноциттері, 
бүйрекүсті
безі

бозғылт
затының

хромаффинді
жасушалары, ұйқы безі инсулоциттері, қалқанша безі фолликул маңы 
жасушалары (К -жасушалар) дамиды. Жүйке жуандаулары есту тепетеңдік
жəне иіс сезімі мүшелерінің дамуына қатысады. Сонымен қатар, жүйке 
жуандауларынан үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген ми жүйкелерінің
ядролары қалыптасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет