К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері. А — оқшауланған



бет141/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

66 - сурет. Бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері. А — оқшауланған 

миоциттер. Б - ұзынынан кесілген миоциттер қабаты 
1 - миоцит ядросы, 2 — фибробласт ядросы, 3 – борпылдақ дəнекер ұлпасы. В — 
көлденеңінен кесілген миоциттер қабаты, 1 — миоцит ядросы, 2 — миоцит цитоплазмасы,
3 – борпылдақ дəнекер ұлпасы, 4 — фибробласт ядросы, 5 — қан капилляры, 6 — артерия. 
Аталған сыртқы дəнекер ұлпалық қапшықты эпимизий — деп атайды. 

Ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларындағы бірыңғай салалы ет


ұлпасының қабықтары мен қабаттары құрылысы жағынан паренхималы 
құрылымдарға жатады. Олардың паренхимасын миоциттер, ал стромасын
борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар (эндомизий, перимизий, эпимизий) 
құрайды. Миоциттер бөлініп көбеюге бейім. Бірыңғай салалы ет ұлпасы
мезенхимадан дамиды. 
Көлденең жолакты ет ұлпасы - қаңқа бұлшық ет ұлпасы жəне жүрекет
ұлпасы болып екіге болінеді. 


Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы қаңқаның, тілдің,
жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, 
құлақтың, көкеттің бұлшық еттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшық ет
ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан (бейжасушалық құрылым) 
тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма өз


138
кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақган жəне ішкі 


плазмолеммадан тұрады. Бұлшық ет талшықтарының сопақша келген


мындаған ядролары миосимпласт цитоплазмасыньщ шеткі жағында, 
сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары
ядролардың 
маңайында
орналасады. 
Миосимпласттарда
агранулалы 
эндоплазмалықтор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы
жалғасып, байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық тор — деп 
атайды. Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады.
Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын 
гликоген дəншелері, липидтердің майда тамшылары жəне тьшыс алу пигмеші
— миоглобин болады. Бұлшық ет талшықтарының арнайы органеллалары — 


миофибриллалар миосимпласт ядроларын саркоплазмаға қарай щетке
ыгыстырып, цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет 
талшығының ұзын бойын бойлай орналасады. Миофибриллалардың орташа
диаметрі 1-2 мкм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет