К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы талшығының құрылысы



бет142/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

67 — сурет. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы талшығының құрылысы 
1 — саркоплазмалық тор, 2 — саркоплазмалық тордың соңғы бөлігі, 3 — Т түтік, 4 
— үштік, 5 — сарколемма, 6 — миофибриллалар, 7 - А (анизотропты) дискі, 8 - I
(изотропты) дискі, 9 - Z - сызыга, 10 - митохондриялар. 


68 ~ сурет. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы миофибриллаларының 

кұрылысы (Хакел бойынша). 
А — анизотропты дискі, 
I — изотропты дискі, Z сызығы — телофрагма, М сызығы — мезофрагма.
Миофибриллалар ретімен жəне кезегімен орналасқан жиырылғыш 

белоктар актин жəне миозин жіпшелерінен құралған. Соңғы аталған белокты


жіпшелерден миофибриллаларды құрап, оларды бекітіп ұстап тұратын 


телофрагмалар мен мезофрагмалар кұрылымдарын титин жəне небулин
белоктары құрайды. Телофрагма (Z сызығы) миосимпластқа көлденең 
орналасып, миофибриллалардың кұрылымдық бірлігі — саркомерлерді
шектеп, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Телофрагманы кұрайтын белоктар 
молекулаларының торы миосимпласт сарколеммасымен байланысып,
миофибриллалар үшін тіректік қызмет атқарады. Телофрагманың қалындығы 
100 нм. Миофибрилланың көрші екі телофрагма аралығындағы саркомердің
қақ ортасында мезофрагма (М - сызығы) орналасады. Мезофрагма да 
жоғарыда аталған белоктардан түзілген. Бұлар да тіректік қызмет атқарады.
Мезофрагмадан телофрагмаға қарай миозин миофиламенті, ал телофрагмадан 
мезофрагмаға қарай актин миофиламенті бағытталып кездесіп, бір-біріне
жанаса кіріп, біраз аралықта параллельді орналасып, кірмелер түзеді. 
I*

Миофибриллаларды құрайтын миозин мен актин филаментерінің өзара 


орналасу орындары ерекше. Диаметрі 10 нм, үзындығы 1,5 мкм əр бір миозин


филаментін, диаметрі 5 нм, ұзыңдығы 1 мкм алты актин филаменті қоршап 
жатады. Тек миозин филаментінен құралған М сызығының екі жағындағы
ақшыл аймақты Н жолақ - деп атайды. 

139
Телофрагма аймағында миосимпласт сарколеммасы ішке қарай 


Қатпарлана еніп, көлденең түтікшелер (Т- түгікшелерді) түзеді. Олардың


құамына негіздік жарғак кірмейді. Актин миофиламенттері - изотропты (I) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет