К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет143/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ақшыл дискілерді, миозин миофиламентгері - анизотропты (А) күңгірт 

дискілерді құрайды. Осы ақшыл жəне күңгірт дискілер кезектесе орналасып,
миофибриллалардағы миосимпласттың (ет талшықтарының) көлденең 
жолақтарын жасайды. Себебі, миосимпласттағы барлық миофибриллалардың
кезектесе орналасқан ақшыл жəне күңгірт дискілері бір деңгейде жатады. Ет 
ұлпасының "көлденең жолақты" — деп аталуы осыған байланысты. Көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасы ерікті жиырылады. Миосимпласттар бір-бірімен 
жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар (эндомизий) арқылы байланысып, ет
талшықтарының шоғырларын түзеді. Ет талшықарының шоғырлары бір-
бірімен өзара жалпақтау дəнекер ұлпалық аралықтармен (перимизий)
байланысып, бұлшық еттерді кұрайды. Бұлшық еттер сыртынан дəнекер 
ұлпалық қабықпен (эпимизий) қапталған. Құрылысы жағынан бұлшық еттер
паренхималы мүше. Оның паренхимасын ет талшықтары, ал олардың 
аралығындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйке өтетін дəнекер ұлпалық
аралықтар мен ет қабығы (эндомизий, перимизий, эпимизий) бұлшық еттің 
стромасын құрайды.
69 - сурет. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы талшығының саркомері I — 

бұлшық ет талшығының босаңсу кезеңіндегі саркомер, II ~ бұлшық ет талшығының 

жиырылу кезеңіндегі саркомер.
1 — актин миофиламенті (жіңішке жіпше), 2 — миозин миофиламенті (жуан жіпше), 
3 — кірме аймағы.


Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы жүректің ортаңғы етті қабығы — 
миокардты құрайды. Аталмыш ұлпа көлденең жолақты жүрек ет ұлпасының
жасушалары — кардиомиоциттерден тұрады. Кардиомиоциттер — 
қызметіне байланысты жұмысшы кардиомиоциттер жəне өткізгіш 

кардиомиоциттер болып екі түрге бөлінеді. Жұмысшы немесе жиырылғыш
кардиомиоциттердің ұзындығы 100-150 мкм, көлденеңі 10-20 мкм, пішіні 
цилиндр тəрізді ұзынша болып келеді. Жүрек ет жасушасының екі ұзын
ұштарындағы кардиомиоциттер сарколеммасы өте ұсақ келген, пішіні 
саусақтарға ұқсас өсінділер түзеді. Кардиомиоциттер ұштарындағы осы
саусақ тəрізді өсінділері арқылы бір-бірімен өзара тізбектеле байланысып, 
ұзын келген бұлшық ет талшықтары тəрізді құрылымдар түзеді.
Кардиомиоциттер ұштарындағы өсінділерінің бір-бірімен қатпарлана 
байланысқан жерін ендірме дискілер — деп атайды. Жұмысшы
кардиомиоциттің сопақша келген ядросы жасушаның орталық бөлігінде, ал 
оның миофибриллалары кардиомиоцит цитоплазмасының шеткі жағына
ығыса орналасады. Диаметрі 1-3 мкм миофибриллалардың құрылысы 
бұлшық
ет

талшықтары


миофибриллаларының 
құрылысына
ұқсас.

Жасушаның жалпы органеллалары ядроның екі ұштары маңында орын


тебеді. Органеллалардың ішінде митохондриялар жоғары дəрежеде жетілген. 

140
Олар миофибриллалар айналасында тізбектеле орналасады. Агранулалы 


эндоплазмалық тор да жоғары дəрежеде жетілген. Олар кардиомиоцит


цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында орналасып, бір-
бірімен жалғасып жатқан кең қуысты өзекшелер (цистерналар) түзеді.
Агранулалы эндоплазмалық тор өзекшелері де миофибриллалардың 
аралықтарында
ұзынынан 
жатады.
Миоглобиндер 
кардиомиоцит
цитоплазмасында біркелкі таралған, қосындылардан гликоген дəншелері, 
липид тамшылары жəне липофусций пигменті кездеседі. Жануарлардың
жасына байланысты липофусциннің көбейе береді. Бұл пигментті "қартаю 
пигменті” – деп те атайды. Кардиомиоцит плазмолеммасы телофрагма (Z
сызығы) деңгейінде жасушанын ішше қарай катпарлана еніп, кең куысты 
көлденең түтікшелер (tubulus transversus) түзеді. Бұларды Т түтікшелер
деп атайды. Бұл түтікшелердің бұлшық ет талшықтарындағы Т 
тұтікшелерден айырмашылығы жасуша ішіне қарай Т түтікшелермен бірге,
оларды сыртынан қаптай плазмолемманың негіздік жарғағы қоса енеді. 
Көлденен жолақты жүрек ет ұлпасы еріксіз жиырлады.
Өткізгіш 
кардиомиоциттер
мөлшері

жағынан
жұмысшы

кардиомиоциттеге қарағанды ірі куледі. Олардың ұзындығы 100 мкм,
көлденеңі 50 мкм. Олардың цитоплазмаларында жалпы органеллалардың 
барлығы да бар. Бірақ, миофибриллалары аз болады жəне олар жасушаның
шеткі жағында сирек жатады. Жасуша плазмолеммасы Т түтікшелер жүйесін 
түзбейді. Өткізгіш кардиомиоциттер бір-бірімен тек ұштарымен ғана емес
бүйір беттеріндегі аралық өсінділері арқылы да байланысады. Ендірме 
дискілердің құрылысы карапайым келеді, плазмолемманың саусақ тəрізді
өсінділері жəне олардың аралықтарындағы десмосомалар мен нексустар 
жұмысшы
кардиомиоциттерге 
қарағанда
нашар

жетілген.


Өткізгіш 
кардиомиоциттердің негізгі қызметі — жүйкелер арқылы келген қозу
толқындарын 
(импульстерін)
жұмысшы

кардиомиоциттерге


жеткізу. 
Өткізгіш кардиомирциттер жүректің жүйке-ет өткізгіш жүйесін құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет