К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет171/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Шеткі қаңқа алдыңғы жəне артқы аяқтардың сүйектерінен құралған.
Аяқтар қаңқасы өз кезегінде белдеу жəне еркін қозғалатын бөлімдерге 
бөлінеді.
Алдыңғы аяқтағы иық белдеуінің (cingulum membri thoracici) қаңқасын 
үй жануарларында жауырын (scapula), маймылдар мен мысық тұқымдас
жануарларда жауырын жəне бұғана (clavicula), ал құстарда жауырын, бұғана 
жəне құс тұмсықша (коракоид) сүйегі (os caracoideum) құрайды.
Артқы аяқтағы жамбас белдеуінің (cingulum membri pelvini) қаңқасы — 
жамбас сүйек. Ол үш: мықын сүйек (os ilium), шонданай сүйек (os ischii), шат
сүйектердің (os pubis) тұтаса байланысынан түзілген. 
Аяқтардың еркін қозғалатын бөлімдерінің қаңқалары өз кезегінде үш
бөліктен құралған. Олар: жоғарғы (проксимальды) бөлік стилоподий
ортаңғы бөлік зейгоподий жəне төменгі (дистальды) бөлік автоподий.
Стилоподийді: алдыңғы аяқта тоқпан жілік (humerus), артқы аяқта ортан 
жілік (femoris), зейгоподийді: алдыңғы аяқта білек сүйектері (ossa
antebrachii), артқы аяқта сирақсүйектері (ossa cruris), автоподийді алдыңғы 
аяқта алдыңғы аяқ басы (manus) сүйектері (тізе, алдыңғы жіліншік, бақай),
артқы аяқта артқы аяқ басы (pes) сүйектері (тілерсек, артқы жіліншік, бақай) 
құрайды.
Қаңқаның жалпы құрылысы бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Қаңқаның анықтамасын беріңіз. Қаңқаның жануарлар организмі тіршілігі үшін 


маңызы.
2. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы. 
3. Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.
4. Пішініне байланысты қаңқа сүйектерінің түрлері. 
5. Қаңқаның бөлімдерін атаңыз.
6. Біліктік қаңқаның бөлімдерін атап, олардың жалпы құрылысымен танысыңыз. 
7.Шеткі қаңқаның бөлімдері мен бөліктерін атап, олардың сүйектерімен
танысыңыз. 
8. Аяқтар қаңқасы еркін қозғалатын бөлімі бөліктерін алдыңғы жəне артқы аяқтарда
қандай сүйектер құрайды? 
9. Берілген тақырыптар мəтіндерінде кездесетін қазақша-латынша терминдерді
сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыздар. 

165



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет