буын өсінділері (processus articularis cranialis), ал артқы жағындағы осындай
жұп өсінділер каудальды буын өсінділері (processus articularis caudalis) —
деп аталады.
84 - сурет. Сиырдың көкірек омыртқасы 1 — жоталық өсінді, 2 — омыртқа доғасы, 3 — көлденең өсінді, 4 — көлденең
өсіндінің қабырға төмпешігіне арналған буын беті, 5 — краниальды буын есінділері, 6 —
краниальды омыртқа ойығы, 7 — краниальды қабырға ойысы, 8 — омыртқа басы, 9 —
каудальды буын өсінділері, 10 — каудальды омыртқа ойығы (сиырда — тесік), 11 —
омыртқа тесігі, 12 — каудальды қабырға ойысы, 13 — омыртқа шұңқыры, 14 — омыртқа
денесі,15 — вентральды қыр.
Көкірек керегесі (грудная клетка) — thorax. Көкірек керегесінің
(клеткасының) қаңқасын жоғарғы жағынан көкірек омыртқалары, екі
бүйірінен қабырғалар, төменгі жағынан төссүйек құрайды. Көкірек
керегесінің пішіні екі жағынан кесілген конусқа ұқсайды. Оның алдыңғы
кіші кіреберіс тесігін: I көкірек омыртқасы, II қабырғалар жəне төссүйектің
тұтқасы, ал артқы үлкен шығаберіс тесігін: соңғы көкірек омыртқасы,
соңғы қабырғалар мен қабырға доғалары жəне төссүйектің семсерше
шеміршегі шектейді.
Көкірек (арқа) омыртқалары (грудные позвонки) — vertebrae
thoracicae — денелерінің тұрқы қысқалау келеді. Омыртқа денелерінің
алдыңғы жəне артқы екі бүйірінде қабырғалардың бастарымен буынды
байланыстар түзетін жұп краниальды жəне каудальды қабырға ойыстары (fovea vertebralis cranialis et caudalis) болады. Көрші екі Омыртқаның аталған
ойыстары бірігіп, бір қабырға басымен буынды байланыс жасайтын шұңқыр
құрайды. Көлденең өсінділердің қабырға төмпешіктерімен байланысатын
буын беттері (fovea costalis transversalis) болады. Көкірек омыртқалардың
алдыңғы ұзын жоталық өсінділері каудальды бағытқа қарай қисая орналасып,
дене шоқтығының сүйектік негізін құрайды. Жоталық өсіндісі тік орналасқан
көкірек омыртқасын көкеттік (диафрагмальды) немесе антиклинальды (жантаюға қарсы) омыртқа (vertebra anticlinalis -лат. anti — қарсы; clinalis
жантаю) деп атайды. Бұдан кейінгі көкірек омыртқаларының жоталық
өсінділері, керісінше, краниальды бағытқа қарай жантая орналасады.