162
скаттарда болады. Эволюциялық дамудың одан кейінгі сатыларында.
омыртқалы жануарларда шеміршектік қаңқадан сүйектік қаңқа дамып
жетіледі. Қазіргі кезде хордалылар типіне
жататын жануарларда кеңінен
тараған қаңқа - сүйектік қаңқа. Қаңқа құрамында аздаған шеміршектер
кездеседі. Оларға жауырын,
қабырғалар, төссүйек шеміршектері, буындарда
кезесетін шеміршек тегіршек (тобық буыны) пен шеміршек дискі (самай-
төменгі жақ буыны), омыртқалар денелері
аралықтарындағы шеміршек
дискілер жатады. Сүйектік қаңқалар сүйекті балықтарда, қосмекенділерде,
бауыры-мен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде болады.
Əрбір
жануардың
қаңқасы
өзінің
онтогенезінде
ата-тектері
филогенезінің негізгі кезендерін қысқаша қайталап өтеді.
Онтогенезде біріншілік сүйектер дамудың үш кезеңінен, ал екіншілік
сүйектер мезенхимадан дамитын жарғақтық қаңқа жəне оның орнында
қалыптасатын сүйектік қаңқа кезеңдерінен, яғни екі кезеңнен өтеді.
Онтогенездің бастапқы кезеңінде ұрықтық жас дəнекер ұлпасы —
мезенхимадан жарғақтық қаңқа дамиды. Дамудың келесі кезеңінде
жарғақтық қаңқа негізінен шеміршектік қаңкаға ауысады. Бұдан кейін,
шеміршектік қаңқаның кейбір сүйектерінде сүйектену ошақтары пайда
болады да, шеміршекті қаңқа біртіндеп сүйектеніп, сүйектік қаңқа
сүйектеріне айнала бастайды.
Қаңқа сүйектеріндегі сүйек ұлпасының түзілу орнына байланысты
сүйектенудің:
Достарыңызбен бөлісу: