К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет191/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

маңдай қабыршағы, көздік жəне мұрын бөліктерінен тұрады. Маңдай
сүйектің алдыңғы жағы мұрын жəне көзжасы сүйектерімен, оның бүйір 
жиектері тандай, сынаша жене самай сүйектерімен, алдыңғы ішкі жəне
төменгі шеті торлы сүйекпен, ал артқы жағы төбе жəне төбеаралық 
сүйектермен шектеседі. Маңдай сүйектің көздік бөлігінде көздікүсті тесік
(foramenupraorbitalis) болады. Мүйізді жануарларда бұл сүйектің маңдай 
қабыршағы бөлігінен мүйіз өсіндісі (processus cornualis) шығып тұрады.
Маңдай сүйектің сыртқы жəне ішкі тақташаларының аралығындағы қуысты 


маңдай қойнауы (sinus frontalis) — деп атайды.

Маңдай қабыршағы (squama frontalis) маңдай сүйектің ең жалпақ
бөлігі. Оның мұрындық жиегі жылқыда үшкірленіп мұрын сүйекке, ал басқа 
үй жануарларында мұрын мен көзжасы сүйектері аралықтарына еніп тұрады.

Сиырдың маңдай қабыршағында мүйіз өсінділері болады. Олардың
пішіні мал тұқымына байланысты. Оң жəне сол мүйіз өсінділері арасында, 
оларды өзара жалғастырып тұратын мүйізаралық қыр (crista intercornualis)
болады. Мүйіз өсіндісінің жіңішкеріп келіп, маңдай қабыршағына бекитін 
жерін мүйіз өсіндісінің мойны (collum processus cornualis), ал мойыннан
жоғары жатқан оның қалған бұдырлы бөлігін мүйіз өсіндісінің тəжі (corona 
processus cornualis) — деп атайды.
Оң жəне сол маңдай қабыршақтары бір-бірімен сагиттальды жиектер 
(margo sagittalis) арқылы байланысып, маңдай жігін құрайды. Маңдай жігінің
ішкі бетіндегі маңдай қыры (crista frontalis) ростральды (алдыңғы) бағытта 
əтеш айдарына жалғасады.


180
Сыртқы бүйірге қарай бағытталған мандай қабыршағының бет өсіндісі 


(processus zygomaticus) қабыршақтың сыртқы латеральды жиегін көздікүсті


жəне төбе боліктеріне боледі. 
Маңдай қабыршағының көздікүсті жиегіне (margo supraorbital) жақын
жатқан көздікүсті тесігін (foramen supraorbitalis) көруге болады. Аталған 
тесік жылқыда бет осіндісінің мандай қабыршағынан шығатын жерінде
орналасады. Сиырда бұл тесік қатарынан жатқан екі тесіктен тұрады. 
Көздікүсті тесік арқылы тамырлар мен жүйкелер өтеді. Ал мандай
қабыршағының төбе жиегі (margo parietalis) самай сызығымен жалғасып 
кетеді.
Маңдай қойнауы ішкі жағынан сагиттальды жəне көптеген көлденең 
сүйектік перделермен бөліктерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет