К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет199/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

таңдай қойнауы (sinus palatinus) болады. Ол сынаша сүйек қойнауымен
бірігіп, 


сынаша-таңдай қойнауын (sinus sphenopalatine) құрайды.
Горизонтальды тақташа жіңішке жиек түрінде хоана тесіктерін шектеп 
жатады.

Сиырда жəне ұсақ малдарда таңдай сүйек жақсы жетілген. Сиырдың
горизонтальды тақташасындағы таңдай қойнауы жоғарғы жақ сүйегі таңдай 
өсіндісі қойнауымен қосылып, таңдай-жақ қойнауын (sinus palatomaxiilaris)
түзеді.

Сына-таңдай


шұңқырындағы 


сынатаңдай 

тесігі
(foramen 
sphenopalatinum) тандай жəне торлы сүйектердің арасында орналасады.

Шошқада горизонтальды тақташа күштірек жетілген, бірақ,
вертикальды тақташада тандай қойнауы болады. 


Итте горизонтальды тақташа жалпақ болып келеді.

Төменгі жақ сүйек (нижняя челюстная кость) — mandibula — ауыз
қуысы төменгі бөлігінің сүйектік негізін құрайтын жұп сүйек. Оң жəне сол 
төменгі жақ сүйектердің аралығында сүйекаралык немесе жақаралық кеңістік
қалады. Оң жəне сол төменгі жақ сүйектер жылқы мен шошқада бір-бірмен 
тұтаса байланысып кетеді, ал күйісті жануарлар мен итте шеміршек арқылы
байланысады. Төменгі жақ сүйекті сүйек денесі жəне жақ сүйек бұтағы 
құрайды.

Төменгі жақ сүйектің денесі (corpus mandibulae) тұмсық (pars incisiva)
жəне азутістік (pars molaris) бөліктерінен тұрады. Оң жəне сол төменгі жақ 
сүйектердің тұмсық бөліктері бір-бірімен байланысып, альвеолалар 

доғасын (arcus alveolaris) түзеді. Оның сыртқы дөңес келген ерін беті (facies
labialis) жəне ішкі ойыс келген тілдік беті (facies linqualis) болады. Альвеола 
доғасының тұмсық бөлігінде күрек тістер, ал азутістік бөлігінде азу тістер
орналасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет