К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


кергіш бұлшық еттің жарты айшықты өзегі



бет189/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

кергіш бұлшық еттің жарты айшықты өзегі (semicanalis m. tensoris veli
palatini) жəне есту түтігінің жарты айшықты өзегі (semicanalis tubae 
auditivae). Бұлардың біріншісі арқылы аталған бұлшық еттің сіңірі өтеді, ал
екінші өзек жұтқыншақтың қуысын дабыл сүйегі қуысымен жалғастырып 
тұрады.
Есту түтігінің сыртқы жағымен кіші тастық жүйкенің өзегі (canalisn. 
petrosi minoris), ал ішкі жағымен үлкен тастық жүйкенің өзегі (canalis n.
petrosi majoris) өтеді. Бұлармен қатар, ет өсіндісі мен сыртқы есту жолы 
аралығында "дабылдық желі" атты жүйке өтетін өзекше (canalicus chordae
timpani) көрінеді. 
Самай сүйектің тастық бөлігі (pars petrosum) есту-тепе-теңдік
мүшесінің қаңқасын құрайды. Ол самай сүйектің дорсо-медиальды бөлігін 
құрайды. Тастық бөліктің сыртында самай сүйектің қабыршақтық жəне
дабылдық бөліктері орналасады. Тастық бөліктің емізікше өсіндісі (processus 
mastoideus) дабылдық бөлік пен шүйде сүйектің мойындырық өсіндісі
аралығында орын тепкен. Емізікше өсінді, əсіресе, жылқыда жақсы жетілген. 
Тастық бөліктің ішкі медиальды бетінде ішкі есту жолына (meatus acusticus
internus) апаратын ішкі есту жолының тесігі (porus acusticus intemus) айқын 
көрінеді. Оның жоғарғы жағында, ми қорабының ішкі бетінде мишық 
шұңқыры (fossa cerebelli) көрінеді.
Ішкі есту жолының куысында екі тесік болады. Олардың алдыңғы тесігі 
— ми жүйкелерінің VII жұбы бет жүйкесі өтетін өзекке, ал артқы тесігі —
ми жүйкелерінің VIII жүбы есту-тепе-теңцік жүйкесі өтетін өзекке апарады. 


Бет өзегі (canalis facialis) бізше-емізікше тесігі арқылы сыртқа ашылады. Бет
өзегінің ішкі қуысынан дабылдық желі өзекшесі (canalicus chordae tympani) 
бастау алады.
Ішкі есту жолынан каудальды бағытта екі тесік ажырайды, олардың 
жоғарғы тесігі — кіреберістік су құбырының сыртқы тесігі (apertura
externa aquaeductus vesiibuli) де, ал төменгі тесігі — ұлу өзекшесінің сыртқы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет