К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет193/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Перпендикулалы тақташа (lamina perpendicularis) мұрын қуысының
орталық жазықтығы бойымен тесікті тақташаға тік бұрыш жасай орналасады. 
Оның алдыңғы жағы мұрын перделігіне, ал артқы жағы əтеш айдарына
жалғасады. 
Перпендикулалы тақташаның дорсальды жəне вентральды жиектері оң
жəне сол жакка қарай ажырап, олардың дорсальды жиектері желілік 


тақташаны (lamina tecteria), ал вентральды жиектері негіздік тақташаны
(lamina basalis) құрайды. Желілік тақташа торлы шытырманның төбесін, 
негіздік тақташа оның түбін құрауға қатысады. Осы аталған екі тақташа
перпендикулалы тақташаны кездік тақташамен жалғастырады. 


Көздік тақташа (lamina orbitalis) — торлы шытырманның сыртқы бүйір
қабырғаларын құрайтын қағаз тəрізді тым жұқа сүйек тақташа. Оның 
жоғарғы жəне төменгі жиектері тесікті жəне перпендикулалы тақташалармен
тұтаса байланысып жатады. 


Торлы шытырман перпендикулалы жəне көздік тақташалар
аралығында орналасқан. Ол түтік тəрізді иіріліп жатқдн тым жұқа сүйек 
тақташалары иірмектерінен құралған. Мөлшері мен орналасу орындарына
байланысты олар екіге: ірі ішкі иірмектер (эндотурбиналиялар) жəне майда 


сыртқы иірмектер (эктотурбиналиялар) болып бөлінеді. Жылқыда ішкі
иірмектердің саны — 6, сыртқы иірмектер — 25; сиыр мен ұсақ малдарда 
— 5 жəне 18; шошқада — 7 жəне 18-20; итте — 4 жəне 6.


Бассүйектің ми сауыты бөлімі бойынша бақылау сұрақғары: 

1. Бассүйек қандай бөлімдерге бөлінеді? 


2. Ми сауыты бөлімін құрайтын сүйектерді атаңыз.
3. Шүйде сүйек қандай бөліктерден тұрады? Олардың құрылысы қалай? 
4. Сынаша сүйек қандай тетіктерден құралган?
5. Самай сүйекті қандай бөліктер құрайды? Олардың құрылысын еске түсіріңіз. 
6. Маңдай, төбе, төбеаралық, қанатша сүйектердің құрылысы.
7. Торлы сүйектің бөліктері, олардың құрылысы. 
8. Бассүйектің ми сауыты бөлімі сүйектері құрылысындағы жануарлар түрлеріне
байланысты ерекшеліктеріне көңіл аударып, қазақша-латынша атауларын сөздікке 
көшіріп алып, оларды жаттаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет