Күйіс қайтаратын жануарларда жеке шыбық сүйек болмайды. Шыбық
сүйектің проксимальды басының қалдығы асықты жіліктің латеральды
айдаршығымен төмпек ретінде тұтаса байланысып кеткен. Ал дистальды
эпифизінің қалдығы латеральды қайықша сүйек ретінде сақталған.
Шошқада шыбық сүйек жақсы жетілген. Оның проксимальды бөлігі
жалпақ болып келеді.
Итте де бұл сүйек толық жетілген. Шыбық сүйектің проксимальды басы
жұмыр болып келеді.
103 - сурет. Сирақ суйектері Г - сиыр, Д - жылқы. 1 - асықты жілік, 11 - шыбық
Артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы) — skeleton pedis —
тілерсек, артқы жіліншік жəне бақай сүйектерінен құралған.
Тілерсек (толарсақ) сүйектер (кости заплюсны) — ossa tarsi — үш
қатарда орналасқан қысқа сүйектер. Оның проксимальды қатары екі
сүйектен: асық жəне өкше сүйектен; ортаңғы қатары бір сүйектен: орталық
тілерсек сүйектен; дистальды қатары бес сүйектен: медиальды жағынан
латеральды жағына қарай: I, II, III, IV жəне V тілерсек сүйектерден тұрады.
Асық (таранная кость) — talus — проксимальды асық шығырынан (trochlea tali proximalis), асық мойнынан (collum tali) жəне асық денесінен (corpus tali), ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада қосымша
дистальды асық шығырынан (trochlea tali distalis) тұратын қысқа сүйек.
Өкше сүйек (пяточная кость) — calcaneus, s. os calcis — өкше сүйек