К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет220/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Артқы жіліншік сүйектер (кости плюсны) — ossa metatarsi — алдыңғы
жіліншік сүйектеріне ұқсас, бірақ оларға қарағанда ұзындау жəне пішіні 
дөңгелектеу жəне жұмырлау келеді.

Артқы аяктың бақай сүйектері алдыңғы аяқтың бақай сүйектеріне
ұқсас. Тек, жылқының тұсамыс жəне топай сүйектері алдыңғы аяқтың бақай 
сүйектеріне қарағанда қысқалау келеді.


Артқы аяқ қаңқасының сүйектері бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Артқы аяқ қаңқасы қандай бөлімдер мен бөліктерге бөлінеді? 


2. Жамбас белдеуінің қаңқасы — жамбас сүйек қандай сүйектерден тұрады?
Олардың құрылысы мен жануарлардың түрлеріне байланысты ерекшеліктерін еске 
түсіріңіз.
3. Артқы аяқтың еркін қозғалатын бөлімін қандай сүйектер құрайды? 
4. Ортан жіліктің құрылысын қайталап, жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс
ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз. 
5. Сирақ сүйектерінің (асықты жілік жəне шыбық сүйек) құрылысы, олардың
жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері. 
6. Артқы аяқ басы сүйектерінің (тілерсек, артқы жіліншік, бақай сүйектері)
Құрылысы жəне олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері. 
7. Артқы аяқ қаңқасы тақырыбы мəтініндегі қазакша-латынша терминдерді сөздікке
көшіріп алып, оларды жаттаңыз. 

200



ҚАҢКА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БАЙЛАНЬІСЬІ 
Қаңқа сүйектерінің байланысын зерттейтін ілімді — Syndesmologia 
(грек, syn — байланыс; desmos — дəнекер; logos — ілім) — деп атайды. 


Сүйектер байланысы (juncturae ossium s. articulationes) жануарлар қаңқасы
сүйектерінің 
бір-бірімен
өзара

белгілі
заңдылықпен 


байланысуын
қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың 
организмдегі атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Егер де сүйектер
организмнің тіршілігіне тым қажет мүшелерді қорғау қызметін атқаратын 
болса, мысалы, ми сауыты, онда сүйектер байланысы шектеулі қозғалысты
немесе қозғалмай байланысуды қамтамасыз етеді, яғни сүйектер бір-бірімен 
тұтаса байланысады. Ал организмнің кеңістіктегі қимыл қозғалысына
қатысатын сүйектер бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы 
байланысады. Демек, жануарлар қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін екі
топқа белуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы жəне 
буынды байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет