К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


- сурет. Тізе буыны (латеральды жағы)



бет228/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

111- сурет. Тізе буыны (латеральды жағы) 
1 - кəрі жілік, 2 – сүйектераралық байламдар, 3 - қысқа латеральды бүйір байлам, 4 — 
қатараралық байламдар, 5 – тізе сүйек, 6 — үшінші жіліншік сүйек, 7 - қосымша тізе сүйектің
арнайы байламы, 8 - қосымша тізе сүйек, 9 — ұзын латеральды бүйір байлам, 10 - төртінші 
жіліншік сүйек.


Тұяқ буыны (articulatio ungularis) топай жəне тұяқ сүйектердің (итте - 
тырнақ буыны) буынды бастарынан құралған қарапайым, бір біліқті буын.
Буынның бүйір байламдарынан басқа, жылқыда тұсамыс-тиекше, тұяқ-
тиекше, жұп тұяқты жануарларда тұяқаралық крест тəрізді байламдар
болады. Қозғалыстар: экстенсио жəне флексио. 
Артқы аяқ сүйектерінің байланыстары 

Жамбас сүйектерін құрайтын мықын, шат жəне шонданай сүйектері, 


кейбір тілерсек сүйектері бір-бірімен синостоз, екі жақтың жамбас сүйектері
синхондроз (симфиз) арқылы тұтаса байланысады. Аяқ сүйектері құрылысы 
мен қызметі əр түрлі қозғалмалы буынды байланыстар түзеді.

Құйымшақ-мықын буыны (articulatio sacro-iliaca) құйымшақпен
мықын сүйектерінің құлақша беттерінің жанаса байланысуы нəтижесінде 

207
түзілген қарапайым, тегіс жалпақ буын. Буын қапшығынан басқа, дорсальды 



ұзын жəне қысқа құйымшақ-мықын байламдарыкұйымшақ-шонданай 

байламдары болады. Буында қозғалыс жоқтың қасы.

Жамбас-ортан жілік буыны (articulatio coxae) жамбас сүйектің ұршық
шұңқыры мен ортан жілік басының байланысуынан құралған қарапайым, көп 
білікті буын. Ұршық шұңқырының шеміршек ернеуі ойығынан жоғарылау
орналасқан көлденең байлам ұршық шұңқырын тереңдетеді. Жамбас-ортан 
жілік буыны қуысында ұршық шұңқыры мен ортан жілік басындағы
шұңқырларды байланыстырып тұратын буын ішіндегі жұмыр байлам 
(ligamentum teres) болады. Жылқыда құрсақтың тік бұлшық етінің сіңірі шат
төмпегін ортан жілік басының шұңқырымен байланыстырып, артқы аяқтың 
бүйірге қозғалысын шектейді. Бұл сіңірді қосымша байлам - деп атайды.
Сондықтан, жылқы бүйірге тебе алмайды, тек артқа қарай тебеді, ал сиыр 
жəне басқа жануарлар бүйірге қарай тебе алады. Буындағы қозғалыстар:
экстенсио, флексио, аддукцио, абдукцио, супинацио, пронацио. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет