206
110 - сурет. Жылқының шынтақ буыны (латеральды жағы)
1 — шынтақ өсіндісі, 2 — шынтақ сүйек, 3 — көлденең байлам, 4 — тоқпан жілік, 5
— буын қапшығы, 6 — латеральды бүйір байлам, 7 — кəрі жілік.
Тізе буыны (articulatio carpi) кəрі жілік пен шынтақ сүйектен, тізе жəне
алдыңғы жіліншік сүйектерден құралған, құрылысы күрделі, бір білікті буын.
Буын қапшығының сыртқы фиброзды жарғағы буындағы барлық буын
қуыстарына ортақ, оларды сыртынан қаптап жатады. Ал оның ішкі
синовиальды жарғағы буынды құраушы əр бір сүйектер қатарларына жекелей
байланысып, буын куыстарын бір-бірінен бөліп тұрады. Буынның екі бүйір
қапталында сүйектерді бүйір жақтарынан байланыстыратын
ұзын жəне
қысқа бүйір байламдар, тізе сүйектердің проксимальды жəне дистальды
қатарларындағы сүйектерді байланыстыратын
қатараралық байламдар, бір
қатардағы сүйектерді өзара байланыстыратын
сүйектераралық байламдар
болады. Буындағы қозғалыстар: экстенсио жəне флексио.
Бақай буындарына тұсамыс, топай жəне тұяқ буындары жатады.
Тұсамыс буыны (articulatio compedalis) алдыңғы жіліншік пен тұсамыс
сүйектердің бастарынан құралған қарапайым, бір білікті буын. Буынның
бүйір
байламдары
жəне
артқы
бетіндегі
тиекше
сүйектермен
байланыстыратын арнайы байламдар болады. Буындағы қозғалыстар:
экстенсио жəне флексио.
Топай буыны (articulatio coronalis) тұсамыс жəне топай сүйектері
бастарынан құралған қарапайым, бір білікті буын. Буынның бүйір
байламдарынан басқа, артқы бетінде пальмарлы байламдар болады.
Қозғалыстар: экстенсио жəне флексио.
Достарыңызбен бөлісу: