К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Тіласты сүйек бунақтарының буындары



бет224/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2. Тіласты сүйек бунақтарының буындары (articulatio hyoideum)
қарапайым буындар. Олар сыртынан буын қапшықтарымен қапталған. 


Омыртқалар байланысы 

Омыртқа бағаны бойында сүйектер байланыстарының бірнеше түрлері 


кездеседі. Омыртқалар денелері: синхондроз (құйымшақ омыртқаларының
денелері — синостоз), омыртқа доғалары — синдесмоз, буын өсінділері 
қарапайым жалпақ буындар арқылы байланысады.


Омыртқа бағанының байламдары 
1. Сегментаралық байламдарға доғааралық байламдар (ligamenturn
flavum), жоталық өсінділераралық байламдар (ligamentum interspinalia) 
жəне көлденең өсінділераралық байламдар (ligamentum intertransversarium)
жатады. Бұлар көрші омыртқалар тетіктерін өзара байланыстырады. 


2. Жалпы байламдарға 1) дорсальды ұзын байлам (ligamentum
longitudinale dorsale), білік мойын омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін 
омыртқа денелерін байланыстырады. Ол омыртқа денелерінің дорсальды
бетінде, омыртқа өзегінде орналасады; 


2) вентральды ұзын байлам (ligamentum longitudinale ventrale), соңғы
көкірек омыртқаларының вентральды қырларынан басталып, құйымшаққа 
дейін созылып, омыртқалар денелерін төменгі вентральды қыр жағынан
байланыстырады; 


3) жотаүстілік байлам (ligamentum supraspinal), көкірек, бел, кұйымшақ
омыртқалары жоталық өсінділері үстінде орналасып, оларды өзара 
байланыстырады;


204



107 - сурет. Көрші омыртқалар аралықтарындағы байламдар 
1 — жоталық өсінді, 2 — омыртқа доғасының кесіндісі, 3 — омыртқа денесінің
кесіндісі, 4 — жотаүстіліқ байлам, 5 — жоталық өсінділераралық байлам, 6 — омыртқа 
өзегі, 7 — дорсальды ұзын байлам, 8 — вентральды ұзын байлам, 9 — омыртқааралық
талшықты шеміршек. 


4) желке (ligamentum nuche), шүйде сүйекті, мойын омыртқаларын жəне
көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерін байланыстырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет