К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет242/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

4. Терең кеуде бұлшық еті (m. pectoralis profundus) тоқпан жіліктік
жəне жауырыналды бөліктерден тұрады. Тоқпан жіліктік бөлігі төссүйек 
денесінің артқы жағынан жəне сары шандырдан басталып, тоқпан жіліктің
үлкен жəне кіші төмпешіктерінде, ал жауырыналды бөлігі төссүйек пен 
алдыңғы қабырға шеміршектерінен басталып, қыралды бұлшық еті
шандырында аяқталады. 


Ерекшеліктері. Сиыр мен шошқада бұлшық ет тоқпан жіліктің тек
үлкен төмпешігіне ғана бекиді. Жылқыда, ұсақ малдарда жəне шошқада 
бұлшық ет тоқпан жіліктік жəне жауырыналды бөліктерге бөлінеді. Тоқпан
жіліктік бөлігінің басталуы мен аяқталуы жоғарыда баяндалды. Ал 
жауырыналды бөлігі төссүйек пен алғашқы қабырға шеміршектерінен
басталып, қыралды бұлшық ет шандыры мен тоқпан жіліктің үлкен 
төмпешігіне бекиді.


218



Қызметі. Терең кеуде бұлшық еті аддуктордың қызметін атқарады. Ал 
алдыңғы аяқты алға жылжытып жерге басқаннан соң, ол тұлғаны алға қарай
тартады. 
Бас жəне аддыңғы аяқты тұлғаға бекітетін бұлшық еттер бойынша бақылау 

сұрақтары: 

1. Бұлшық еттер жүйесіне сипаттама беріп, оған тəн қасиеттерді атаңыз. 


2.Мүше ретіндегі бұлшық еттің құрылысы жəне қызметі.
З.Бұлшық еттер қандай топтарға жіктеледі? Оларға толық сипаттама беріңіз. 
4. Бастың бұлшық еттері қызметіне байланысты қандай топтарға бөлінеді? Оларды
жеке-жеке атап, бұлшық еттердің құрылысына жəне жануарлар тұрлеріне байланысты 
ерекшеліктері мен атқаратын қызметтеріне тоқталыңыз.
5. Жауырынды тұлга мен бас аумагына қандай бұлшық еттер бекітеді? Олардьщ 
басталатын жəне аяқталатын жерлерін, жануарлардың түрлеріне байланысты құрылыс
ерекшеліктері мен қызметтерін қайталап пысықтаңыз. 
6.Тоқпан жілікті тұлға мен бас аумағына қандай бұлшық еттер бекітеді? Олардың
басталатын жəне аяқталатын жерлерін, жануарлардың түрлеріне байланысты қурылыс 
ерекшеліктеріңен қызметтерін қайталап пысықтаңыз. 7.Осы тақырыптар мəтініндегі
қазақша-латынша терминдерді сөздікке кошіріп алып, оларды жаттаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет