К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет244/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қызметі. Тым ұзын бұлшық ет бел, арқа жəне мойын аумақтарының
жазғыш бұлшық етінің қызметін атқарады. 


2.Мықын-қабырғалық бұлшық ет (m. iliocostalis) мықын сербегінен
басталып, жеке сіңірлермен қабырғалардың омыртқалық бөліктерінде жəне 
төртінші, бесінші мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінде аяқталады.
Орналасу орындарына байланысты мықын-қабырғалық бұлшық ет өз 
кезегінде бел, арқа жəне мойын бөліктеріне бөлінеді.

Ерекшеліктері. Мықын-қабырғалық бұлшық еттің мойын бөлігі итте
алтыншы, төртінші мойын омыртқаларға, ал шошқада атлантқа дейін 
созылады.

3. 

Бұласырша бұлшық ет (m. splenius) алдыңғы көкірек
омыртқалардың жоталық өсінділері үстіндегі желкенің жалғасынан шүйде 
сүйекке дейінгі желкеден басталып, мойын омыртқалардың көлдеңең
өсінділері мен атлант қанатында аяқталатын жалпақ ет. Бұласырша бұлшық 
етті сыртынан трапеция жəне ромб тəрізді иық-бас бұлшық еттері жауып
тұрады. Бұласырша бұлшық ет өз кезегінде бас жəне мойын бөліктеріне 
бөлінеді.
Ерекшеліктері. Жылқы мен ұсақ малдарда бұласырша бұлшық еттің
мойын

бөлігі
бесінші, 


үшінші,

сиырда бірінші, екінші мойын
омыртқаларының көлденең өсінділерінде аяқталады. Шошқада бұлшық 
еттің бас бөлігі екі тармақталып барып бассүйекте, ал мойын бөлігі атлантта
аяқталады. Итте бұлшық еттің мойын бөлігі болмайды. 


Қызметі. Мойын мен бастың екі жағындағы бұласырша бұлшық еттер
бір мезгілде жиырылғанда, мойын мен басты көтереді. Ал бір жағындағы 
бұлшық ет жиырылғанда, бас пен мойынды өз жағана тарта бұрады.

4. Арқа мен мойынның жоталық бұлшық еті (m. spinalis dorsi et
cervicis) алдыңғы бел, соңғы 5-6 көкірек омыртқалардың жоталық 
өсінділерінен басталып, алдыңғы 1-7 көкірек жəне соңғы 4-5 мойын
омыртқалардың жоталық өсінділерінде аяқталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет