К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Қызметі. Аталмыш бұлшық ет жиырылған кезде, ол жоғары көтеріліп,  өкпені қысады да, көкірек қуысын тарылтады. ҚҰРСАҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ



бет251/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   607
Қызметі. Аталмыш бұлшық ет жиырылған кезде, ол жоғары көтеріліп, 
өкпені қысады да, көкірек қуысын тарылтады.
ҚҰРСАҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

Құрсақтың бұлшық еттері əр түрлі бағытта қабаттаса орналасып,
құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді бірқалыпты жағдайда ұстап тұрады. 
Сонымен қатар, олар жиырыла отырып, ішкі мүшелерді сығып, кекіру, құсу,
нəжіс пен зəр бөлу сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Тыныс алу 
процесіне де қатысады.

1. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті (m. obliquus abdominis
extemus) бесінші жəне алтыншы қабырғалардан бастап, соңғы қабырғаға 
дейінгі, олардың төменгі төссүйектік ұштарының сыртқы жиектерінен
басталып, етті бөлігі сербекке қосымша бекиді. Одан соң ол каудо-
вентральды жаққа қарай қиғаштала бағьпталып, жалпақ сіңірге (апоневроз —
лат. aponeurosis) айналады да, бекіп аяқталатын аумақтарына сəйкес құрсақ, 


сан, жамбас бөліктеріие бөлінеді. Жалпақ сіңірдің құрсақ бөлігі қарсы
жақтың аттас сіңірімен қосылып, құрсақтың төменгі бетіндегі ақ сызықты 
(үйек) — linea alba — құрайды. Апоневроздың жамбас бөлігі мықын жəне
шат сүйектерге бекиді. Сан бөлігі шат төмпегінен бастальт, орган жіліктің 
медиальды бетіндегі шандырмен қосылып кетеді. Еркек жануарларда
құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті сіңірінің құрсақ жəне жамбас 


бөліктері аралықтарында шап өзегінің сыртқы теріасты сакинаша тесігі 
(anulus inguinalis superficialis) орналасады. 


2. Күрсақтың ішкі киғаш бұлшық еті (m. obliquus abdominis internus)
құрсақтың бүйір қабырғасының ортаңғы ет қабатын құрайды. Ол сербектен 
басталып, бұлшық еттік бөлігі қабырға доғасының ішкі бетіне бекіп, бұлшық
еттің жалпақ шандыры құрсақтың вентральды бетінде қарсы жақтың аттас 
бұлшық еті шандырымен байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады. Еркек 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет