К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет248/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

4.Баспалдақты бұлшық еттер (m.m. scaleni) орналасу орындарына
байланысты дорсальды, ортаңғы жəне вентральды бұлшық еттер болып 
бөлінеді. Бұлар қабырғалардың сыртқы беттерінен басталып, мойын
омыртқалардың көлденең өсінділерінде аякталады. 


Дорсальды баспалдақты бұлшық ет (m. scalenus dorsalis) вентральды
тісше

бұлшық
еттен

төменірек,
қабырғаға 
көлденең
орналасады. 
Жануарлардың түрлеріне байланысты ол қабырғалардың сыртқы беттерінен
түрліше басталып, 6 -ыншы мойын омыртқадан 3 -інші мойын омыртқаларға 
дейінгі, олардың көлденең өсінділерінде аяқталады.
Ортаңғы баспалдақты бұлшық ет (m. scalenus medius ) бірінші
қабырғадан басталып, алтыншы жəне төртінші мойын омыртқалардың 
көлденең өсінділерінде аяқталады.

Вентральды баспалдакты бұлшық ет (m. scalenus ventralis) сиыр мен
ұсақ малдарда жəне итте кездеседі. 


Ерекшеліктері. Жылқыда баспалдақты бұлшық еттердің тек ортаңғы
бұлшық еті ғана болады. Ол бірінші қабырғаның арнаулы төмпегінде 
аяқталады. Сиыр мен ұсақ малдарда ортаңғы баспалдақты бұлшық ет 3 -інші
мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне бекиді. Дорсальды баспалдақты 
бұлшық ет екінші жəне төртінші қабырғалардың сыртқы жағынан басталады.

Шошқада дорсальды баспалдақты бұлшық ет 3 -інші қабырғадан, ал

итте екі сіңірлі ұшы арқылы үшінші жəне сегізінші қабырғалардан
басталады. Вентральды баспалдақты бұлшық ет сиыр мен ұсақ малдарда 1 -
інші қабырғадан басталып, 3 -інші мойын омыртқаның көлденең өсіндісінде
аяқталады. Итте аталған бұлшық ет 8 -інші қабырға мен 6 -ыншы мойын 
омыртқаның көлденең өсіндісі аралығында жатады.

Қызметі. Баспалдақты бұлшық еттер қабырғаларды сыртқа қарай
тартып ажыратып, көкірек қуысын кеңейтеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет